Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұмауратқан қызметкерлерді жұмысқа жібермеуге кеңес береді


22 января 2016, 04:47 | 1 197 просмотров



Мұндай мәлімдемені ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Кәсіпорын басшылары тұмауратқан немесе Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеулері тиіс», - дейді Ж. Бекшин. Оның айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы - вакцина алу.

«Біз желтоқсан айының ортасына дейін вакцина алып қоюға кеңес береміз. Егер ауру созылып жатса, қаңтар айының ортасына дейін алуға болады», - дейді Ж. Бекшин.

Оның сөзі бойынша, қазір қаңтар айының ортасы болғандықтан, ауру таралуы өршіген, сондықтан тұмауды жұқтырып алмаудың амалдарын жасаған жөн.

«Витаминге толы тамақтан көп жегеніңіз абзал. Лимон, пияз, сарымсақты, итмұрынды асқа жиі пайдалану керек. Сонымен қатар адам көп жиналатын орындарға бармауға, әсіресе ауасы тар, жабық жерлерден аулақ болған дұрыс. Жөтелі бар адамдардан алысырақ орналасып, олардан маска тағуды сұрау керек», - дейді бас санитарлық дәрігер.  

Автор:
ҚазАқпарат.