Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері


20 июня 2016, 04:27 | 2 755 просмотров



Талдықорған қаласында 10-маусым күні «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» атты І-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы сүйемелдеуімен өткен бұл шара еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Израиль мен Ресей Федерациясының мамандары, отандық ғалымдар, республиканың практикалық денсаулық сақтау саласының жұмысшылары қатысты. Жиын негізгі пленарлық отырысы Алматы обылысы денсаулық сақтау саласының жетістіктерін баяндайтын «Жетісу өңірінің денсаулығы» бейнефильмінің көрсетілуімен басталды. Конференцияға қатысушыларға аймақ басшының орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев арнайы құттықтау сөзін сөйледі.

«Құрметті,қонақтар! Конференцияға қатысушылар, сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» атты І-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуымен құттықтаймын. Осы халықаралық конференцияның Жетісу жерінде өтіп жатқаны біз үшін мәртебе. Киелі Жетісу жеріне қош келдіңіздер!»

Сөз басында облыс әкімінің орынбасары 5-маусым күні Ақтөбеде орын алған қанды оқиға құрбандарын және жақында ғана дүниеден өткен медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлын бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

«Халықымыз бірінші байлық -денсаулық» деп бекер айтпаған, шынында да адамзат баласы үшін денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Қоғамдық өмірде де саламатты елдің келешегі кең, болашағы кемел. Еліміз 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу, бай-қуатты елдермен қатарлас болу үшін дені сау, білімді, жаңашыл азаматтар керек» -деді аймақ басшысының орынбасары. Сондай-ақ, Бахтияр Әлтайұлы мемелкет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде облыстың денсаулық сақтау жаласы жүйелі түрде дамуын айтып. Медицина қызметкерлерінің қажымай, талмай, еңбек етуінің арқасында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы нәтижелі аяқталғанына тоқталды. Бағдарламаның негізгі индикаторларына қол жетізіліп, көптеген көрсеткіштер бойынша алға да шықты. 2015 жылдың қорытындысы бойынша негізігі индикатор халықтың денсаулық жағдайы облыс тұрғындарының күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығы 71,8-ді құрайды.

«Жыл сайын денсаулық сақтау саласының бюджеті өсіп келеді. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылған, заманауи құралдармен жабдықталған әлемдік стандарттарға талаптарға сай келетін ауруханалар мен емханалар салынуда. Денсаулық сақтау мен емдеудің жаңа әдістері енгізудің мақсатныда медицина қызметкерлерінің біліктілігі Отандық клиникаларда ғане емес, Шетелдерде де атап айтсақ: Ресей, Литва, Израиль, Түркия мемлекеттерінде тұрақты түрде жетілдіріледі. Аурудын уақытылы алдын-алу шаралар облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмекті жақындатудың арқасында ғана ана мен сәби өлімінің, әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанудың және одан өлім көрсеткіштерінің төмендетілді. Ауыл тұрғындарының денсаулығы ереше назар алынған, өйткені облыс тұрғындарының 73% ауылдық жерде тұрады» -деді облыс әкімі атынан тілек білдірген Бахтияр Әлтайұлы.

Келесі құттықтау сөз кезегі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігі уәкілі, медицина ғылымының докторы, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты директоры орынбасары Гүлнар Алдешқызы Жүнісбековаға берілді. Гүлнар Әлдешқызы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрі Тамара Дүйсенованың атынан конференцияға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәтті жұмыс тіледі. Сондай-ақ, ол «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының оң нәтижелеріне тоқталып өтіп, 2015-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасындағы негізгі мәселелерді айқындады. «Денсаулық» бағдарламасы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамытуға бағытталған. Министрлік алдында тұрған негізгі жұмыстардың бірі әлеуметтік-медициналық міндетті сақтандыруды енгізу. Бұл еліміздің медицинасы жұмысын фундаменталды түрде өзгертуге жол ашады, әрі сақтандыру механизмдері медициналық көмектің сапасын артырады деп күтілуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті жетілдіру процесстерінің ұлт саулығы үшін тиімді жақтары айтылды. МСАК жаңғырту, Медициналық көмекті стандарттау және сапасын басқару, Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңығызыдылығын айқындай түсті.

