Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Біздің мақсат – туберкулездің алдын алу!


11 марта 2016, 03:11 | 1 075 просмотров



Туберкулез ауруы бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналды. Бұл ауру оңай жұғатындықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде күн сайын 9 миллионға жуық туберкулезге шалдыққан және 2 миллионға таяу одан көз жұмған көрсеткіштер тіркелуде. Туберкулез ауруының қауіптілігі сонда, ол тек денсаулық сақтау саласына ғана емес, еңбекке жарамды тұрғындардың көпшілігін қамтығандықтан елдің экономикасына да зиян келтіруде. Соған қарамастан, әр аймақтың денсаулық сақтау саласында қызмет ететін медициналық ұйымдарының бірлескен жұмысының арқасында туберкулезден туындайтын ауру-сырқаушылықтан болатын өлім-жітімнің деңгейі біршама төмендеді.

Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Арнайы шеттету немесе қабылданбаған емсіз туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір адам жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді.

Туберкулездің негізгі белгілері: жөтел, кеуденің ауруы, әлсіреу, салмақ түсіру, дене қызуының көтерілуі, жөтел, әсіресе түнде терлеу. Осы белгілерді есте сақтаңыз, оларды біліп жүріңіз – өзіңізді және өз туысқандарыңызды қорғап қалыңыз - өзіңіз қаралыңыз немесе туысқаныңызды емханаға жүгінуге жіберіңіз. Қазіргі таңда туберкулезге қатысты қаралу тегін жүргізіледі.

Міндетті тексерулер: бактериологиялық, рентгенологиялық. Уақытылы қойылған диагноз тиімді емнің жүргізілуіне себепкер болады.

Автор:
ШЖҚ «Талдықорған медициналық колледжі « МКК Емдеу ісі 303 топ студенттері