Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қос перзенттің қайғысы


23 апреля 2016, 08:21 | 1 257 просмотров



Нәрестелердің шетінеуіне кім кінәлі?

Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының тұрғыны Сұңғат Махамбетов қос бірдей перзентінен айырылды. Қаладан 2-3 сағат уақыт қашықтықтағы ауылда тұратын отбасының бұндай жағдайға душар болуы жергілікті фельдшерлік бөлімше қызметкерлерінің кінәсінен бе, жоқ әлде дер кезінде тиісті шешім қабылдай алмаған ата-анадан ба, әлі беймәлім. Белгілісі, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша тексеру, тергеу жұмыстарының басталып кеткені. Сәбилері шетінеген ата-ана бұған дәрігерлерді кінәласа, ал қарсы жақ оған ата-аналарының салғырттығы себеп болды дегенді алға тартады. Соған орай біз бұл оқиғаны журналистік талқыға салып, бір зерделеп өткенді жөн көрдік.

Екідің ауылының тұрғыны Сұң¬ғат Махамбетов қазіргі меди¬цинаның дамы¬ған заманында сәбилерінің шетінеп кеткені жанын күйзелткен соң, сонау Арқалықтан ат арытып Астанаға арнайы келіп, редакциямызға бас сұқты. Еңсесі пәс тартқан отағасының айтуынша, тұң¬ғышы Ақбота Сұңғатқызы Ма¬хамбет 2013 жылдың 29 нау¬рызында жарық дүниеге келген. Перзентханадан ауылдарына ерекше қуанышпен оралған жас ата-ананың көңілдері араға бес күн салып күрт бұзылып, шақалақтың кіндігінен қан тама бастағаны қатты абыржытқан. Содан тез арада ауылдық фельдшерлік пункттің дәрігерін іздей бастайды. Қырсық шалғанда, ол сол мезет қалаға кетіп қалған көрінеді. Содан Ақботаны өздері Арқалық қалалық ауруханасына жеткізбек болып жолға шығыпты. Алайда сәби кіндігінен тамған қанның көп кетуінен жарты жол¬да шетінеген көрінеді. Сон¬да да сәби денесін мәйітханаға тапсырған. Өлімі туралы меди¬ци¬налық куәлікте жаңа туған сәбидің шетінеуі басындағы алған жарақатынан деген қорытынды шығарыпты. Отбасы мүшелері бұндай қорытындыға өздері таң¬ғалғанымен, бұл мәселе бойынша қозғалған іс тура бір жыл өткен соң жабылған. Өкініштісі сол, іс жабылғанымен ажал апанының есігі ашық күйінде қалып қойған.

Тұңғыштарынан айырылып қалғаннан кейін Сұңғат пен оның жары Назгүл екінші нәрестені сүюді жоспарлайды. Содан араға бір жыл салып, яғни 2014 жылдың 10 ақпанында өмірге Ернұр атты ұл бала келеді. Оның да ғұмыры ұзаққа бармайды. Небәрі бір жас тоғыз айында екпе жасату үшін екі санына салған инеден кейін бала шетінеп кетеді. Сәби әкесінің айтуынша, Екідің ауылдық фельдшерлік пунктінің бөлімшесінің медбикесі Нұргүл Жүнісова 2015 жылы 24 қарашада екпе салғаннан кейін кішкентайы араға үш күн салып, яғни 27 қарашада таңертеңгісін құса бастапты. «Жұмыстан қайтып келгенде есіктен кірген мені көрген Ернұр күлімсіреп жүгіріп шықты, бірақ басын төмен салып аузындағы құсықты шығарып барып соңғы рет тіл қатты. Сондағы бар айтқаны – «су берші», деген сөз дейді отағасы. Суға ауыз тигізісімен өз бойындағы дүлей өзгерістерді сезінгендей-ақ бала көңілсіз күйде төсегіне барып қайта жантайған. Баласының мұншалықты ауыр халін көрген әке бойында бір аландаушылық пайда болады. Жедел түрде таңертеңгісін сағат 10-да ауылдық медбикеге жолығып, мән-жайды айтады. Сұңғаттың қолына белсендірілген көмір таблеткасын ұстатып жібергенімен, жағ-дайды өз көзімен көру үшін ауылдық фельдшер Нұргүлдің өзі де жолға шығады. Әкелінген көмір таблеткасының екіден бір бөлігін баланың шешесі сумен езіп, аузына тосыпты. Оны ішкен бала қайтадан құсқан.

