Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХҚКО хабарлайды


22 января 2016, 04:41 | 1 254 просмотра


«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» жөніндегші мемлекеттік қызметті ХҚКО-тары арқылы, сондай-ақ www.tgov.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қазіргі таңда әрбір адам өзінің зейнетақы жинақтары үшін өз еңбекақысынан 10% Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ)аударады. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңдағы соңғы өзгертулерге сәйкес белгілі бір мамандықтар үшін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушінің есебінен 5% мөлшерде міндетті кәсіби зейнетақы аударымдары қосымша аударылатын болады. Яғни зейнетақы жинақтарына үстеме 5% салымшының жалақысынан емес, осы үшін жұмыс беруші компанияның бюджетінен жүргізіледі.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларын зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабардар ету салымшы таңдаған тәсілге сәйкес жүзеге асырылады:

-Электрондық үкімет порталында онлайн-көшірме алу;

-Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңесіне жеке жүгінуге болады;

-Халыққа қызмет көрсету орт алықтары арқылы (ХҚКО);

-БЖЗҚ сайты арқылы https://cabinet.enpf.kz (Интернет көшірме), пайдаланушының тағайындалған логинін паролін енгізу. Аталмыш тәсіл салымшымен (алушымен) келісімде анықталуы тиіс.

Соңғы нұсқа салымшылар үшін неғұрлым қолайлы, себебі қажеттілік дәрежесі бойынша өз зейнетақы жинақтарын тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттың осы түрін алу үшін салымшыға БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, логин және пароль алу қажет.

Сонымен қатар, алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

Ал порталда, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы арқылы жүзеге асырылады. Егер аталған мемлекеттік қызмет бойынша мәлімет қажет болған жағдайда, ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Автор:
ХҚКО Алматы облысы бойынша баспасөз қызметі