Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Баламасыз бренд түйе сүтінде Лактоферин сиыр сүтінен 30 есе көп


20 мая 2016, 05:15 | 2 047 просмотров



Баламасыз бренд түйе сүтінде Лактоферин сиыр сүтінен 30 есе көп

Созақ ауданы – Арқамен қойындасып жатқан өңір, Оңтүстіктің теріскейі. Жусан иісі бұрқыраған даласы сырт көзге өңсіздеу көрінгенімен жер асты қазба байлығына бай. Бүгінде Қазақстан уран өндіруден әлемде жетекші мемлекеттердің біріне айналса, Франция, Канада сияқты мемлекеттермен бірлесіп игеріп жатқан уранның негізгі қоры осы Созақта.

Созақ даласын зерттеген геологтар мұнда көгілдір отынның үлкен бассейні бар дегенді айтады. Осындай қазба байлықтарымен қатар Қазақ ордасының алғаш ту тіккен жерінің маң даласы төрт түлікті көбейтуге бірден-бір ы¬ңғайлы өңір. Созақтан Арқаға аттап шықсаңыз бір тамшы суы жоқ, бетінің тұзы шығып бедірейіп жатқан Бетбақдалаға кез келесіз.

Ұлы Отан соғысы кезінде Ста¬лин танктердің сауытын қа¬лың¬¬датуға тапсырма бергенде оны іске асыратын ғалымдардың қатарына ең алдымен Кәрім Мың¬баев тартылған.

Сол Кәрім Мыңбаев ағамыз: «Бетпақтың асты толған кен. Бұл Қазақстанның оазисі, баға жетпес байлығы, біз жақын болашақта игереміз», деген екен. Бірақ, атақты ғалым дегеніне жетпеді. Әуеде жарылған ұшақ ішінде кетті. Қарағандыда өткен мерейтойында Шерағаңның, Шерхан Мұртазаның «иттер, Кәрімді әдейі жарып жіберді ғой», деп егіле күрсінгенін, кіжінгенін естідік.

Сол Бетпақ әлі түсін бермей жатқанымен академик, Мем¬лекеттік сыйлықтың лауреаты Әбді¬рахман Омбаев былай дейді: «Бетпақта жаз бойы жайылған малды Созаққа әкелгеннен кейін бір аптаға жеткізбей сойып алу керек. Өйткені, оның еті жай ет емес, түрлі пайдалы минералдарымен қоректенген дәрумен ет».

Академиктің сөзіне алып-қосарымыз жоқ. Бірақ, оңтүстікте Созақтың жусан жеген малына сұраныс көптігі рас. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов әр аудан, қаланың табиғи ерек¬шелік¬теріне қарай бағыт-бағ¬дарын айқындағанда мол жайылымы бар Созақтың үлесіне мал шаруа¬шылығын өрістету тиген. Та¬биғаты қатал Созақ жерінде жылыжай салу тым қымбатқа түседі.

Айқұш-ұйқыш өзен, тұма бұлақтары жоқ өлкеде тамшылатып суару әдісімен өнім алу қашпаған сиырдың уызына жерік болумен бірдей. Ал жусанды, селеулі даласы төрт түліктің қай-қайсысын өсірсеңіз де аузыңызды ақ май етеді. Ең бастысы, сулы өлкенің су татыған, дәмі аузыңда қалмайтын малындай емес тұзды шөпке піскен малының еті дәрі, ас¬қанда иісі бұрқырап тәбет ашады.

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Созақта сүті мың бір ауруға ем түйе шаруашылығын құруды ұсын¬ған. Шөбі тұзды бірнеше аудан, қаланы атап келіп, түйе сүтін өңдіруге байланысты кооператив құруды тапсырды. Осыған байланысты Созақта Ауыл шаруа-шылығы министрінің жауапты аза¬маттарының қатысуымен үлкен жиын өткен. Аудандағы түйе шаруашылықтарымен таныс¬қан мамандар бір тоқтамға келді.

«Қазіргі таңда, шаруалардың алдында тұрған негізгі мәселе өнімді өңдеу және өткізу екені белгілі. Бұл мәселені шешудің бірден-бір заманауи жолы шаруа¬лардың кооперативке бірігіп, өнім өндіруге, тасымалға кететін шығынды азайту», деген Ауыл шаруа¬шылығы министрлігі мал ша¬руашылығы өнімдерін қай¬та өңдеу департаменті дирек¬торының орынбасары Б. Негма¬шов министрлік тарапынан ауданға түйе сүтін өңдейтін құ¬рыл¬ғыны лизингке беруге болатынын айтты.