Бұл жерде ескерте кететін бір жайт бар. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің тексеру актісінде берген түсінік¬темесінде ауылдық медбике былай депті: «Мен Жунусова Нургуль Омаровна, маған 27.11.2015 жылғы сағат 10-30-да Ұлық¬¬пан Ернұр Сұңғатұлына ша¬қыру жасады. Шақыру жасаудың алдында Ұлықпан Сұң¬ғат баланың әкесі менен активированный уголь алды, маған ештеңе айтқан жоқ».

Медбике балаға шақырту ал¬ғанын өзі айтып отыр. Сөйтеді де «маған ештеңе айтқан жоқ», деп бала әкесінің сұрағанын қолына ұстата салады. Егер ештеңе айтпаса, онда белсендірілген көмір балаға не үшін қажет деп жауап алмағаны түсі¬ніксіз. Бұл медицинадан хабары жоқ жас ата-ананың қолына скальпель ұстатқанмен бірдей ғой. Әрі-беріден соң ба¬ланың денсаулығын білу оның тікелей міндеті емес пе еді. Мед¬бикенің баланың үйіне бар¬ған кездегі іс-әрекеттері де отағасының сөзімен қабыспайды. Бұл ретте Н.Жүнісова былай деп¬ті: «Мен де артынан баланың үйіне бардым. Бала ыңқылдап ұйықтап жатыр. Баланы тұр¬ғызып қарадым. Ысып-күйіп, іші кепкен, кекіріп қайта-қайта лоқси береді. Мен бір таблетка уголь бердім. Аздан соң бала жобамен 200-250 мл көлемінде құсты. Сосын қызуға қарсы дәрі ектім, дәрі еккеннен кейін баланың жағдайы жақсарды: тынысы жақсы, демалуы біркелкі. Жарты сағат қасында болып, анасына баланың лоқсып құсуы мүмкін екенін ескерттім. Егер сәл мазасызданса, тез арада маған ескертуін өтіндім. 11-30 жұмысыма кеттім».

Балаға, әкесінің сөзінше, белсен¬ді¬рілген көмірді шешесі Назгүл Серік¬қызы берген. Бұл жерде медбике көмірдің бір таблеткасын мен бердім деп отыр. Және де жарты сағат бала қасында болдым деген медбикенің сөзін де әкесі жоққа шығарады. Оның айтуынша, медбике баланың қызуын тексеріп көрместен ине салып, 15 минуттан кейін әсер етеді деп кетіп қалыпты. Біраздан кейін ине салынған баланың еріндері мен қол¬дары және аяқтары көгеріп, мұздай бастаған. Сол мезет абыржыған ата-ана ауылдық медбикені жанұшырып із¬деген. Түскі сағат 13:00-де ауылдық медбикенің үйіне телефон соққанымен, ешкім телефон тұтқасын көтермепті. «Содан көршілеріне хабарласып жүріп, шақырттым. Бұл кезде баланың тынысы тарылып, жүрегі соғуын тоқтатты. Нұргүл үйге сағат 13:30 келді. Келе са¬лысы¬мен жүрегі тоқтап, тыныс алмай жат¬қан балаға ине салды. Бала өмірімен қоштасар сәтте медбикенің қасында болмағанын көрші әйел растай алады»,-дейді бала әкесі.

Ал ауылдық медбике тексеру акті¬сіндегі түсіндірмесінде өзі барған кезде баланың ауыр жағдайын былайша келтіреді: «Мен жүгіріп бардым. Бар¬ғанда көргенім, баланың жағдайы ауыр екен. Аузынан да, мұрнынан да аққан құсықты жалма жан аузын ашып тазарттым. Баланың жүрегі әлсіз соқты. Қол-аяғы тартылып, еріні мен ауызы кө¬герген, мұрның тазартып болысымен қы¬рындатып жатқызып, жамбасына 2 куб магнезий салдым. Бірден қалаға алып шықтым».

