Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жеті ата және жеті ұрпақ атауы жайлы не білеміз?


26 февраля 2016, 10:01 | 12 444 просмотра



Әлем халықтарының салт – дәстүрімен салыстырғанда ұлттық салтымызда ерекше атап айтатын, қасиетті дәстүріміздің артықшылығы баршылық. Жәнеде соның алғы бірінің бірегейі ата – бабамыздан қалыптасып, жалғасқан, бүгінгі медицинаның дәлелдеуінен өткен, жеті аталық ұстаным. Бұл ұстаным бізде жеті атаға толмай ағайын арасында қыз алыспайтын қыз беріспейтіндігі, бұл қазақи қағидалы ерекше бұлжымас жүйе. Ол бірден бір қазақ халқының таза ата тектің, текті ұрпақтың жалғасуын реттейтін дара әлеуетті қасиет. Ұлтымыздың ар алдында асқақ рухани құндылығын паш етіп тұрған ұлттық ерекшелік. Сондықтанда ежелден – ақ қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі ата-ана үшін әулеттік – ұлағаттық қалыптасқан бұлжымас дәстүрі. Әрбір ата-ана баласына жастайынан жеті атасын талдап айтып, кейіндері ержете, жеті атаға толмай, жастардың үйленбеуін зердесіне сап сіңдіріп отыруы тиіс. Арғы жетінші атадан бері қарай тараған аталар өзіңе шейін бір атаның балалары болып саналады ол 1.Жеті ата, 2.Түп ата, 3.Тек ата, 4.Баба, 5.Арғы ата, 6.Ата, 7.Әке. Ал әкеден бастау алып баладан төмен қарай туғандар: ұрпақ деп саналады олар 1. Әке, 2.Бала, 3. Немере, 4.Шөбере, 5. Немене, 6. Шөпшек, 7.Туажат деп аталады. «Бұрында ата тегін үйрету балаға 7-9 жасынан бастап ерекше көңіл бөлінген». Оқулық – қазақ тілі, 5 сынып, 2010 жыл.

Қазақ ұлттық энциклопедиясында былай делінген: өз ата – бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматы үшін – мүдделі міндет. Мұның өзі қазақтардың этноерекшеліктерін танытудағы ең басты ерекшелік осы.

Жәнеде Қазақ жеті атасын білмеген – жетесіз деп ол адамға үлкен мін таққан. Мұндай шартты бұзған әдепсіз табылса өте қатаң жазалап отырған. Бір қаннан тарағандардың некелесуінен: әлжуаз – аурушаң – ақыл есі кеміс – әдепсіз ұрпақ өмірге келетінін жазған» кітап. Ұрпағым саған айтам. Автор Д.Тасмағамбет келіні Алматы 2004 ж. 112 бет.

Ондай іс болғанын көне көз қарияларданда естігеніміз бар: ондайды қатаң жазалап, ең ақыры туған жерінен, елінен аластап қуып жіберген. Дені сау адам үшін мұнан ауыр масқара жаза болама?!

Ары қарай, осыдан бес ғасыр бұрын жазылған Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы (кітап.1996 ж. Алматы Шипагерлік Баян) 148 бет. Өз сөзімен оқиық. Жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне бермек, емшек сүті араласпаса болды дейтіндерге: қандық аңғақтық уылымдық бейім көп болмақ. Аллалық шала жаралымдық туылымдық жаралыстық бітіс, милаулық туылғылар көз көргілігі бұтан дәлелімдік саналығы таппақ. Бұлардан қандық аңғақтық уылмалық туылымдық таптыда балалары тақтамады. Бес – алты жылдан кейін қос жұбай бірінің жетесінде бір кеппелі жер томпаймаға айналмағы парыз болған. Сол қыршындардың ата – анасы оңаша үйде өз арсыздықтарын айтып отырғанында ет құлағыма естілігі қанықтығы жанымды түршіктірмегі шарт болды. Бұл – имансыздық біздің ұрпақтардың басына келмесін балам. Азаматпын деп сәуірікшілеп жүрме деген: ата дәстүріне құлақ аспағандықтарын атап айтып кеткен. Ия бұл тегі үйленетін жастардан жете жөн сұрау оның ата – тегін аты – жөнін іліс шалыс құдандалығына шейін анықтап жан – жақты білуімізге мирас етіп жөн сілтеп аманат етіп тұрған жоқ па!

