Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұжымыммен мақтанамын


25 марта 2016, 11:47 | 1 842 просмотра



«Жәрдем» республикалық-медициналық апталық газетінің алғашқы санының шыққанына, міне, 10 жыл толып отыр. Осы онжылдық ішінде газет дамудың даңғыл жолына түсіп, Жәрдемнің ақпараттық айдынында өзіндік орнын тапты. Газеттің онжылдық тарихы – медицина қызметкерлер тарихының ажырамас бөлігі. Жәрдем медицинада болып жатқан жаңалықтардың жаршысы ғана емес, оның өзіндік жылнамашысы болды десек те артық айтқандық емес. Бұған он жыл бойы шығарылған газет тігінділерін парақтағанда көз жеткізуге әбден болады. Бұл басылым оқырмандар қауымына, медицина қызметкерлеріне конкурс жариялап отыр. Конкурстың талабы бойынша үздік әр медициналық мекемемен қызметкерлері жайында еңбектері жарияланып, жүлдесі айқындалады. Сол жүлделі орындарға үміткер Сағабүйен ауылдық емханасы.

Ұжымыммен мақтанамын

«Адамзатқа шапағат жасау-мейірімділік пен батырлық шыңы» «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»,Бірінші байлық денсаулық»деп қазақ бекерден айтпаған.Сондықтан әрбір дәрігер,орта буын медицина қызметкерлері осы даналықты жадында ұстау қажет,тек дәрігерлер ғана емес,барша халық осы даналықты негізге алуы керек.

