8 апреля 2016, 04:28 | 1 100 просмотров
Алматы облысының мүгедектері күнделікті табыс көзінің болуын, қоғамға пайдалы істерімен өз үлестерін қосуды аңсайды. «Даму Көмек» бағдарламасы аясында табысты кәсіпкерлер өз қол күштерін береді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар Мырзашева Айгуль, Шакарбаева Айжан, Байтулекова Индира, Тулепбергенова Айдана тігін машинасын алып беруге «Даму» қорына көмек сұраған. Олардың әрқайсысы тек қана өзін материалдық тұрғыдан ұмтылып қоймай, өздерін жұмыс істеуге пайдалы екенін дәлелдеу, мүмкіндігі шектеулі адамдар өз рухын үзбейді, керісінше – өзінің әлеуметтік мәртебесін жоғары дамуына мотивациялайды. Бұлардың әрқайсысы тігін саласында тамаша дағдысы бар, өз істерінде жақсы шеберлік көрсетіп ерекше еңбекқорлығымен ерекшеленеді.
Мүгедек Смагулов Сакен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуге қабілеттіліктері бар екенін дәлелдеп қоймай, спортпен шұғылданады. Талдықорғандық саңыраулар қоғамдығынан футбол тобын жинап, жаттыктырады.Қазақстандық футбол алаңдарында жаттықтырушы және спортшы ретінде жақсы нәтижелер көрсетеді. Сакен футбол добын алып беруге өз өтінішін берген, өйткені спорт моральдық ғана емес және адамның спорттық рухын дамытады.
Әрине өз мүмкіншіліктерін жіберіп алмай,әр салада табысқа жетіп, жаңа жолдар мен мүмкіндіктер ашу- бұл үлкен және мақтанарлықтай іс. Сондықтан бастапқы ретінде мүгедектерге кәсіпкерлік бастамасында көмек көрсету маңызды. Осы кезекте өз қайрымдылық көмектерін «Status Plast» ЖШС нің коммерция саласының директор орынбасары Айтжанов Б.Е. және «Шалов» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Шалов Д. Бүгінде олар мұқтаж азаматтарға тігін машинасымен футбол добын табыстап әр бір жаңадан бастаған бастамаларға сәттілік тілейді. Осы кәсіпкерлер жақында ғана «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алып, өз кәсібін дөңгелетіп, бүгінгі күні «Даму Көмек» бағдарламасы бойынша әр тарапты көмек беруге мүмкіндіктері зор.
Анықтама: Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған. «Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі . «Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.