Осы орайда қалаға шығар алдындағы жайттарға да назар аударған орынды сияқты. Сұң-ғаттың айтуынша, ауыл мед¬бикесі Ашутасты ауылдық дәрі¬герлік емханасының дәрі¬гері Майра дегенге телефон со¬ғыпты. Және де жедел жәрдем автокөлігінде келе жатып та біреулермен балаға нендей диагноз қоятындығы жайлы сұрастырған. Әрине бұның барлығын тиісті органдар анықтай жатады. Бір таңға¬ларлығы сол, осы кезге дейін сап-сау жүрген баланың екпеден кейін шетінеп кетуі.

Біздің білуімізше, фельдшер Нұр¬гүл Жүнісова 27.10.2014 жы¬лы №09-С-04 тір. «емдеу ісі» жөніндегі маман¬дық бойынша біліктілік санаты беріл¬мейтін мамандық сертификатына ие. Сондай-ақ, ол «Республикалық Меди¬циналық Университеті» ЖШС Қостанай облыстық филиа¬лында «емдеу ісі» мамандығы жөніндегі біліктілігін арттыру циклі: «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра басқару» бойынша 54 сағаттық курсын тәмамдапты. Бұл ретте «Қазақстан Республикасы Ден¬¬саулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің тексеру актісінде атап көрсетілген №610062 амбулаторлық пациенттің меди¬циналық картасындағы кемшіліктерге де назар аударта кеткенді жөн көріп отырмыз.

Атап айтқанда, бала туа салысымен оның қалай тамақтануы жөніндегі ұсыныстар болмай шық¬қан. Болса да оның көлемі бойынша алшақтықтар кездеседі екен. Баланың 4 айында артық салмағы байқалған. Нәтижесінде баланың физикалық дамуы дұрыс бағаланбаған, онда да график тек 5 айлық кезіне дейін жасалыпты. Сондай-ақ, ата-ананың алдын алу екпесіне жазбаша түрдегі рұқсаты болмаған. Ең бастысы, 2015 жылғы 27 қарашадағы амбулаторлық картада баланы қарау кезіндегі диаг¬нозы қойылмағандықтан және емдеу жөніндегі ұсыныстардың болмауынан фельдшердің үйге келіп көмек көрсетудегі сапасын анықтау мүмкін еместігі қорытынды ак¬тіде анық жазылыпты. Осыдан-ақ баланың о бастан дұрыс та¬мақтандырылмағандығын, оны тамақтандыру жөніндегі ұсы¬ныстарда алшақ¬тықтар бай¬қал¬ған¬дығын, арты осындай қай¬ғы¬лы жағдайға әкелгендігін көріп отырмыз.

Ендігі басты мәселе, бұған кім кі¬нәлі екенін анықтау. Баланы бағып-қағу¬да кемшіліктерге жол берді, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алмады деп жас ата-анаға жаба салу қиын емес, әрине. Алайда осы кезге дейін жақсы қалыптасып, өз аяғымен жүрген ба¬ланың аяқтарына екпе инесін салғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап, тұра алмай жатып қалғандығын да қаперден шығармағанымыз жөн. Өткен жылдың 30 қарашасында С.Махамбет қалалық ішкі істер департаментіне арыз жазып, ұлының шетінеу себебін білуді емес, кімдердің кінәлі екендігін анықтауды сұрап шағымданады. Егер ол күмәнданбаса, бұндайға бармас еді. Істің жүргізілуіне көңілі толмаған отағасы Арқалық қаласы прокуратурасына өткен жылдың 22 желтоқсанында та¬ғы шағым түсіреді. Арқалық қала¬сы прокуроры Б.Бекбосынов ша¬ғымды ішінара қанағаттандыру жөнінде қаулы да қабылдаған. Онда «…істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген бар¬лық шараларды қолдану үшін Арқалық қаласы ІІБ-на тергеу әрекеттерін жүргізу үшін нұсқау беру қажет деп есептеймін», делініпті. Және де сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі туралы жәбірленушіге хабарлануы қажеттігі де айтылған.

