Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ІШІМДІК ҚОЛДАНБАЙТЫН ҰЛТ»НЕМЕСЕ ЖАРНАМАНЫҢ ТАУСЫЛМАЙТЫН ЖЫРЫ


22 апреля 2010, 22:18 | 2 051 просмотр



Жарнама жайында, әсіресе, оның мемлекеттік тілдегі мәтіндерінің ора­шолақ, кейде тіпті түсініксіз екендігі жайында соңғы кездері жазбаған газет жоқ десек, қателесе қоймаспыз. Бірақ тиісті орындар тарапынан бұған әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмай келеді, тіпті көңіл бөлінбей отыр деуге болады.

Сонда қалай болғаны? Қазақ ішетін нәрселерді, мысалы судан бастап сүт пен айранды, қымыз бен шұбатты, шырынмен шалапты және жалпы сусын атаулыны қолданды деп айтатын ба еді? Бір сәт көзге елестетіп көріңізші: біреу сізден «қымыз қолданасыз ба?», «шұбат қолданасыз ба?», «шарап қолданасыз ба?» деп сұраса не дер едіңіз? Иә, қолданамын деп жауап берер ме едіңіз? Ішімдік те сол сияқты сұйықтық емес пе? Оны не ішеді, не ішпейді емес пе? Ал қоғамға «дені сау» деген анықтама жараса қояр ма екен? Бұл тіркес адамға ғана айтылмайтын ба еді? Мысалы, «Қарағым, айналайын, денің сау ма…» деп басталатын халық әнінде айтылатыны сияқты.

Францияда жарнама қате жазылса, оның иесі 5 мың еуро айыппұл төлейді екен. Ендеше, біз тәуелсіз еліміз де жарнамаға қалай болса солай қарайтындарды, ана тілімізді бұрмалап отырғандарды тым болмаса тәртіпке де шақыра алмаймыз ба?

Автор:
Тау ШҰБАР