Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Еуропалық иммундау апталығы 2016ж».


15 апреля 2016, 04:41 | 1 227 просмотров



2016 жылдың 24 – 30 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Иммундаудағы кемшіліктерді жою» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау мәселелеріне назар аударту үшін Еуропалық иммундау апталығын 2005 жылдан бастап жүргізуде. Бұл шара жыл сайын сәуір айының аяғында, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жоғарылату және барлық Еуропа аймағында иммундауды жандандыру мақсатында жүргізіледі.

Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммундау арқылы барлық жастағы адамдарды сырқаттанушылықтардан қорғау болып табылады. Иммундау миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады және экономикалық жағынан өте тиімді шара болып табылады.

Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті – арнайы алдын – алу шаралары арқылы әрбір адамның сырқаттанушылықтан қорғануға қажеттілігі және оған құқығы бары туралы түсінігін қалыптастыру.

Ұлттық күнтізбеге енгізілген иммундау жүргізілетін барлық жұқпалы аурулардың адам өміріне және денсаулығына тікелей қаупі бар. Мысалы полиомиелит өмір бойына сал болып қалумен, дифтерия – сал болу және миокардитпен, эпидемиялық паротит – бедеулік және қант диабетімен, В гепатиті – цирроз және бауыр обырымен, қызамық жүктілік кезінде – ұрықтың туа пайда болған зақымдалуымен қауіпті. Сіреспеге қарсы екпенің жоқтығынан ересектер мен балалардың шамалы зақымдалуы өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Туберкулез жұқпасына қарсы егілмегендерде көптеген асқынулары бар, мүгедектікке соқтыратын туберкулездің ауыр түрімен сырқаттану қаупі жоғары.

Көкжөтел, полиомиелит, сіреспе, дифтерия, қызылша және эпидемиялық паротит ауруларына қарсы жүргізілетін жоспарлы иммундау дүние жүзі бойынша жыл сайын шамамен 3 млн. адамның өмірі мен денсаулығын қорғап қалады. Сонымен қатар иммундау арқылы милиондаған адамдарды қалжырататын сырқаттан және өмір бойғы салданудан құтқарылады, өмірдің салауаттылығын қамтамасыз етеді.

Вакцинациямен тұрақты және жоғары қамту деңгейінде, сырқаттанушылықтар толық жойылуы мүмкін. Оған жыл сайын 5 млн адамнан артық өлім жағдайына ұшыраған шешек жұқпасының жойылуы дәлел бола алады. Полиомиелит – Еуропа аймағында және Америка континенттерінде жойылған. Бүгінгі күнге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, жақын жылдар аралығында қызылшаны жоюды мақсат етіп қойған.

Вакцинаның көмегі көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, эпидемиялық паротит, қызамық, тұмау, қызылша секілді тек «көне» жұқпалы аурулардан ғана емес, бүгінгі күнгі өзекті жұқпалы аурулардан (пневмококк, гемофильді жұқпа вирус папилома жұқпасы (жатыр ісігі), вирустық В гепатиті) қорғануды қамтамасыз етеді. Сондай -ақ жаңа құрама вакциналарды бір мезгілде енгізу, кішкентай балаларды 5-6 жұқпалы аурулардан қорғайды. Бірақ бүгінгі күнге әрбір 5-ші бала иммундаумен қамтамасыз етілмеген. Оның себебі ата – аналарының балаларын ектіруден бас тартуы болып табылады.

Сонымен қатар заманауи дамыған өмірді екпесіз елестету қиын. Мысалы 90-шы жылдары екпеге қарсыластардың ықпалымен дифтерияға қарсы егілгендердің саны күрт төмендеп кеткен, оның нәтижесі өлім жағдайының тіркелуімен болған өте ауқымды бұрқ етпе жағдайына алып келді. Полиомиелиттің жоқтығынан, эпидемиялық паротит, қызамық, қызылша, дифтерия, сіреспе жұқпаларының сирек тіркелуінен, аталған жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген халық санының көбеюі, бүгінгі күнге қайтадан эпидемиялық таралуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Жоғарыда аталған жұқпалы аурулардың төмен деңгейін қолдау үшін, балалар мен ересектерді 95% иммундаумен қамтамасыз ету қажет. Бірақ ұжымдық иммунитет ешкімді қызықтырмайды, қазіргі заманның адамдарының көпшілігі айналасындағылардың және болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың қамын ойламайды. Қазіргі заманғы өзімшілдік «көне» жұқпалы аурулардың оралуымен, «балалар» жұқпалы ауруларының ересектер арасында таралуымен қайғылы аяқталуы мүмкін. Аллергия, ЖРВИ-мен жиі сырқаттану, созылмалы аурулар, оның ішінде қан диабеті, жүрек ақауы, қан аурулары және тағыда басқалар бойынша медициналық шектеулердің жиілеуі, ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және аталған сырқатпен ауыратын балалардың өмірлерінің нашарлауына өзінің үлесін тигізеді. Аталған аурудың патологиясы бар балалар басқаларға қарағанда қорғауды қажет етеді, себебі жұқпалы аурулар оларда асқынулармен өте ауыр түрде өтеді, дәрі – дәрмек таңдауы да шектеулі. Вакцинаның өзектілігі шешек жұқпасынан басқа барлық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының айналымда сақталуымен негізделген, себебі жаппай иммундаудың нәтижесінде шешек жұқпасы жойылған. Бүгінгі күнге дүние жүзі бойынша полиомиелит және қызылша жұқпаларының бұрқ ету жағдайлары өзекті. Әрине вакцина 100% қауіпсіз болмайды, бірақ вакцинаны енгізгеннен кейін асқыну жағдайы өте сирек кездеседі. Көбінде болуы мүмкін және күтілетін екпеден кейінгі әсерлер кездеседі және ол туралы вакцинаны нұсқаулығында да жазылады.

Республика бойынша тұрғындарды иммундауға ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Сонымен қатар балаларды кепілденген сапалы вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министірлігімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатылып алынады.

2013 жылдан бастап ҚР әкелінген вакцинаның сапасын және қауіпсіздігін бағалау мақсатында әр – бір партиясын міндетті түрде сертификаттау енгізілген.

Әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарға бөлінген шығындардың эпидемиологиялық тұрғыдан тиімділігі дәлелденген, яғни сырқаттанып емделгенге қажетті шығыннан шамамен 10-нан 1000 есеге дейін төмен.

Иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда), заңсыз тұрақтаған халық топтарын, дін қауымдарының мүшелерін анықтап жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундауға медициналық ұйымдарға есепке алу шаралары ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының «Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес жастарына байланысты егумен толық қамту жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Облыстың ұйымдастырылған ұжымдарында ата-аналармен иммундау мәселелері бойынша жиналыстар жүргізіледі. Білімдерін бағалау мақсатында апталық иммундау жүргізгенге дейін және кейін халықтың белгіленген топтарына сауалнама жүргізіледі.

Жергілікті орындарда иммундау мәселелері бойынша халықтың өтініштеріне арналған «қызу байланыс телефондары» қызмет көрсетеді.

Иммунизация тұрғындардың эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай – ақ жұқпалы ауруларды төмендету жолындағы ең тиімді және қауіпсіз әдіс екендігі жүргізілген көп жылдық тәжірибемен дәлелденген.

Балалардың өмірі мен денсаулығына құқығынан айырмаңыздар! Оларға екпе жасатыңыздар!

Автор:
Е. Сыдыманов ҚР ҰЭМ ТҚҚК Алматы облысы ТҚҚ департаментінің басшысы