Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ


3 сентября 2009, 18:20 | 1 961 просмотр


Егер де өзіңізге, сәбиіңізге аталмыш дәрумен көлемін шұғыл түрде көтеру қажет бола қалған жағдайда оны қара қарақат жемістері мен бауыр құрамынан көп мөлшерде таба аласыз. Сондай-ақ қалақай, бақбық, көк салат сияқты көкөністерде кездеседі.

К дәрумені жетіспеушілігінің салдары көптеген қолай-сыздық әкелуі ықтимал. Атап айтқанда, кіндік, тері, кез, мұрын, өкпе сияқты кез келген ағзадан қан көтеді. Тағы бір белгісі үлкен үлкен дәретке қан араласады. Бұл тәулігіне 3-4 мәрте қайталануы мүмкін. Осыншама қан жоғалтқандықтан бала, әрине, әлсірейді. Дер кезінде шара қолданылмаса, тіпті мүлде қансырап қалуы да ғажап емес.

Қалай емделуге болады? Аталмыш сырқатты арнайы дәрілермен емдеу керек. Өздігіңізден бірдеңен істеп жүрмеңіз. Қажетті емді сізге тек маман дәрігер ғана белгілей алады.

Дегенмен, жағдайды ушықтырып алмас үшін дәрігерлер барлық жүкті әйелдерге С дәруменіне және темірге бай тағамдарды көбірек пайдалануды ұсынады. Ал С дәруменінің табиғи көзі қара қарақат, лимон, итмұрын, түрлі-түсті капуста және картоп болып табылады.

Автор:
Мұсылман күнтізбесі 2006-2007 ж.