20 мая 2016, 05:23 | 2 625 просмотров
Қазіргі таңда әлем халқының екіден бірі Вконтакте, Whatsapp, Instagram,Skype, Periscope тағы да басқа әлеуметтік желілерде отырады. Енді бұл желілердің пайдасы мен зиянына тоқталып өтсек.
Әлеуметтік желілердің пайдасы жайлы айта кететін болсақ, мысалға, адамдар әлемнің әр нүктесінде жүрсе де, бір-бірімен әр уақыт сайын хабарласуларына мүмкіндіктері бар. Достарыңызға немесе туыстарыңызға хат жолдау үшін конверт пен марка сатып алудың қажеті жоқ. Тіпті , көргің келген адамды ешқандай кедергісіз Skype желісі арқылы қоңырау шалып бейне қоңырау арқылы көруге болады.
Ең басында олар тек музыка тыңдау, кино қарау, жаңалықтармен таныс болу мақсатында қолданады. Кейіннен қалай тәуелді болғанын байқамай жатады. Және де, осы әлеуметтік желілердің салдарынан отбасылардың төрттен бір бөлігі ойраңдалып, ажырасып жатады. Онымен қоймай, бұл проблема мекемелерде жұмыс жасайтын адамдарға да өзінің кері әсерін тигізеді. Өйткені, кейбір жұмыскерлер жұмыс уақытысында сол сайттарды жұмыс барысымен емес, әңгімелесу үшін пайдаланады. Тағы бір айта кететін жайт,көптеген адамдардың кітап,журнал оқымағанының әсерінен, сөздік қорының байымауы да осы әлеуметтік желінің кесірінен екен. Виртуалды тілдесу арқылы үйреніп қалған қазіргі жас буын адамдармен шынайы өмірде бетпе-бет кездескенде сөйлей алмай, өз ойларын білдіре алмай қалады. Мүмкін болған мезетті қалт жібермей, интернетке қосылуға тырысады. Компьютер алдына отыра салысымен өзге дүниені, жұмысты, жеке істерін жиып қойып, виртуалды әлемге кіреді. Компьютер ойындары оны нақты өмірден алыстатып, қияли дүние ортасына тарта түседі. Бұл құмарлық асқына келе тәуелділікке ұласады. Ол біртіндеп достарынан, туыстарынан алыстап, көңілі тек интернетті қалап тұрады.
Әлемді жаулап алған әлеуметтік желі арқылы танысып, отбасы құрып жатқандар да бар. Дегенмен, Оксфорд университетінің профессоры Сьюзан Гринфилдтің айтуынша, ажырасып жатқандардың 30 пайызы, ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынастың бұзылуының 36 пайызы осы желілердің кесапаты болып табылады екен.
Ең жаманы, әлеуметтік желі адам өміріне де қауіп төндіруә мүмкін. Оған мысал, Астана қаласында бір қыз әлеуметтік желі арқылы танымайтын, өзінен бірнеше жас үлкен адаммен танысып, соңында қайғылы қасіретке душар болды. Тағы бір дәлелдеме Ақтөбе қаласындағы желіні қолданушы 14 жасар қыздың өлімі осы желіден болған. Жас қыз желі арқылы бір қызбен танысып,қонаққа шақырған соң, үйіне барған. Екеуі үйінде отырған кезде, қонақ қызды телефонның сымымен буындырып өлтіріпті. Оған қоса ғаламда шамамен 100 адам өзінің қалдырған хаты үшін өз-өзіне қол жұмсап, өмірлерімен қош айтысыпты. Жастардан ұялы телефонын сұрасақ, бермеуге тырысады немесе құпия кодпен қамтамасыз етіп қояды. Осының бәрін ата-ана қадағалап, баласының не істеп жүргенін, сонша уақыт кіммен тілдесетінін, әрі оқуына кедергі келтірмейтініне көз жеткізгені абзал. Ал Австралияда ата-аналар Facebook, Twitter іспеттес әлеуметтік желілер жас жеткіншектерді ақымақ қылады деп дабыл қағуда. Осы елдегі кибер-қауіпсіздік жөніндегі зерттеулермен айналысатын Telstra компаниясы ата-аналардың қатысуымен сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде, сауалнамаға жауап бергендердің 65 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланатын балалар үй шаруасына немқұрайлы қарап, оқуы нашарлап, интеллектік дамуы төмендейтінін айтады.
Қорыта келгенде, әлеуметтік желінің адам баласына пайдасынан гөрі, зияны басымырақ десек артық айтпағанымыз. Желілерде отырып, уақытымызды бекерге өткізбейік! Одан да желіге жіберген бос уақытты кітап оқып, білімімізді шыңдай түсейік.Дұрысы, өз арамызда яғни,шынайы өмірде әңгімелескен жөн. Себебі, нағыз дос ғаламторда емес, жанымызда жүргенін ұмытпайық! Әр уақытымызды бағалап, қасымыздағы жақындарымызға көңіл бөліп, әлеуметтік желіге деген тәуелділігімізден арылайық!