Бұл бұлжымас ата тектің ұлт тәрбилеу хаһында, елінің берік қуатты болуына ұлы бабалардың биік тәрбие рухына, барлық қоғамда, бұрынғы хандық қауымда баса назар аударып, және оның нақ орындалуына қатаң талап етіп отырған «Керей мен Жәнібек хан ірге тасын қалаған қазақ хандығының тұсында ерекше көңіл аударған мәселе, ол ұлт тазалығы. Саналы ұрпақ салауатты ұлт тәрбиелеуге айтарлықтай мән берілді. Жеті атаға шейін қыз алыспау дәстүрі қатаң қалыптасты» делінген кітап «Елдің алтын тұғыры» Алматы облыстық ардагерлер ұйымы 2015 ж. 23 бет.

Әрине жеті ата атауынан қазақта тамыры терең үлкен ұлттық ұлағатты шежірелік жүйе екенін, оның ұлы қазақ өміріндегі маңыздылығын біршама баяндап өттік. Алайда осы уақытқа шейін жеті ата – жеті ұрпақ таратуда әліде быраз ауытқулар бар сияқты. Бір жүйелік болмауы. Жасымнан осы тақырыпқа көп ден қойып, зерделеп тердім, жаздым. Кейіннен 1980 жылдардан бері жол түсіп Семей, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарының талай аудандарында болып, сұрастыра тұрғылықты ауызы дуалы, құлағы түрік қарияларымен кездесіп жеті ата – жеті ұрпақ туралы ойларын біліп, саралап жазып жүрдім.

Бұл атаулар (жеті ата) әрдайым журнал бетінде, газеттерде жазылыпта жүр. Әрине оны құптайсында, оқисың. Артынан біраз аттегенайы бар. Ол әттегенайы сол жеті атаңды біле жүр деп әке, бала, немере деп туажатыңа тоқтайды. Ағайындар – ау бұл жеті ата емес жеті ұрпағың емес пе? Ал енді бірі жеті ұрпаққа туыстық атау жалғап Жүрежат, Туажат, Жұғажат, Жекжат, Шамағайын болып кете береді деп (интернет) жазады. Бізге жеті ұрпақтан артығының қажеті жоқ сияқты. Бүгіндері арамызда жастарымыз тұрмақ, кейбір қарттарымызға жеті атаға кімдер жатады десеңіз ойланбастан өзінен төмен қарай туажатқа шейін шұбырта айтып беретіні жасырын емес. Міне осының бәрін саралай келгенде шығар қорытынды халқымыз жүйелі сөзге зор мән берген. Сондықтанда қазақ қашанда аталы сөзге тоқтаған. Олай болса әңгіме етіп отырған тақырыпта жеті ата деген сөз – анау арғы ата баба деген ұғым түп ата – жеті атамызды меңзеп тұрған жоқ па. Ал жеті ұрпақ деген сөз өзіңнен бала – немере – шөбере туажатыңа дейінге ұрпағымыз емес пе. Барлық ой пікірді қорта келе өз тұжырымым түсінікті болу үшін төмендегі сызбаға көрсеттім қараңыз.

Мінеки әке тең ортада. Екі жаққада бірдей ортақ.

Қазіргі кезде бұл атаулар интернетте бар және де «қазақ халқының тұрмысымен мәдениеті» кітап Алматы 2006 ж. 324 бет. Ежелгі Қазақстан тарихы кітап 5 сынып Алматы 2006 ж. 16 бет. Мұнда жеті ұрпақ атауы бәрінде бір жүйелі сызбада көрсетілгендей бірдей де.

Ал жеті ата атауы бәрінде бірдей емес, сәл ауытқушылық бар деседе мынау дұрыс мынау бұрыс деп баға беруден аулақпын. Ендеше келешек зиялы қауым ойлана – зерттеп ортақ жүйеге келтірсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал сөз соңында айтарым бәріміздің ортақ мақсатымыз – Тәуелсіз елімізге дені сау салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұлы бабаларымыздың дәстүрін айырықша мән беріп бұлжытпай орындау баршамызға ортақ міндет – парыз деп санаймын.

Автор:
Қалымбек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, зейнеткер Нұртас ШАЯХМЕТОВ