Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Келісімдер көп кездесу


22 января 2016, 04:56 | 2 266 просмотров



ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі - ЭЫДҰ) қатысушы елдердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің Парижде өткен кездесуі шеңберінде әріптестермен еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру мәселелері бойынша, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау мәселері жайында бірнеше екі жақты келісімдер өткізді. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Франция астанасында өткен жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлерінің кездесуінде әлемнің 42 елінің өкілдері қатысты. Тамара Дүйсенова және ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі еуразиялық бағдарламаның басшысы Антонио Сомма ЭЫДҰ Еуразиялық бағдарламаны жүзеге асыру және оның аясында орындалатын үш шолу бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті. Сондай-ақ, Қазақстан әлеуметтік саласы үшін оң нәтижелі келісімдер қабылданды.

Тамара Дүйсенованың Францияға жұмыс сапары ЭЫДҰ-ның Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қатынастар комитетінің ұйымдастыруымен өткен форумға қатысудан басталды. Іс-шара аясында жұмыс берушілердің дағдылары мен рөліне қажетті цифровизациялауға, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелеріне, еңбекті қорғауға, жұмыс тетіктерінің өзгеру жағдайында жұмыс күшінің жұмылдырылуына және жұмыс сапасына арналған 3 панельді сессия өтті. Форумға ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гуриа және әлемнің 42 елінің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрліктерінің бірінші басшылары мен өкілдері қатысты. Министрлердің кездесуі барысындағы пікірталаста Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қатынастар директораты талдау және саясат бөлімінің басшысы Марк Киз ЭЫДҰ жұмыспен қамтуды талдау бойынша екі ауқымды жобасын жүзеге асыруға кіріскенін айтты. Бірінші жоба шеңберінде ақпараттандырудың, урбанизацияның және халықтың қартаюы жұмыс күшінің және еңбек нарығының болашағына әсері талданатын болады. Екінші жоба жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігінің ара салмағын талдауға бағытталған. Сондай-ақ, ол Тамара Дүйсенованың мемлекеттік саясаттың басымдылығы жұмыс орындарының саны емес, жұмыспен қамтудың сапасы, жұмысшылардың еңбек нарығында жинақы және өнімді болуға мүмкіндік беретін дағдыларының болуы керек деген пікірін қолдады.

Тамара Дүйсенова Литваның әлеуметтік қорғау және еңбек министрі Альгиманта Пабядинскене және Корея Республикасының Еңбек вице-министрі Джахунг Лимен сол елдерде еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру мәселелері бойынша қолданылатып жатқан шаралар туралы әңгімелесті.

Ирландияның Премьер-министрі–әлеуметтік қорғау министрі Джоан Бартонмен және Швецияның Мемлекеттік хатшысы, Жұмыспен қамту министрі Ирен Веннемомен де кездесу барысында Тамара Дүйсенова еңбек нарығының тұрақтылығын арттыру үшін осы елдерде қабылданып жатқан шаралармен танысты. Ал Швейцарияның Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Мари-Габриелла Иннейхн-Флейш ҚР ДСӘДМ басшысымен өз елінің техникалық және кәсіби білімнің дамуы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Париж қаласында орын алған жиын қатысушы елдер үшін тәжірибе алмасып, өзіндік жетістіктермен бөлісетін орта болды. ЭЫДҰ өкілдерімен кездесу барысында біздің министр «Үш топқа: жастарға, қарт қызметкерлерге және халықтың осал топтарын қорғауға бағытталған саясатты шолу», «Қазақстан үшін ЭЫДҰ денсаулық сақтау жүйесін шолу» және «Қазақстан үшін ЭЫДҰ Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын шолу» жобаларын әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылады.    Сондай-ақ, қазақстандық делегация Париж қаласындағы жұмыспен қамту орталығына барып, онда  ҚР ДСӘДМ мамандары Францияның осы бағыттағы тәжірибесімен танысты.

Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік әріптестері арасында ықпалдастық жөнінде бірнеше келісімдер қабылданды. Соның бірі - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметік даму министрі Тамара Дүйсенова және Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сулейман Соялу әлеуметтік қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті.Тараптар өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтылуға тарту және оларды әлеуметтік қамсыздандырумен қамту мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу, сондай-ақ Қазақстанның протездік-ортопедиялық саласын дамыту туралы келісімге келді.

Әрбір мемлекет үшін зейнеақы мәселесі негізгі болып табылады. Осы тұрғыда Тамара Дүйсенова және Швецияның Жұмыспен қамту министрінің жауапты хатшысы Ирен Веннемо зейнетақымен қамсыздандыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қоюға келісті. Қазақстандық тарап, сондай-ақ Германияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер федералдық министрлігінің өкілі Сюзан Гофманмен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кадрларды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріндегі екі жақты ынтымақтастықты белсендіру туралы келісімге қол жеткізілді. 

Тамара Дүйсенова және Францияның Еңбек, жұмыспен қамту, кәсіби дайындық және әлеуметтік диалог министрі  Мириам Эль Комри әлеуметтік салада ынтымақтастықты жандандыру жөнінде Меморандумға қол қоюға келісті. Одан басқа, тараптар қызмет көрсету саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыруда тәжірибемен бөлісуге келісті. Сонымен қатар, франсуздар Қазақстандағы онкологиялық қызметтін жетілдіруге көмектесетінін білдірді. Гюстав Русси атындағы Онкологиялық институттың бас директоры, профессор Александр Эггермонтпен тиісті келісімдерге қол жеткізілді. Тараптар Қазақстанда онкологиялық аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. Келісімнің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова және Александр Эггермонт Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту мәселелері бойынша серіктестікті ары қарай жалғастыруға, сондай-ақ  Қазақстанның онкологиялық қызметін жетілдіру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру мақсатында Гюстав Русси атындағы Онкологиялық институттың мамандарының Астанаға келуі жөнінде келісті.

Қорыта келгенде, Парижде өткен кездесулер нәтижелі келісімдермен ерекшеленді. Бұл еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік саланы жан-жақты жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашады деп сенеміз.

Автор:
ЖД ақпарат