20 июня 2016, 04:26 | 1 710 просмотров
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой ағымдағы жылдың 8-10 маусымында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының ЖИТС-пен күрес мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі отырысына қатысты.
Шараға БҰҰ Бас Ассамблеясының Басшысы Могенс Люккетофт, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ ЖИТС-пен күрес (ЮНЭЙДС) Біріккен Бағдарламасының атқарушы директоры Мишель Сидибе, Нельсон Манделаның немересі, ЖИТС-пен белсенді күрескерлерінің бірі Ндаба Мандела, бас қонақтардан – Буркина-Фасо Президенті Рок Марк Кристиан Каборе, Гондурас вице-президенті Роксана Гуевара, Свазиленд және Уганда премьер-министрлері, Лесото мен Габона вице-министрлері және тағы басқа ресми өкілдер қатысты.
Бірінші күні қазақстандық делегация «ЖИТС эпидемиясын тоқтатудың қаржыландыру көздері: мүмкіндіктер аймағы» атты жоғарғы деңгейдегі пікірталасқа қатысты. Шарада ЖИТС эпидемия көрсеткіші жоғары, сондай-ақ, аталған ауру аз таралған елдердегі сырқатты жою бойынша стратегияны жүзеге асыруға бағытталған негізгі ресурстар көлемін бөлу мәселелері талқыланды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөз сөйлеген Алексей Цой Қазақстанда ЖИТС инфекциясын емдеу мемлекет қаржысы есебінен іске асырылатынын атап айтты.
Ол Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттары: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен жеке меншік иесіндегі медицинаны дамыту, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасының негізі болып табылатын медициналық ұйымдардағы корпоративті басқаруды енгізу мен Медициналық қызметтің сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру туралы баяндады.
Сонымен қатар, Алексей Цой мен Орта Азия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі ЖИТС/АИТВ бойынша БҰҰ Бас хатшысының Арнайы уәкілі Мишель Казачкиннің екіжақты кездесуі өтті. Оның барысында ынтымақтастықтың болашақтағы басым бағыттары талқыланып., сонымен бірге, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ЖИТС-пен күресу бойынша жетістіктері атап айтылды.
Арғы күндері БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Алексей Цойдың қатысуымен Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі және Швейцария, Германия, Норвегия, Румыния, ДДСҰ, БҰҰ-ның нашақорлық пен қылмыскерлік бойынша Басқармасы, БҰҰ АИТВ/ЖИТС-пен күрес Біріккен бағдарламасының делегацияларының ұйымдастыруымен «АИТВ мен нашаға қарсы ғылым: заманауи жағдай» тақырыбында сайд-ивент өтті.
Қазақстандық делегация Орта Азия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі ЖИТС/АИТВ бойынша БҰҰ Бас хатшысының Арнайы уәкілдігінің кеңсесімен бірлесе отырып «Шығыс Еуропа және Орта Азия елдеріндегі АИТВ мен туберкулез» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырды. Шараға Армения Денсаулық сақтау министрі Армен Мурадян, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында БҰҰ қатысушы-елдері ЖИТС-пен күрес бойынша Саяси декларация