Түйе сүтінен жасалатын қы¬мыран, басқаша айтқанда, шұбат адам ағзасына өте пайдалы дәру¬менге бай. Ертеде атақты дәрігер Ибн Сина жағы түсіп қар¬тайып, жантәсілім етейін деп жатқанда шәкірттері, «Ұлы ұстаз, адам баласын болашақта қалай емдеуге болады. Ақырғы сөзіңізді айтып кетіңіз?» дегенде тілі сөзге келмей жатқан ғұлама иегімен көз ұшында жайылып жүрген түйелерді нұсқаған екен.

Созақта әкімнің ұйғарымымен түйе сүтін жинаумен айналысатын кооператив құрылатынын естігеннен кейін осы түйе шаруа¬шылығына ғылымдық жолдағы бар саналы ғұмырын арнаған ға¬лым Мұсатілла Тоқановтың жанай¬қайы тағы да алдымыздан кесе көлденеңдеген.

Ғалымның да ғалымы болады. Кейбір бармақ басты, көз қыстымен жоғары атаққа жетіп алғандар майға бөккен тоқаштай қызара бөртіп, өз буына пісіп жүреді. Сөзінің дәмі жоқ, ғылыми ашқан тұшымды жаңалығы және жоқ. Ал таза ғалым Мұсатілла Тоқановтың жөні басқа. Бұл кісіні түнде шырт ұйқысынан оятып алып, түйе деген қандай түлік, оның қандай пайдасы бар десеңіз бұлбұлдай сайрап қоя береді.

Түйе сүтінің кереметтігіне орай Мұсатілла Тоқанов келтіре¬тін деректер мынадай.

Орыс физиолог-микробиологі И.И.Мечниковтің пікірі бойынша, 95 пайыз созылмалы ауру салдарынан адамның ерте қартаюына тоқ ішектегі шірінді микроорганизмдер әкелетіндігі дәлелденген. Ғылыми клиникалық зерттеулер бойынша ауру мен қартаю ішкі ағзадағы сүт қышқылы же¬тіс¬пеушілігін, интоксикация құ¬былысына байланысты деп есептеген. Асқазан және тоқ ішекте пайда болған шірінді микроорганизмдер әсерінен денсаулықтың әлсіреуіне әкелетін токсикалық метаболиттер (индол, скатол жә¬не улы заттардың туындылары) пайда болады. Мечниковтің зерттеулері бойынша «ағзада сүт қышқылды микроорганизмдер көп мөлшерде болса, басқа шірінді микроорганизмдерінің көбеюіне жол бермейді», сол себепті де адамның өмір жасын ұзарту мен денсаулығын сақ-тау үшін, тамаққа сиыр сүтінен жасал¬ған «қышқыл сүт» өнімі «айран», «йогурт» өнім-дерін күн¬де¬лікті қолдану қажет деп есептеген.

Жүрек-қан тамырлары ауру¬¬лары және қант диабеті (сусамыр) ХХІ ғасырдың індеті бо¬лып табылады. Жүрек және қант диабеті ауруларының туын¬дауы¬ның негізгі факторы болып дұрыс тамақтанбау мен дене қозғалысының болмауы, ол 80 пайы¬з жүректің және ми¬дың ишемиясы ауруларына алып келеді. Дәрі-дәрмектерді пай¬да¬лану ішектің қалыпты микро-фло¬расының пайдалы жұмысына кері әсер етіп, созылмалы қан-та¬мыр ауруларына әкеліп соқ¬тырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақ¬тау ұйымының сараптамалық мәліметтері бойынша, әрбір 10 секундта дүниежүзінде 1 адам қант диабеті ауруынан көз жұмады екен. Болашақта 2050 жылдарда әрбір 2 адам сусамыр дертіне бейім болатындығын ескертеді. Қант диабеті ауруына шалдыққан адамдар инфаркт, инсульттен 5 есе өлім-жітімге бейім болатындығы клиникалық зерттеулермен дәлел¬денген.