Сағабүйен ауылдық емханасының тарихы 1982 жылдан басталады. Бүгінде құрылғанына 34 жыл толайын деп отырған мекеме ауыл халқына алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетеді. Осы уақыт ішінде адам денсаулығының арашасы ретінде емхана қызметкерлері тұрғындарды емдеуде өз үлестерін молынан қосып,сондай-ақ өзіндік дәстүрі бар ұжым болып қалыптасты. Мамандардың кәсіби дәрежесін көтеру,жетілдіру,заманауи құрал-жабдықтар тарту кеңінен жүргізіліп келеді. Біздің емханада,3фельдшерлік пункте 21 адам жұмыс жасайды.Үлкендерді қабылдау,балаларды қабылдау,балаларды егу,акушерлік, 5 төсектік күндізгі ем алу бөлімі, егу бөлмесі, дәрі-дәрмек сақтау, клиникалық зертхана бөлмелері бар.Емхана қажетіне арналған санитарлық автокөлік бар.Күнделікті 25 адам қабылдауға арналған емхана 2215 ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді.Жылына орта есеппен 15-16мыңнан астам адамдар қаралып ем,кеңес алады.Медициналық көмектің сапасы білікті мамандарсыз алға жүрмейді. Емханада жоғары категориялы 2 дәрігер, 1акушерка, 12 медбике, 6 кіші буынды қызметкерлер жұмыс істейді.Әрбір 5 жыл сайын мамандардың барлығы білімін жетілдіреді.Осы аталған мекеме алғаш ашылған күннен бастап қызмет жасаған Жаманбаева Шолпан, Иманғалиева Сара,Усманова Әсия, Ақмолданова Дания,Сарыбаева Гүлімжан, Нұрмұханбетова Сара, Алиева Күләнда апайларымыз қазір еңбек демалысында, өмірден өтіп кеткен Шолпан,Әсия,Дәния апайларымызды құрметпен еске алып отырамыз. Қазіргі кезде еңбек етіп жүрген Гүләйім, Гүлнар,Назгул, Бағдат, Лида, Гүлбақыт, Мұрат талайдан ел құрметіне бөленіп жүрген жандар.Әйгерім,Ғазиза,Назым,Мөлдір орта буын мамандар болса Фариза,Айжан,Бахтияр кейінгі жылдарда қатарымызға келіп қосылған жас мамандар. Олар Ұлттық Бірыңғай Денсаулық сақтау жүйесі бағдарламасы бойынша дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлер науқастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,осы жүйе бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде науқастар ауруханаға жатқызу жедел және жоспарлы түрде портал арқылы жүргізіледі. Қазір жоспарлы түрде ем алатын науқастар саны өскен. «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде»деп дана халқымыз айтқандай, медициналық алғашқы көмекке уақтылы жүгіну-ауруды асқындыруға жол бермейтін бірден-бір амал. Ана мен бала өлімі, туберкулез онкологиялық аурулар, жүрек қан тамырлары ауруларының алдын-алу денсаулық сақтау саласының ішіндегі басты бағыттар болып саналады.Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу үшін скрингтік тексеру жургізіліп анықталған науқастарды уақытында емдеп, инфаркт,инсульт аурулары болған жағдайда дереу тромбты ерітетін дәріні жасау,ЭКГ аппаратын, дефебриллятор аппараттарын қолдануды барлық, қызметкерлердің толық игеріп білуін терапевт-дәрігер Сағымбекова Б.Б,фельдшер Балықбаева Г.К қадағалап отырады. Ана мен баланың денсаулығын қадағалап жүктіліктің қалыпты өтуін,балалықтың бал дауренінде балалар ауырмай,шаттықта,денсаулықтары мықты болып өсуіне Назгул, Гүлаиім, Назым,Әйгерімдердің сіңіріп журген еңбектері орасан зор. Жергілікті тұрғындарға да осы жерде айтып кетер рахметіміз бар.Уақтылы флюрографиялық тексеруден жылда өтіп, жекелеген топтарда өткізілетін скрингтік бағдармаларға шақырғанда келіп өз денсаулығына көңіл бөліп, жауапкершілікпен қарайтын жаңаша тұрғындар саны кун сайын көбеюде.Өмір болған соң қуаныш пен реніш қатар жүреді ғой. Қуанышымызға орай бізге халықтың көзқарасы жақсы,дәрігерлерге шағым жазып көрген жоқ. Бұл ретте біздің қызметкерлердің біліктілігі мен білімділігін,адамгершілікті биік қоятын қасиеттерін атап өткім келеді.Тәлімгерлер жастарды үйретуден жалықпайды,еңбек өтілі 30-35жыл аралығындағы білікті мамандарымыз баршылық. Аудан,облыс,әлеуметтік қамту және денсаулық сақтау министрлігінен тексерумен келген комиссиялардыңда біздің ұжымның жұмысы жайлы пікірлері дұрыс,жоғары бағалануда.Мен өзімді қатал басшымын деп есептемеймін.Әріптестерімнің әлеуметік жағдайына түсінікпен қарауға тырысамын.Әділ сыншы болуға ұмтыламын.Сабырлы,ақылды,білімді,үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болу,адами қасиеттерімнің жоғары болуы,мен ушін қымбат дүние. Осындай қасиеттерге ие аудандық басшыларымыз Меліс Қалиұлы Кенжебаев,Тыныштықбек Аханұлы Әмірсанин,Әшімғали Құсайынұлы Жумагелдин,Иманғали Бөлегенұлы Мырзашев, Асқар Калиұлы Балтабаевтардың тұсында оң өзгерістер көп болды.Бұл кісілердің ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары, білімді мамандар,білікті басшылар,еңбекқор азаматтар,үлкен тұлғалар екендіктерін әрдайым өзіме үлгі тұтамын.

