Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қымбат өмір немесе инфляция 3% құрады


8 апреля 2016, 04:29 | 917 просмотров



Жыл басынан бері елімізде бағаның өскенін бәріміз байқадық. Дүкенге барған сайын бағалар әр түрлі сөйлейтін болды. Азық-түлік алсаң да, басқа керек жарақ тауарларға да бұрыңғыдан көбірек шығындалатын болдық. Бұл біз білетін күнделікті шындық. Ал ресми деректер не дейді? Қазақстан республикасы экономика министрлігі статистика комитетінің соңғы деректері бойынша 2016 жылғы қаңтар-наурызда еліміздегі инфляция 3% құрады. Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2016 жылғы наурыз 2015 жылғы желтоқсанға) 3,2%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге – 3,1%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары адамға бірінші кзекете керек дүние. Азық-түлік бағасы қаншалықты өскені жайлы кеңінен тарқатсақ. Жылдың басынан (2016 жылғы наурыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі қантқа 10,2%, қара шайға – 9,7%, жаңа жиналған көкөністерге – 7,5%, жармаларға – 6,7%-ға, нанға, күнбағыс майына, жаңа жиналған жемістерге – 6,3%-дан, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 5,2%, макарон өнімдеріне – 4,7%, кондитерлік өнімдерге – 4,6%, мәйекті ірімшікке – 4,3%, салқындатылған сусындарға – 4%, консервіленген сүтке – 3,4%, сүзбеге – 3,3%, құс етіне – 3,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 2,8%, жұмыртқаға – 2,7%, балық және теңіз өнімдеріне – 2,4%, шұжық, ет өнімдеріне – 1,9%, 1 сұрыпты ұнға – 1,7%-ға белгіленді.

Келесі кезекті азық-түліктік емес тауарларға берсек. Ресми деректер бойынша баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 9,5%, тұрмыстық аспаптарға – 5%, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдарға – 4,2%, тоқыма бұйымдарына – 4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,8%, жеке қолданатын тауарларға – 3,7% құрады. Автомобильдердің бағасы – 3,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 3,4%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 2,1%, киім және аяқ киімге – 1,9%-ға жоғарлады. Баға бензинге 1,5%-ға төмендеді, ал дизель отынына – 0,7%-ға жоғарылады.

Денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда баға өсімі байқалады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 2,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының – 1,6%-ға өсті. Алыс-жақынға жиі жол жүретін қазақстандықтар да көбірек шығындалғанын білеміз. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 10,8%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 6,3%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 1,8%-ға қымбаттады.

Қымбатшылық қысқан заманда комуналдық қызметтер бағасы да өсті. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтердің өсіміне кеңірек тоқталсақ, кәрізге 9,4%, орталықтан жылытуға – 7%, қоқыс шығаруға – 6,8%, ыстық суға – 6,7%-ға, электр энергиясына, суық суға – 4,4%-дан, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%-ға жоғарылады.

Анаықтама: Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2016 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 36,7%, азық–түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 31,9%–ды құрады.

Автор:
Мадина Омарқұлова