Ұлттық ғылым академиясының акаде¬мигі, медицина ғылымда¬рының докторы, профессор, Тағам¬тану институтының пре¬зиденті Т.Шармановтың ғылыми клиникалық зерттеулері бойын¬ша, түйе сүтінен жасалған шұ¬батпен созылмалы өкпе, бауы¬р ауруларын, холециститті, өт жол¬дарының қабынуын емдеуге бо¬латындығы анықталған. Түйе сүтінде табиғи иммунды күш-қуат¬ты күшейтетін, адам ден¬сау¬лығына пайдалы 120 хи¬миялық элементтердің құрамы бар. Басқа жануарлардың сүтіне қарағанда, химиялық құрамы жағынан ана сүтіне жақындау болып келеді. Түйе сүтінің сиыр сүтінен ерек¬шелігі витаминдер мен май түйір¬шіктерінің сіңімділігі өте жоғары. Түйе сүтінен жасалған шұбат адам денсаулығына пайдалы био¬логиялық дәруменді емдік ши¬палылығы бар тағам.

М.Тоқановтың ғылыми зерт¬¬¬теу нәтижелері түйе сүті¬нің витаминдері мен микро¬эле¬-менттері жоғары деңгейде бола¬тындығын анықтады. Бір литр шұбат адам ағзасына тәулік-тік қажетті А, С, В1, В2, D, Е дәру¬мен¬¬дерімен қамтамасыз етеді. Адам ағзасына ең қажетті витаминдер С 5 есе, РР 3 есе, Е 2 есе, темір микроэлементі 10 есе, кальций 1,5 есе, ал ақуыздағы лактоферин ферменті 30 есе сиыр сүтінен артық екендігі дәлелденген. Түйе сүтінің ақуызында иммуноглобулин, лактоферин, емдік антиоксиданттарға ие, иммунды күшейтетін құрамдар, келеңсіз бактериялар мен вирустарды жоя¬тын лактоферин сиыр сүтіне қарағанда 30 есе көп, сиыр сүтінде (0,08 мг/мл лактоферин болса, түйе сүтінде 2,48 мг/мл) ол адамның ағзасында ауру тудыратын бактериялар мен вирустарды жойып, ағзаға күш-қуат береді. Бір литр түйе шұбатының қуаттылығы – 911 ккал, жылқы кы¬мызының қуаттылығы – 528 ккал-ға тең, сиыр айранында 660 ккал бар.

Қазіргі және халықтық меди¬цинаның ұсыныстары бойынша түйе сүтінен жасалған шұбат күнделікті пайдаланған кезде туберкулез, іш құрылысы, бауыр, қан жетіспеушілік, қант диабеті, обыр және Альцгеймер сияқты ауруларды емдеуде қолданылатын бірден-бір емдік тағам болып есептеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шеші¬мімен Еуроодақ, Азия, Аф¬рика, Америка елдерін түйе сүті, сүт қышқылды өнімдерімен қамтамасыз ету шешімі 2006 жылы қабылданған. Түйе өсіретін Қазақстаннан Мавританияға дейінгі елдердің экономикалық күш-қуатын көтеру мақсатында шешім қабылданған.

Міне, түйе сүтінің қасиеті. Біз көз алдымыздағы байлығымызды әлі бағалай алмай жүрміз. Осы түйе сүті, оның сүтінен құр¬ғақ ұнтақ жасауға қабілеті әбден же¬тетін ғалым жайлы жа¬зудай-ақ жаздық. «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырықтың» кері болып жатыр. Мына қызықты қараңыз. Тоқановқа бұған дейін ғылыми жаңалығын сатуды ұсынған Моңғолия, Қытай кәсіп¬кер¬лерінен бөлек, түйені негі¬зі¬нен зообақтан көбірек көр¬ген Еуропа ғалым¬дарынан ұсыныс түсіп жатыр. Авс-триялық KZF Service басқарушы директоры Рихард деген азамат «аптасына 40 тонна құрғақ түйе сүтін дайындап бере аласыз ба?» деп қиылып өтінеді. «Сіз өзіңіздің өніміңізді Еуропа және АҚШ мем¬лекеттеріне сатуға шығаруға бізбен эксклюзивті өкілеттік беруге қол қоюға дайын¬сыз ба?» деп сұрайды.

