Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.


24 июня 2016, 05:54 | 2 530 просмотров


Жолда төтенше жағдайларды болдырмау, сонымен қатар, жеке құрам арасында жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында жол-көлік ережесі білімдері тексерілді.

Мекеменің жеке құрамы арасында көлік айдау тәртібін арттыру және қызметкерлер тарапынан орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін алдын алу жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыстар өткізіледі, оның ішінде көлік тәртібін сақтау, қызметкерлердің жол-көлік ережесі талаптарын мүлтіксіз орындауы, яғни қауіпсіздік белдігін тағу, көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбау, көлік терезесін қараңғыламау туралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатындары жөнінде ескертіліп, әр қызметкерден қолхат алынып, жеке істеріне тігіледі.

Автокөлігі бар және сенімхат арқылы көлік басқарып жүрген қызметкерлердің көлік жүргізуге құқығы барын анықтау мақсатында тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшілерімен және кадр жұмысы тобының қызметкерлерімен ұдайы тексеріліп тұрады.

Автор:
ЛА-155/16 мекеменің №4 жеке ауысым құрамының ТИБКК әділет капитаны Е.Берік