Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бүкіл өмірін қарулы қақтығыстар жағдайында 87 млн бала өткізді


25 марта 2016, 11:56 | 1 660 просмотров


Жеті жастан кіші 87 млн-ға жуық баланың бүкіл өмірі қарулы қақтығыстар жағдайында өтті. Бұл олардың ақылының дамуына кері әсер тигізеді. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлім етті. «Қақтығыстардың ортасында өмір сүретін балалар қатты күйзеліске ұшырайды. Бұл жағдай мидың жүйке жасушалары арасындағы ауысымды тежейді. Бұл зияткерлік, әлеуметтік және дене бітімінің дамуына кері әсерін тигізеді», делінген ЮНИСЕФ хабарламасында. ЮНИСЕФ — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры. ЮНИСЕФ қызметінің негізгі мақсаты — балалардың қауіпсіз, салауатты және бақытты балалық шаққа деген құқықтарын қорғау және бала құқықтарына қолдау көрсету.

Әлемдегі қарулы қақтығыстар санының азаймауына орай, соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер мен топтар ұл балалар мен қыз балаларды әскер ретінде ерікті түрде немесе күштеп тартуды. Әсіресе жинаушылардың жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбіне мектептен, көшеден я болмаса үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар әкетілгеннен кейін оларды түрлі әдістермен пайдаланады. Олардың басым бөлігі соғыстық әрекеттерге, барлаушы, байланысшы, тасымалдаушы, малай ретінде, сондай-ақ, құрлықтағы миналады орнату мен қатерсіздендіру үшін пайдаланады.

Соғысқа тартылған және қарулы қақтығыстар барысында пайдаланылатын балаларды дәл саны белгісіз. Дегенме де, зерттеулердің мәліметтеріне сай әлемнің әр түрлі елдерінде болып жатқан 30 қақтығысқа 300 мыңға дейін әскер-балалар қатысуда нақты санын ешкім білмейді. Бұл балалардың басым көпшілігі соғысқа тартылған немесе әскерге күшпен әкетілген – жасы әлі 10-ға толмаған кейбіреуі көбіне солардың өздерінің отбасыларына немесе қауымдастықтарына қарсы бағытталған сұмдық қатыгездік әрекеттердің куәларына немесе қатысушыларына айналып жатады.

Автор:
ЖД ақпарат