Өзім жайлы үзік сыр

Туған жерім,кіндік қаным тамған жер-Қарашілік ауылы Т.Тоқтаров атындағы мектептің1-ші сыныбына 1966жылы қабылдандым. Онжылдық мектепті Алматыдағы Республикалық дарынды балаларға арналған эксперименттік мектеп-интернаттан 1976-жылы алтын белгімен аяқтадым.Сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетіне оқуға қабылданып, 1982-жылы акушер-гинеколог дәрігер мамандығын қызыл дипломмен бітіріп, жұмысқа аттандым.Алғашқы қадамым Талдықорған қаласындағы перзентханадан басталды. Бір жыл еңбек тәжірбиесінен өткеннен соң Ақсу аудандық ауруханасының перзентхана бөліміне ауыстырылдым.Аса зор білгір дәрігерлер Рахимбекова Роза,Станова Даметкен, Мукашева Фарида апайлардың тәлім-тәрбиесін көріп, көп нәрсені үйрендім. Осы дәрігерлердің үлгі-өнегесін өміріме азық жасап, әлі күнге кезекті тек қана рахметімді айтып отырамын. Екі жылдан соң жаңадан ашылған Сағабүйен ауылдық емханасына жолдау бойынша келіп,осы күнге дейін осы емханада меңгеруші қызметін атқарып келемін. Дәрігерлікке мен ата-ана жолын қуып,не болмаса біреудің кеңесімен келген жоқпын. Бұл мамандыққа өз қалауыммен келдім. Медицина саласы өте ауыр жол, жауапкершілігі мен қиындығы мол. Бірақ өзінің жүрегіңнің қалауы болған соң барлығына төзесің. Ауруы жанына батып қиналып тұрған адам дұрыс диагноз қойылып, дұрыс ем алған соң жанары шуақтанып,өмірге қайта келгендей болғанын көрген кезде қандай сауапты іс жасағанымды білуі мен үшін бақыт. Сондықтан да мен өз мамандығымды жақсы көремін,сүйемін. Әкем ерте қайтыс болып,анамның тәрбиесінде өстім. Апам Таубаева Кәміш «Қазақ ССРнің еңбек сіңірген үздік мұғалімі»Т.Тоқтаров мектебінде математика пәнінен 44 жыл сабақ беріп,еңбегінің жемісін жеген адам.Өте еңбекқор,қатал талап қоятын,партияның белсенді мүшесі,білімді,рухани оте сауатты кісі еді,бүгінде анамды сағынышпен еске алып отырамын.Жанұямда 4 бала тәрбиелеп өсірдім.Үлкен қызым Меруерт ҚазҰУ-нің филология факультетін,бакалавриат,магистратурасын бітіріп «Бөбек» орталығында мұғалім.Ортаншым Мақпал «Казкоммерцбанкте» финансист ол да бакалавр,магистр атағын иеленген,кіші қызым Маржан өз жолымды қуып Алматы қаласындағы №4 қалалық ауруханада терапевт-дәрігер. Кенжем Қозыайыр 11-сыныпта оқиды.Болашақта заң қызметкері болуды армандайды. Екі күйеу балам Шыңғыс пен Болат, менеджер мен юрист. Екі немерем Санжар мен Қайсардың ерке қылықтарына тоймаймын.Уақыт зымырап өте шығады. Артта қалған 33 жыл еңбек жолыма көз салсам талай оқиғалар еске түседі.