Ол жазғанға өкпе жоқ. Тоқа¬новтың ғылыми жаңалығын ға¬лам¬тордан оқып, іске қосылған ірі кәсіпорын деп жүрген шығар.

Тоқетерін айтсақ, түйе сүті¬нен жасалған құрғақ ұнтақ Қазақ¬станға мұнайдан әлдеқайда көп табыс береді. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген.

Егер Тоқановтың қолына түйе сүтін өңдейтін ғылыми жаңалығы зор қондырғыға қажетті ақша тауып бере алсақ, онда ол ЭКСПО-2017-ге әлемде баламасы жоқ қа¬зақстандық бренд өнімді қоюға ша¬масы жетер еді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында елді болашаққа қа¬рай нақты қадам бастыратын са¬ла¬ларға басымдық беруді тапсырып отыр.

Расы керек, мемлекеттік ғы¬лыми байқауларда жүлде алып жүрген ғалымдарымыздың жаңа¬лықтарының кәдеге асып жатқаны шамалы. Өйткені, сырттан тасымалдайтын шикізаты көп. Өзімізде өндіруге кәспорындарымыз әзірге дайын емес.

Ал түйе малы – қазақтың бір түлігі, көз алдыңызда жүр.

Біздің талай мәселе көтергені¬міздің әсері болды ма, әлде Еу¬ропа, АҚШ елдерінің түйе сү¬ті-не қы¬зығушылығы әсер етті ме, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ реꬬторы Ж.Мірхалықов М.То¬қ¬¬а¬новтың сүттен құрғақ ұнтақ алу технологиясының алғашқы сатысын іске асыруға грант есе¬бінен 38 млн. теңгедей қаржы бөлуге шешім қабылдапты. Жоқ, ол ақша Тоқановтың қолына берілмейді. Мемлекеттік сатып алу бойынша кәсіпкерлер арасында ойнатылады. Жеңген тарап Тоқановтың ғылыми жұ¬мысына керек қондырғы сатып әпереді. Ал ғалым өндірген құр¬ғақ ұнтағын халықаралық стандарт талаптарына сайлығын анық¬тауға Еуропаның сұратқан мем¬лекеттеріне жібермек.

Бүгінде түйе сүтінен жасалған құрғақ ұнтаққа АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Израиль және Австрия елдері қызығушылық танытып отыр.

Айтқандай, күш-қуатты көте¬ретін препараттарды пайдаланға¬ны үшін WADA Қазақстанның көптеген ауыр атлеттерін жаза¬лады. Оның ішінде қазақтан шық¬қан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қадырбаев та бар. Қазір жасырын емес, спорт аренасында фармокологтардың да жарысы өтіп жатады. Бұл ретте Тибет елінің табиғи жетістіктерін пайдаланатын қытай атлеттері допинг-тесттен аман өтіп жүр. Ғалым Мұсатілла Тоқанов лактоферин препараты ағзаға тез сіңеді, иммунды күшейтеді, допинг-бақылауда көрсетпейді дейді. Лактоферин түйе сүтінде сиыр сүтінен 30 есе көп екендігін ескерсек, спорт саңлақтарынан сүйінші сұрай берсе де болады.

Мұсатілла Тоқановтың тағы бір жаңалығы – геомагниттік тол¬қын¬дардың әсерін зерттеу. Жер астынан шығатын қара энергия нүктесіне түскен адамның істеген ісі оңбай, жындысүрей қалыпта жүреді, ауруға шалдығады.

Ал оны емдейтін жерді Алла тағаланың өзі пенделеріне бер¬ген. Ол – оңтүстіктегі жер асты Ақмешіт үңгірі. Мұнда бойың¬дағы лас энергиядан он-он бес минутта тазарып шыға-сың. Осыған байланысты Тоқа¬новта бизнес-жос¬пар бар. Гео¬магниттік толқын кеселін жоятын Ақмешіт жанынан түйе, бие шаруашылығын ашуға мүмкіндік берсек, Қазақстандағы ең мықты емдеу-сауықтыру орта¬лығы іске қосылар еді.

Облыс әкімі бастамашы бол¬ған түйе сүті кооперативіне қоса¬рымыз осы.

Барымызды бағалай алсақ, түйе сүті қазақтың бағын ашады, бай¬лығын еселейді, денсаулығын нығайтады. Тоқетері осы.

Автор:
Бақтияр ТАЙЖАН