Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Денсаулықтан» не күтеміз...?


11 сентября 2015, 10:25 | 1 927 просмотров



Қосылғыштар орны ауысқанмен қосынды өзгере ме?

Қазақстан денсаулық сақтау саласы жақын арада қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауапты министрлік сайтында жарияланған 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жобасынан іздеп көруге болады. Айта кетейік, аталған жоба мәтініне қарапайым халық та өз ұсыныстарымен толықтыруына болады. мемлекеттік бағдарламаның соңғы нұсқасын дайындау барысында халықтың пікірі де ескеріледі. Жаңа бағдарлама «Саламатты Қазақстанның» жалғасы. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарлмасы өз мәресіне жетіп, орнын «Денсаулық» баспақ. Бағдарлама атаулары басқа болғанымен, негізгі мақсаты мен міндеті – денсаулық сақтау саласын жетілдіру. Математикалық ереже бойынша, қосылғыштар орнын ауыстырғанымен қосынды өзгермейді. Десе де, мемлекеттік бағдарламаның жобасын саралап, талдап, танысу артық етпес

Жоба дайындалу барысында...

Жыл басында министрлік өкілдері берген ресми мәліметтеріне сүйенсек, денсаулық сақтау саласының жаңа бағдарлмасы негізгі 4 бағытпен жүзеге асады. Бастапқысы білімді жетілдіру, тәжірибелік базаны нығайту, медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесінде жұмысқа ынталандыруды күшейту, өңірлер, амбулаториялық-емханалық және стационарлық қызметтер арасында мамандар бөлудегі теңсіздікті жою қамтылған. Жұмыстың келесі бағыты - сырқаттанушылықты басқару жүйесін енгізу, аурудың алдын алу, ерте анықтау және емдеуді қарастыратын медициналық көмек көрсетудің бірегей жүйесіне негізделген. Жұмыстың келесі бағыты - сырқаттанушылықты басқару жүйесін енгізу, аурудың алдын алу, ерте анықтау және емдеуді қарастыратын медициналық көмек көрсетудің бірегей жүйесіне негізделген.

Үшінші бағыты - денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту. Жаңа талаптарды есепке ала отырып, кадрлар даярлаудың бес жылдық жоспарының жобасы әзірленеді. Алдағы өзгерістер медициналық университеттер мен колледждердің «Құзырлы орталықтарға» айналуын қарастырады. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің төртінші бағыты - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қазақстанда 2017 жылдан әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл саладағы денсаулық сақтау саласын мемлекет, жұмыс берушілер, азаматтар және басқа да көздерден қаржыландырудың көп арналы қағидатын қалыптастыруға және денсаулықты сақтауға ортақ жауапкешілікті қамтамасыз етеді.Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мен Бүкіләлемдік банк кеңесшілері тартылған.

Сонымен 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жобасының мәтінін зерттеуге көшсек...

Міндеті мен мақсаттары

«Денсаулық» бағдарламасының басты мақсаты -мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету барысында бірнеше міндеттер қаралған. Біріншіден, санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларының профилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттау мен салауатты өмір салтын ынталандыру негізінде халықтың денсаулығын нығайту. Екіншіден, халықтың мұқтаждығына бағытталған, интеграцияланған денсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін, тұтастығы мен сапасын қамтамасыз ету. Үшіншіден,ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Төртіншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін құру.

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі -2016-2020 жылдарға бағытталған және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең -2016-2018 жылдар, екінші кезең -2019-2020 жылдар.

Нәтижесінде не күтеміз? 2021 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұзаруы, ана өлім-жітімінің 2009 жылғы деңгейден 3 есеге төмендеуі, нәресте өлім-жітімін 2009 жылғы деңгейден 2 есеге төмендеуі. Қазақстан Республикасы халқының жалпы өлім-жітімінің 2010 жылғы деңгейден 30%-ға төмендеуі; туберкулезден болатын ӛлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда 3,8-ге дейін тӛмендеуі; - 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру

Бағдарлама жобасының мәтінінде былай деп көрсетілген : «Осы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 3 Жарлығын, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлыжол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауын және «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында әзірленген, денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларының қисынды жалғасы болып табылады».

Іске асыру бағыттары...

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасынның іске асырудың негізгі бағыттары ретінде мыналар көзделген. Біріншіден, халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту. Оның ішінде, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды санитариялық және эпидемиологиялық қадағалау функцияларын интеграциялау жолымен қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру, саламатты тамақтануды насихаттау және саламатты ӛмір салтын ынталандыру.

Екіншіден, МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізіндде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау. Бұл бағытқа алғашқы медициналық көмектің әмбебаптығы қызмет көрсетудің отбасылық қағидасына кезең кезеңімен өтудің есебінен қамтамасыз етілетін болады. Қызмет көрсетудің отбасылық қағидасы ағзаның әрбір жастық кезеңдегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикаға баса назар аударумен, өмір бойына адамның денсаулығына бақылау жасауды көздейді.