Бірақ хабарланбақ тұрмақ, тергеу¬шінің өзін табу қиынға соқты,-дейді Сұңғат өз сө¬зін¬де. Телефон арқылы жау¬ап қа¬тылмайтындықтан, тек алдына ғана барып мән-жайды сұ-растыруға болады екен. Онда да іс сот-медициналық сараптамаға тіреле берген. Сондықтан да С.Ма¬хамбетов «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төр-ағасының бірінші орынбасары Н.Хам¬зинге шағымданғаннан кейін ғана сот-медициналық сараптама 2016 жылдың 14 қаңтарында қолдарына тиіпті. Негізінен ол 2015 жылдың желтоқсанында жіберілген көрінеді. Осы істі жүр¬гізіп келе жатқан тергеуші Әсет Камалов куәгер ретінде не көрші әйелден, не мек¬теп медбикесінен жауап алмай, өзге біреуден жауа¬п алғандығы отағасының көңілін күпті еткен. Оның үстіне Н.Жү¬нісованың ағасы Өмірсерік деген кісінің жұбайымен талапкерге нендей себептермен келіп кеткені тиісті орындар тарапынан әлі анықталмай отырғанға ұқсайды. Сұңғат олардың қоқан-лоқы жасағандықтарын айтады. Шынында да солай ма, оны көрген куәгерлер бар ма, ол жағы да тексерілмеген.

Сонымен, 2015 жылғы 28 жел¬тоқ¬сандағы №12-10-14/127 санды сот-ме¬дициналық сараптамада Е.С.Ұлықпанның өлімі құсық массалары жоғары тыныс алу жолдарының саңылауын жабу салдарынан болған механикалық асфиксиядан келгендігі көрсетілген. Бұл жер¬де тағы бір жайтқа көңіл аударта кет¬кенді жөн көріп отырмыз. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Арқалық өңірлік емханасы» КМК бас дәрігерінің орынбасары Сағынтай Әбенова былай депті: «Шешесі мен әжесі өздерін адекватты ұстаған жоқ, сұрай бастағанда Ернардың әкесі құсығы келсе де оны ұйықтату үшін аяғына салып тербеткен, бұл асфикцияға алып келген». Сон¬да, бала ата-анасының егуге жазбаша рұқсат бермегені қайда қа¬лады? Егу алдында нендей шаралар қабылдануы керектігі, оның ішінде құсуы мүмкіндігі, сол кезде аяққа тербетпеу керектігі және өзге де жайттар неге алдын ала пы¬сықталмаған? Пысықталса, неге ол 2015 жылғы 27 қарашадағы жағдай бойынша амбулаторлық картада көрініс таппаған?

Міне, осы күмәнді сұрақтар салдарынан ауылдық медбикенің қызмет көрсету сапасын анықтау мүмкін болмай отырған жоқ па. Осы емхананың бас дәрігері И.Туранина өзінің жауап хатында Н.Жүнісованың іс-әрекеті медициналық кеңес тарапынан қа¬ралып, о баста жедел жәрдем шаралары толық қамтамасыз етіл¬меуіне байланысты қатаң сөгіс жарияланғанын жеткізіпті. Егер сәби белгілі бір аурумен ауырып, ол асқынып жатса, бір сәрі. Мәселе, ауылдық медбикенің екпе салуымен тікелей байланыс¬ты болып отырған ғой. Және де оны ешкім жоққа да шы¬ғара алмас. Істі асқындырып алып, жедел жәрдемді дұрыс ұйымдастыра алмаса, бұл жерде ата-анасының кінәсі қаншалықты дей аламыз. Барлығымыз да тірі пендеміз ғой, қателесуіміз мүмкін, бірақ бұндай қателіктер тиісті бағасын алмаса, ол әрі қарай да жалғаса беретіні заңдылық. Балалардың өліміне осылайша немқұрайлы қарау мемлекетімізге үлкен сын емес пе? Әрине, біз істің жан-жақты қаралғанын қалаймыз және оның әділ де заңды түрде шешімінің болғанын орынды санаймыз. Сондықтан да тиісті орындардың істің анық-қанығын анықтайтындығына сенеміз.

Автор:
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»