Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Біздің мақсат туберкулезді алдын алу


1 апреля 2016, 07:22 | 1 229 просмотров



Туберкулез ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін.

Туберкулез айлығына орай Жамбыл аудандық орталық аурухананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары А.К.Сатова, С.Т.Апиеваның ұйымдастыруымен жасөспірімдер дәрігері Д.Ж.Жанабергенова Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бекмуратова Гаухар, мұғалім Өтелбаева Ақмарал оқушыларының туберкулез ауруының алдын алу айлығына орай дайындаған көріністерімен концерттік бағдарламаларына қатысты. Осы тақырып аясында Абай атындағы гимназия-мектепте мұғалім Молдабаева Н.С. “Туберкулез ауруын алдын алу ” айлығына орайластырылған оқушылар арасында дебат сабақтары өткізілді . Сынып сағаттары Жамбыл атындағы орта мектепте Жылқыбаева Д.С., Искакбаева Т.Т. ұстаздардың ұйымдастуруымен өтті. Белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен және блакноттармен марапаттады.Ал “Ұзынағаш” медицина колледжінің ұстазы Оразымбетова А.Н.-ың ұйымдастыруымен “Қазақстан туберкулезден азат ел” тақырыбында медицина колледжінің және Жамбыл атындағы кәсіптік колледжінің студенттер арасында КВН сайысын өткізді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен , блокноттар, сағаттармен марапатталды. Ал Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектептің Изимхан Т, Абилдаев Т. дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп осй айлыққа байланысты “Дені саудың жаны сау!”- ұранымен 5-8 сынып оқушылар арасында футболдан жарыс өткізді. Жеңімпаздар кубоктармен марапатталды. Жамбыл аудандық орталық аурухананың СӨС кабинетінің дәрігері Г.Т.Хасенова, Фтизиатр дәрігер Суртаева М.К, Орталық аурухананың орынбасары Арынова Г.О., аудандық тұтынушылардың құқтарын қорғау басқармасының эпидемиолог дәрігері Абишев А.М. мамандардың қатысуымен Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектепте медицина қызметкерлер арасында «Туберкулез ауруын алдын алу айлығына» байланысты семинар өткізді. Орталық емхананың учаскелік терапевт және педиатр дәрігерлер бекітілген мекемелерде және мектептерде, колледждерде «Біз туберкулезді тоқтаталамыз!» атты бейнефильмдер көрсетіліп, ақпараттық парақшаларды таратылды. Жамбыл аудандық орталық ауруханадан арнайы топ құрылып флюорография автокөлігімен ауылдарға, мекемелерге шығып флюорография тексерумен қамтыды.

Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез туралы білімін қолданатын кез келген адам тоқтата алады.

Автор:
Жамбыл аудандық орталық аурухананың СӨСҚ кабинетінің дәрігері Хасенова Г.Т., Аудандық фтизиатр дәрігер Суртаева М. К.