Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сіз сенесіз бе?


26 февраля 2016, 04:18 | 1 124 просмотра



Сіз білесіз бе? «Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, арсыз өтірік және статистика» - деп айтқан екен Марк Твен. «Сандар өтірік сөйлейді, егер адамдар санаса» депті тағы бір ағылшын ойшылы. Бүгін біз жалаң сөзге сенбейміз, нақты статистикалық деректерге негізделген мәліметтерді шындыққа балаймыз. Сіз статистикаға сенеіз бе? Қалай болғанда бұл ресми деректер емес пе? Ендеше сіздің назарларыңызға ресми статистиканың біразын ұсайық. Сену не сенбеу өз құзырыңызда...

-Қазақстанда 2012 жылы дәрігердің орташа айлық жалақысы 113 804 теңгені, ал мұғалімдікі 73 990 теңгені құрады.

-2014 жылы дәрігердің орташа айлық жалақысы 133 104 теңге, ал оқытушыда 84 054 теңгені құрады;

-Қазақстанда 2012 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 101 263 теңгені құрады.

-Жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша соңғы 5 жылда (2008-2012) жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандардың саны 36%-ға өсті, әйелдерге қарағанда ер адамдардың ішінде бұл көрсеткіш көбірек

-2013 жылғы халықты жұмыспен қамту іріктемелі зерттеуінің нәтижелері бойынша жалпы жұмыспен қамтылған халық санының 92%-ға жуығы еңбек жағдайларын қауіпсіз деп санайды.

-2014 жылдың 2 тоқсанында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына келді (5,5%, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7 пайыздық тармаққа төмен).

-2013 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан жалақы мөлшері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің (ТМД) арасында 2 орынды алады: Ресей – 936 АҚШ доллары, Қазақстан – 717 АҚШ доллары, Беларусь – 564 АҚШ доллары.

-2014 жылғы дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 133104 тенге, ал мұғалімдікі – 84 054 тенге құрады.

- Қазақстанда соңғы 5 жылда кедейліктің деңгейі 2 еседен көбірек төмендеп, 2,8% құрады; Кедейліктің ең жоғары деңгейі 2014 жылы 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тіркеліп, 6,1% құрады;

-Қазақстанда 2014 жылдың басындағы мәліметтер бойынша әйелдер саны ерлер санынан 591 мың адамға көп екендігін.

-2013 жылдың алты ай аралығында Қазақстанда 45 дизельді локомотивтері өндірілген

-Қазақстанда ең жоғары кедейлік деңгейі 2013 жылғы 1 тоқсанда 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тіркеліп, 6,69% құрады

-Қазақстанда 2014 жылдың басындағы мәліметтер бойынша әйелдер саны ерлер санынан 591 мың адамға көп екендігін.

-Жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша соңғы 5 жылда (2008-2012) жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандардың саны 36%-ға өсті, әйелдерге қарағанда ер адамдардың ішінде бұл көрсеткіш көбірек

-Егер 2014 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанға келгендерді ұлты бойынша қарастыратын болса, онда бірінші орынды 19 260 келушілер санымен орыстар, екінші орынды 2 191 келушілер санымен украиндар, үшінші орынды 2 152 келушілер санымен өзбектер аладығын. Ал Қазақстанға келетін ұлттардың ішінде ең аз келетін ұлттар австралиялықтар, албандар, словактар, буряттар болып табылатындығын.

- Халықаралық валюталық қормен жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, 2014 жылғы қорытындысына сәйкес, Қазақстан ағымдағы бағада АҚШ долларына шаққандағы ЖІӨ атаулы (абсолютті) мағынасы бойынша әлем елдері аралығындағы рейтингте 47-орынға ие.

- 2014 жылы Қазақстанда орташа алғанда халықтың жан басына шаққандағы табыстың ең жоғары мөлшері Атырау облысында (134 743 теңге) белгіленді.

-2014 жылдың 2 тоқсанында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына келді (5,5%, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7 пайыздық тармаққа төмен).

- 2014 жылы Қазақстанда орташа алғанда халықтың жан басына шаққандағы табыстың ең жоғары мөлшері Атырау облысында (134 743 теңге) белгіленді.

-Республиканың барлық оқу залдарына (36 915 орын) Лихтенштейннің барлық халқын (36 476 адам) орналастыруға болады.

-2012 жылғы жұмыспен қамтуды іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша барлық жұмыспен қамтылғандардың 7% ғана қосымша еңбекақы төлеу жағдайында көбірек уақыт жұмыс істеуге келісер еді

Автор:
Статистикалық деректер stat.gov.kz сайтынан алынды.