Қазақстан денсаулық сақтау жағдайы, болашағы жайында біраз мәліметтерден кейін сөз кезегі шетелдік қонақтарға берліді. Медицина ғылымының докторы, профессор, РУДН медицина қызметкерлерінің квалификациясын көтеру факультеті деканы Павел Петрович Огурцов Қазақстан денсаулық сақтау саласының инновациялық дамуындағы қуанышын жасырмады. Алматы обылыстық денсаулық басқармасы мен Ресей халықтар достастығы университеті Медициналық институты арасында екіжақты желілік әріп¬тестік бойынша меморандумға қол қойылды. Конференциядағы клиникалық-тәжірибелік мәселелер төңірегіндегі бірінші баяндаманы Экономика жоғары мектеп ғылыми-зерттеу университеті доценті, «Технологии моделирования здоровтья» бас директоры Олег Владимирович Симаков оқыды. «Повышение доступности и качества медицинской помощи в сельских районах за счет использования информационно-коммуникационных технологий» баяндамасында ол ақпараттық технологиялар арқылы медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін, медициналық ақпараттың құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ деректерді заңмен белгіленген көлемде және тәртіпте беру үшін мемлекеттің медициналық-статистикалық жүйелерімен интеграциялау мақсатымен, міндетті түрде барлық клиникалық ақпараттық жүйелерге қойылу маңыздылығын айтып өтті.

Келесі баяндамашы профессор, медицина ғылымының докторы Магомед Алхозорович Газимиев «Ранная диагностика рака простаты в амбулаторно-поликлинических условий» тақырыбында сөз қозғады. Қазақтың қонжайлығына тәнті маман Ресей және Қазақстандағы ерлер денсаулығы, простата катерлігі ісігінің кең етек жаю проблемасына тоқталды. Сондай-ақ, оның алдын-алу, ерте кезден анықтау маңыздылығын айтып өтті.

Кішкентай үзілістен кейін конфернция өз жұмысн одан әрі жалғастырып кетті. Израильден арнай келген дәрігер Александыр Зегерман « Обеспечение интенсивной терапии при критических состояниях в акушерстве» мәселесін тоқатлды. Тель-Авив медициналық орталығы операциадан кейінгі бөлім меңгерушісі, білікті анестезиолог маман өз тәжірибесіне сүйеніп баяндап өтті. Сондай-ақ, Александр Зегерман «Организация травматологической помощи в центральных, многопрафильных больницах в Израиле» деген тақырыпты қозғап, Израильдегі медицина жұмысымен таныстырды. Одан кейін сөзді Павел Огурцов қайта алып, «Лечение хронического гепатита С. Второе дыхание интерферонов» атты баяндамасымен жеткізді. шетелдік мамандардың баяндамаларынан кейін кезекті Отандық дәрігерлер алды.

Республикалық диагностикалық орталығы радиоизатопты диагностика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Омарбекқызы Рысқұлова «Ядерная медицина –современные технологии в диагностике» тақырыбындағы баяндамасында Республикалық диагностикалық орталығындағы радиоизатопты диагностика бөлімінің жұмысына негізделді. Одан кейін де Гүлнар Алдешқызы Жүнісбекованың «Интегрированная модель оказания медицинской помощи при ИМ по РК» баяндамасы еліміздегі медицина өзгешеліктері жайында кеңірек таныстырды. Сонымен қатар, отандық дәрігерлер «Фибриляция предсердий. Оценка риска развития инсульта. Возможности антикогулянтной терапии в профилактике и повторного инсульта.», «Роль антиагрегатной терапии в контроле гемастаза у пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями» тақырыптар пленарлық отырыстың соңғы талқыланған баяндамалар болды.

Пленарлық отырыстан кейін, кардиология, ми қан айналымының бұзылуы, онкология, жарақаттану, ана мен бала, жедел медициналық көмек көрсету бойынша секциялық отрыстармен жалғасты. Баяндамашы мамандар әріптестері үшін мастер-класстар өткізді. Әрбір секциялық отырыста заманауи медицина талабына сай тақырыптар көтерілді. Кардиология секциясында отандық мамандар мен қатар Ресейден келген дәрігерлер де пікір алмасты. Жаңа тың тақырыптардағы баяндамалар ерекше қызығушылық тудырды. Клиникалық медицина саласындағы негізіг әрі өзекті мәселелер талқыға түсті. Секциялық отырыстардан кейін конференцияға қатысушылар қайта бас қосып, атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Конференция жұмысының нәтижесі бойынша резолюция қабылданды. Конференцияның ресми жабылуында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Мархабайұлы Байдуалиев жиналған мамандар үшін алғыс білдіріп, жиын барыстарын қорытындылады. Халықаралық конференция келесі күні өз жалғасын тапты. Конференция шеңберінде шет ел мамандары Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық кеңес көрсетті. Кардиология, ми қан айналымының бұзылуы, онкология, жарақаттану, ана мен бала және офтольмалогия салалары бойынша науқастар қабылданды.

Аталған конференция аймақтың денсаулық сақтау мамандары үшін үлкен мереке іспеттес болды. Ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу алаңына айналған бұл жиын әрбір медицина қызметкері үшін ерекше әсер қалдырды. Қарапайым тұрғындар үшін де пайдасы тиді.

Автор:
Мәдина Омарқұлова