Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мұхаррам (тыйым)


22 апреля 2010, 22:15 | 2 247 просмотров



Мұхаррам – араб тілінде «тыйым салынған» деген сөз. Ертеде шығыс елдері Наурызды «мұхаррам» деп атаған. Оның мәнісі: осы қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салынған. Демек, мұсылман елінде наурыз әдептілік, адамгершілік, пәктік сияқты асыл қасиеттері дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшкленген.

Самарқанның көк тасы

Бұл аңыздың бірнеше түрі бар. Бірінші, аңызда әйгілі астраном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәп 22 наурыз күні күн сәулесі түсенін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді – мыс.

Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба ?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта қөрісіп кәрі-жасы.

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскенг тасы.

(А. Байтұрсынов).

Үшінші, ертеде Наурыз күнінде өз қатесін түсініп, кешірім сұраған қылмыскерлер мен жазаға ұшырағандарға да кешірім жасалатын болған.

Осыдан әз Наурыздың қасиеті мен ізгілік пен жақсылыққа бастайтын ерекше күн екенін білеміз.