Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында дәрі-дәрмек шығаратын зауыт іске қосылды


22 декабря 2015, 17:42 | 960 просмотров



Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Алматы облысының Іле ауданында бой көтерген жаңа фармацевтикалық зауыттың іске қосылуына рұқсатын беріп, ақ жол тіледі.

Телекөпір барысында «Абди Ибрахим ГлобалФарм» ЖШС бас директоры жеткізгендей, жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млрд дәрі-дәрмек пен капсуланы құрамақ.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов:

- Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Алматы облысында Индустриаландырудың өңірлік бағдарламасының арқасында 2010 жылдан бері 53 жоба жүзеге асырылды. Бүгін міне сапалы, қауіпсіз әрі емдік қасиеті жоғары дәрі-дәрмек шығаратын маңызды нысанды іске қосудамыз. Осы күнге дейінгі жобаның қаржыландырылуы 3,7 млрд. теңгені құрады. Екінші кезеңде, өндірісті ұлғайту кезінде тағы да 9 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады.

Кәсіпорын еліміздің дәрі-дәрмекті сырттан тасуын азайтып, фармацевтика дамуын 10 пайызға арттырып, жетекші елдердің қатарына енуіне мүмкіндік береді.

Зауыт шығаратын қан қысымын төмендететін және туберкулезге қарсы препараттар, қандағы қант құрамын төмендететін дәрілер мен жаңа антивирустық препараттар шығаратын болады. Өнім сапалы, бәсекеге қабілетті, сондықтан да экспортқа шығаруға толық мүмкіндігі бар.

Автор:
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.