Мамандығым –жүрек қалауым

Мамандығымды жете меңгеру үшін күндіз-түні перзентханадан шықпайтынмын.Аға дәрігерлеріміздің үйретуімен талай аналардың өмірін арашалап, сәбиін дүниеге аман-есен келтіруге себепші болдық.Ауылға келген соң бірден бірнеше мамандықты игеруге тура келді,өзің терапевт,педиатр,хирург,невропатолог,лор деген сияқты.Ол уақытта алыс жайлау,қыстаулардағы малшы қауымына қызмет көрсететінбіз.Үш-төрт күндеп жол сапарға шығып,ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл көмек көрсетіп,оларды ауруханаға жеткізіп орналастырғанша тыныш таппайтынбыз.Әртүрлі қиын жағдайлар да кездесті бірақ соның бәрін төзімділікпен жеңе білдік. Еңбегіміз еленіп бірнеше рет аудан,облыс денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен,аудан әкімінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. Жоғарғы санаттағы отбасылық дәрігермін. Республика бойынша терапевт дәрігерлердің 3ші сьезінің, жалпы отбасылық дәрігерлердің 1-ші сьезінің делегаты болдым. Дәрігер маман ретінде денсаулықтарыңыздың қадірін кеш түсініп жүрмеңіздер дер едім. Келген науқастарға біз алдымен тәртіпті,сосын диета ұстауды ұсынамыз.Диета дегеніміз дұрыс тамақтану тәртібі,ал біз болсақ тамақты тек уақыт болғанда немесе бір тамақтанғанда үш сағат тапжылмай отырып жейміз, содан қан айналымы бұзылып, оған бұрыннан бар денсаулығымыздың кемістіктері қосылады да ауру күшейеді. Қазіргі адамдар сауатты, жан-жақты, ненің жақсы, ненің жаман екендігін біледі. Өз денсаулықтарын қадағалап, уақтылы тексеруден өтіп,дұрыс тамақтанып үнемі физикалық белсенділікте болса аурудың асқынуына жол бермеуге болады .Асқынған ауру әртүрлі дәрілермен, системалармен емделеді.Ол да оңай нәрсе емес. Оның құрамында химиялық заттар бар,бір жағын емдесе екінші жағынан бауырға,бүйрекке әсер етеді. Тағы да бір айтарым жастарда жауапкершілік аздау. Оларды ата-аналар өзіміз жастайынан дайын дүниеге үйретіп аламыз,баланы еңбек еткізіп үйрету керек.Жастар өздерін қатты аяйды. Бұрын босанып жүрген әйелдер мен қазіргілерді салыстыратын болсақ, қазіргі жас қыздар әлсіз, ауыртпалыққа шыдамайды,өздерін аяғандықтан босану процессі ауырлап,бала денсаулығына зиян келеді.Жас балалар компьютердің алдынан шықпайды,уялы телефонмен ойын ойнайды,бұл психологиялық,физикалық жағынан жас организмді әлсіретеді.Неғұрлым таза ауада серуендеп,дала жұмыстарына бейімдесеңіз бала мықты болып өседі.Әл-ауқатымыз өскен сайын еріншектік пен жалқаулық ұлғайып барады.Сондықтан мас күнемдік,нашақорлық дерттері де көбеюде.Бұл заттарға тәуелді болу ағзаның тәндік және психикалық функцияларының қалпына келместей бұзылуына,арты өлімге апарып соғады.Олар өздерін қоғамға және заңға қарсы қояды.Сондықтан ондай заттармен әуестенуді болдырмаудың бірден-бір жолы ешқашанда оларды тұтынбау.Дұрыс тамақтану,уақтылы толық ұйықтау,темекі шекпеу,арақ-шарапқа,есірткіге үйір болмау,физикалық белсенділік таза ауада көп серуендеу,жүйкеге көп салмақ түсірмеу,айналаңызбен сыйласымдылықта болу,пейіліміз бұзылмай,бір-бірімізге қамқорлық жасау денсаулығымыздың дұрыс болуының кепілі дер едім.Республикалық және жергілікті басылымдарды «Жәрдем», «Денсаулық», «Жетісу», «Талдау хабаршысы», «Келбет», «Ақсу өңірі»газет-журналдарынан бүгінгі медицинаның қарыштап дамуы жайында,ең соңғы жаңалықтар,ел өмірінің тынысы мен тіршілігін біліп,өз пікірімізді түйіндеп отырамыз. Осы басылымдарды ұжымымызбен түгел жылда жаздырып,басты мақалаларды талқылап отырамыз. Өткен-кеткен және алда келе жатқан барлық мереке әр шаңыраққа құт-береке,жақсылық,шаттық әкелсін! Өмірлеріңіз жарқын болсын! Денсаулық басты байлық екенін ұмытпаңыздар!

«Жәрдем» анықтамасы

Шолпан Тұрсынтайқызы Бактаева,

Ақсу аудандық ауруханасы Сағабуйен ауылдық дәрігерлік емханасы-меңгеруші. Жоғарғы санаттағы отбасылық дәрігер.

Туған жері: Қарашілік ауылы 1 қаңтар 1960 жыл. Бітірген оқу орны: Алматы мемлеткеттік медицина институты-емдеу ісі факультеті-1982 жыл.

Еңбек жолы: 1982-1983 жыл Талдықорған қалалық перзентханасы-врач-интерн, 1983-1984- Ақсу аудандық перзентханасы –врач акушер- гинеколог,1984- бүгінгі күнге дейін Сағабуйен ауылдық емханасы меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі-34жыл

Жетістіктері: бірнеше мақтау қағаздары-аудандық,облыстық денсаулық сақтау басқармасының,аудан әкімінің 2007 жыл «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»-төсбелгісі

Автор:
Шолпан Тұрсынтайқызы Бактаева, Ақсу аудандық ауруханасы Сағабуйен ауылдық дәрігерлік емханасы-меңгеруші