Үшіншіден,медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету. Медициналық ұйымдардағы барлық өндірістік үдерістерді стандарттаудың негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық кӛмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді арттыру үшін негіз болады. Сапа стандарттарын енгізу мен тиімділігін мониторингтеуді денсаулық сақтау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, медицина ұйымдарын қосымша жарақтандыру, медициналық көмекті қаржыландыруды жақсарту жолымен қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, ішкі аудит мәселесін жетілдіріп, емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін енгізу мақсатымен құпия аудитті қолдану негізінде ұлттық медициналық қателіктерді есепке алу және талдау жүйесі енгізіледі. Жалпы, медицина қызметкерлері мен ұйымдарының қызметі мен нәтижелерінің айқындығы қамтамасыз етілетін болады; денсаулық сақтау ұйымдары ӛндірістік қызмет нәтижелерін БАҚ-да жариялауға міндеттеледі. Медициналық қызмет сапасын тұрақты түрде арттыру медициналық қызмет берушілерді денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікке ерікті аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етіледі.

Төртіншіден, ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру. Дәрілік заттардың қолжетімділігі одан әрі Қазақстан Республикасы мен Кеден Одағы (ЕЭК) елдерінің аумағында пайдалануға рұқсат ету үшін дәрілік заттарды кешенді іріктеу жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық формулярлық комиссия қызметінің тиімділігін арттырудың негізінде ұлттық формулярлық жүйені әрі қарай дамыту жалғастырылады. GMP стандарттарының негізінде дәрі-дәрмек өндірісінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жүйелік шаралар қабылданатын болады. 2018 жылға қарай ҚР-дағы барлық дәрілік заттар өндірісі толықтай осы стандарттарға өтеді.

Бесіншіден, ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру. Бұл бағытқа негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Яғни, ортақ қаржыландыру тетігін іске асыру үшін мемлекетпен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер саланы қаржыландыруға ортақ қатысады деп көзделген. 2017 жылдан бастап мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін, көп арналы қаржыландыру жүйесімен Қызметке бірыңғай ақы төлеуші базасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылуы жоспарланған. Бұдан кейін әрине, медициналық қызметте тарифтік саясатты жетілдіру маңызды.

Алтыншы бағыт, Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл бағытта кадр мәселесі қарастырылады. Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын үздіксіз кәсіби оқыту жүйесі жетілдіріліп, дамытылады. Ол ұйымның стратегиялық даму мақсаттарымен интеграцияланып, барабар қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесімен өзара тығыз байланыста үздіксіз кәсіби білім алу стандарттары әзірленетін болады. Әрине, медициналық білім беруді жаңғыртуда көзделген. 2020 жылға қарай медициналық білім беру стандарттары, соның ішінде студенттердің ғылыми және клиникалық тәжірибеде білім мен дағдылар алу және ұстап тұруға қажетті деңгейде жаппай міндетті түрде ағылшын тілін меңгеруі мақсатымен, қайта қаралады және жаңартылатын болады.

Жетіншіден, Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету. Оның ішінде, денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту. Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге мұқтаждығына иілімді жауап беретін инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады. Одан кейін, денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық техниканы жарақтандыру, пайдалану және қалпына келтірудің тиімді жүйесін құру кешенді шараларды өткізуді көздейді. Сондай-ақ, мембағдарламасының жобасында Қазақстан Республикасында биомедицина саласының инновациялық әлеуетін ұзақ мерзімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының негізінде саланы ғылыми-техникалық дамытудың “InnovativeHealth: Vision - 2030” ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажеттігі жазылған. Бұл инновациялар мен медициналық ғылымды дамытуға бағытталған.

Жаңа құқықтық базаны қалыптастыру

Жаңа мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барасында заңнамалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету қажет болады. Әлі жоба түріндегі «Денсаулық» бағдарламасының мәтінінде бұл мәселеге де көңіл бөлінген.Мысалы, « Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу ҚР-ның кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Бұл жұмыс үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, ҚР Салық кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне және т.б өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін заңнамалық құжатты әзірлейтін жұмысшы топ құрылатын болады». Бұдан басқа, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру үшін кіші заңнамалық актілерді де әзірлейтін жұмысшы топ құрылатын көрінеді.

Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласын реттейтін жаңартылған нормативтік құқықтық база үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің негізіне және жаңа бастамаларды сәтті іске асырудың кепіліне айналады.

Қорытынды

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына негізделген. Аталған бағдарламаға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да оң бағасын беріп үлгерді. ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының аймақтық директорының Арнайы өкілі, жұқпалы аурулар бөлімі жетекшісінің орынбасары Недрет Эмироглу ханым «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына өте жақсы баға берді. «Біз Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстық. Бұл өте жақсы стратегиялық бағдарлама. Ол толығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатына сай дайындалған. Аталмыш бағдарлама Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының сапалы әрі серпінді дамуына ықпал етеді» деген еді сарапшы қазақстандық мамандармен кездесуде. Жаңа мемлекеттік бағдарлама 2016 жылдан жұмысын бастайды. Бағдарлама жобасы негізгі мәселелерді қамтыған, енді оның жүзеге асуы қандай деңгейде жүргізілетіні ойландырады. Бағдарлама мәтінінде көрсетілгендей нақты әрі жүйелі түрде орындалса, «Денсаулықтың» тиімділігіне күмән келтірмеуге болады. Алайда, барлығын уақыт көрсетеді...

Автор:
Мәдина Омарқұлова