25 марта 2016, 11:50 | 1 739 просмотров
Туберкулез қоздырғышын ең бірінші рет неміс микробиологы Роберт Кох 1882 жылы 24 мартта ашты, содан бері- 130 жылдан астам уақыт дүние жүзі ғалымдары тынбай, үздіккіз күрес жүргізсе де, әлі күнге дейін туберкулезбен ауырған адамдар саны азаяр емес, керісінше соңғы 15-20 жылда Шығыс Европа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде туберкулездің төзімді түрі тез тарап келеді, яғни туберкулезге қарсы қолданатын дәрілердің көпеген түріне төзімді түрі (изониазид, рифампицин, этамбутлол және стрептомицинге).(Орысша: множественная лекарственная устойчивость-МЛУ). Экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар жоғарыда аталған мемлекеттерде ХХ ғасырдың аяғында денсаулық сақтау саласына зиянын тигізіп, қаржыландыру мардымсыз болғандықтан, денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін төмендетіп, туберкулезбен ауырған науқастар санын көбейтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын 500000 адам туберкулездің төзімді дертіне шалдығады екен, оларды емдеу қосымша қиындық тудырады және қымбатқа соғады,өкініштісі бұл сырқаттар арасында өлім-жітім жоғары болады. Туберкулездің төзімді түрінің кейінгі жылдары пайда болған түрі- Дәрілерге ауқымды төзімді туберкулез (широкая лекарственная устойчивость), яғни изониазид пен рифампицинге, сонымен қатар фторхинолонондардың(офлаксацин,левофлоксацин, эноксадин) біреуіне және туберкулезге қарсы қолданатын екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) төзімді. Қазақстанда туберкулезге қарсы қызметтің жақсы жолға қойылуына және оның басы- қасында білікті мамандар болуына қарамастан 1990 жылдардағы дағдарыстардан эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеп, соның салдарынан туберкулездің төзімді түрімен ауырған науқастар саны еселеп көбейді. Қазіргі кезде барлық жерде туберкулездің дәрілерге төзімді түрі еселеп өсуде және емдеу көрсеткішіне кері әсерін тигізіп, экономикалық шығынды көбейтуде.
Егерде науқас бұрындары туберкулезге қарсы ем қолданбаса немесе 1 ай мөлшерінде ем қолдану барысында дәрілерге төзімділік анықталса, онда дәрілерге төзімділіктің алғашқы түрі деп аталады. Егерде науқас туберкулезге қарсы емді 1 айдан артық қабылдағаннан кейін анықталса немесе қайталап емделу барысында анықталса, онда дәрілерге төзімділіктің қайталанған түрі деп аталады. Туберкулездің төзімді түрінің жұғу жолдары туберкулездің кәдімгі түріндей ауа арқылы жұғады, әсіресе жақын отырып қатты сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде, сондықтан науқас адамның мұрын мен ауызды бүркемелеуі, көрінген жерге қақырынбауы өте қажет. Адамдардың туберкулезбен ауыру қаупі немесе жұқтыруы сау адамдардың туберкулездің ашық түрімен ауырған науқастармен жиі-жиі және ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғанда арта түседі. Туберкулездің төзімді және кәдімгі түрін жұқтыру кез келген жаста болуы мүмкін, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қорғаныс қабілетінің әлсізденуі ( жеткіліксіз тамақтану, жиі-жиі қатты тоңазу, қант диабеті, АҚТҚ т.б ), яғни екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтepiлуi, тершеңдік, тәбеттің нашарлауы, жүдеу, себепсіз шаршау, кеуде тұсының ауыруы, қан аралас қақырықтын түсуі. Жоғарыдағай белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерлерге қаралу дұрыс шешім.
Туберкулездің төзімді түрін болдырмаудың жолдары; туберкулездің кәдімгі түрінмен емделетін науқастарды сапалы емдеу; емделу кезеңдерінде науқас белгіленген дәрілерді аяғына дейін үздіксіз және тыңғылықты қабылдағаны абзал, сонда дәрілерге төзімділік пайда болмайды, сол үшін барлық емханаларда, туберкулезге қарсы диспансерлерде науқастар дәрілерді медицина қызметкерлерінің қадағалауымен қабылдауы керек.
Туберкулез неғұрлым ерте анықталса- емдеу нәтижесі соғұрлым сәтті болады.