Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Нәрестелерге сыйлық берілді


4 марта 2016, 03:16 | 3 051 просмотр



АЛМАТЫ. Алматыда Алғыс айту күнінде туылған нәрестелерге сыйлық берілді. Аталған мерекелік іс-шараны «Қоғамдық келісім» мекемесі, ҚХА Алматы қалалық бөлімі ұйымдастырды.

Бүгін №1 қалалық перзентханада 6 нәресте дүниеге келді. Жас босанған аналарға ҚХА Алматы қалалық бөлімінің хатшылық меңгерушісі Маргарита Абдалиева ҚХА тарихы жазылған естелік кітаптарды сыйға тартты.

«Бүгін Елбасы Жарлығымен Алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл мерекенің идеялық мағынасы ҚХА қызметімен, идеясымен мазмұндас келеді. Бұл күні біз қаншама адамға пана болған қазақ еліне, жеріне алғысымызды білдіреміз. Халықтар бірлігінің арқасында елімізде аналарымыз дүниеге сәби әкеліп жатыр. Осы уақыт аралығында 6 нәресте дүниеге келді. Олардың барлығына перзентхана атынан жаңа киім, арнайы сөмке, жеке гигиена заттары берілді», - деді бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Зәуре Датхаева.

Автор:
Қазақпарат