4 сентября 2015, 10:17 | 1 067 просмотров
Медицина атасы Гиппократтың және өзінің ар-ұяты алдында ант беріп, адам ден¬саулығын сақ¬тайтын ақ халатты абзал дә¬рігердің бар¬лығы да қоғам үшін аса қым¬батты. Маңыз¬ды са¬ланың жүгін көте¬ріп жүрген жандардың әр¬қайсы¬сының ең¬бегі ерен, орны дара.
Заман ілгері озған сайын медицина, оның ішінде стоматология саласы да жетіліп келеді. Оның өзін бүгінде ортопедия, ортодантия, хирургия, терапия деп бастап, одан әрі жіктеп, жіліктеуге болады, яғни адам ағзасының күрделі бөлігі – тіске қатысты кәсіптің айналасында қаншама маман тер төгеді деген сөз. Бірі тісті емдеп, қалпына келтіреді, енді бірі қисық біткен тісті түзулеп, қатарға қосумен айналысады. Бір қарағанда, жеңіл-желпі көрінетін тіс маманы – сто¬матологтың еңбегін ағзаны құтқарушы деп атаса да, жарасады. Өйткені ауру тістің бүкіл ағзаны улайтыны белгілі. Ең алдымен асқазан зардап шегеді. Асқазан ауруға шалдықса, ас қорыту қиындайды. Одан кейінгі кезек – бауырдікі. Тіс бауырға да қатты әсер етеді. Жалпы алғанда, тіс сау болса, ағза да аурудан аман деген сөз.
«Бүгінде 32 тісі түгел адамды кездестіру қиын. Оған түрлі экологиялық жағдайлар, дұрыс тамақтанбаудың да әсері мол. Көбіне әртүрлі аурулардан кейін тісінен зардап шегетіндер де аз емес. Қазіргі күнде тіс ауруларының ішінде тіс жегісі, тіс пуль¬пасының қабынуы, парадонтоз және пародантит аурулары жиі кездеседі» - дейді, Алматы облысы Талдықорған қаласының орталық стамотологияның бас дәрігер стамотологі Қабдырахман Нұсыпақынұлы Аманбай.
Қабдырахман Нұсыпақынұлы 1951 жылы 15 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Сол ауылдың орта мектебін оқып, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, үздікпен аяқтаған. Дәрігерлерлік жолды мектепте оқып жүрген кезінен арман еткен. Арманына себепкер өзінің - оташы атасы. Ата жолын қуып, мектепті бітірісімен Алматы мемлекеттік медициналық институтқа оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнында да Қабдырахман Нұсыпақынұлы білім ордасының тыныс-тіршілігіне етене араласып, сабағын үздікпен бітіреді. Оқуын ойдағыдай бітірген маман иесі, 1979 жылы жодамамен Алматы облысы Талдықорған қаласына келеді. Міне, содан бері аттай 37 жыл.
- Қабдырахман Нұсыпақынұлы, медициналық жолды, соның ішінде стоматологияны таңдауыңызға не себеп болды?
- Бала кезден армандадым десем де болады. Маған түрткі болған кісі өзімнің атам. Атам ауылда оташы болатын. Ол кісіні көрген адамдар амандасып, алғысын жаудырып жататын. Көп кісіге көмегін аямайтын. Таңдаған жолына адал, берік болатын. Сол атама қарап менде жақсы бір сезім пайда болды. Содан осы жолды таңдадым.
- «Елу жылда-ел жаңа» дейді. Кешегі сіз білім алған кезеңмен, бүгінгі медициналық білімнің айырмашылығы қандай?
- Жер мен көктей дер едім. Кешегі біз оқыған кезеңде таза білім мен тәрбие болатын. Бүгінгі білімнен өз басым жоғары талаптың күштілігін байқаған жерім жоқ.
- Бүгінде медицина саласында алып-қашпа әңгімелер жиілеп кетті. Сыйлық жасамасаң, сені сырт тастайды деген. Бұл әңгімеге не дейсіз?
- Мұндай әңгімелерді адам өздері ойынан шығарып алады да, соны ары қарай өрбітеді. Әрбір адам менің ойымша өз ісіне адал, саналы болуы керек. Ал, емделушілер дұрыс сөйлеп, өмірге деген көзқарасын өзгертулері қажет. Қазіргі таңда адами құндылықтар қатты дамымаған. Шет елге еліктейді. Біз қанша еліктесек те, ол дәрежеге жете алмаймыз. Саналарына ұялап қалған, сыйлық, ақша берсем жақсы емдеп шығады деп. Мәселе онда емес. Біздің осы стамотологияға келген адамдардың әрбіреуінің жағдайына қарап, бағасын түсіріп, қолдан келгенінше көмек қолын созуға тырысамыз. Біз сыйлыққа емес, халықтың денінің сау болғанын қалаймыз.
- Сіздің тәжірибеңізде, шет елмен тәжірибе алмасу бар ма?
- Шет елмен тәжірибе алмасу бұйырып жатса баруға болады. Бірақ, ұжымымызда уақытылы курстық оқуларға барып тұрады. Шет ел болмаса да, өзіміздің басқа қалалармен тәжірибе алмасып отырады.
– Елбасының жыл сайынғы Жол¬дауларында адам денсау¬лы¬ғына ерек¬ше көңіл бөлінетіндігін көпшілік жақсы біледі. Ауру¬лар¬дың алдын ала¬тын медициналық аппараттар мен заманға сай қон-дырғылар бізде жеткілікті ме?
- Жеткілікті. Көш алға қарай ілгері болса, бізде содан қалыспауға тырысамыз. – Бүгін медицинада не жеткіліксіз?
- Сауаттылық.
- Көп жылдық тәжірибесі бар, білікті дәрігерлеріңіз бен жас мамандар арасындағы сабақтастық қалай?
- Өте жоғары деңгейде.
- Қабдырахман Нұсыпақынұлы, мамандыққа берік адамсыз. Бұл қасиетке кім арқау болды?
- Жоғарыда атап өткендей, атамнан бойыма дарыған қасиет. Жақсылыққа жанды құмартып, адалдыққа бой алдыртқан, ұстамдылық пен шыдамдылыққа үйреткен сол кісі.
Тіс – ас қабылдауға көмекші, тіс – күлкінің көркі, тіс – саулықтың белгісі. Тістің адам өміріндегі рөлі қай заманда болмасын маңызды болғаны баршаға аян. Егер бағзы заманда ауырған тісті жұлудан басқа амал болмаса, бүгінде оны емдеп қана қоймай, түзету арқылы оған сән де беруге болады. Мұнымен шектелмей, егер сіздің кей тістеріңіз туған кезіңізден жоқ болатын болса да қорқынышты емес, жаңа тіс салуға болады. Осындай мүмкіндіктерге қарамастан тіс дәрігерінің жұмысы азаяр емес. Өйткені бүгінде тіске қойылатын талап күшейіп кетті.
– Қазақстанның стоматология саласында қандай қиындықтар бар?
– Қиындықтар өте көп және оны түрлі қырдан қарауға болады. Біріншіден, өңірлерді сапалы стоматология аз, адамдар не сапасыз қызметке душар болады не алыстағы облыс орталықтарына баруға мәжбүр. Екіншіден, маман тапшылығын айтсақ болады, әсіресе балалардың тістерін емдейтін маман өте аз. Мүмкін бұл балалармен жұмыс істеудің қиындығынан болар... Одан кейін халықтың өз денсаулығын күтуге деген дұрыс сана-сезімінің болмауы. Біз ауруымыздың асқынғанын аяғына дейін күтіп, сосын ғана дәрігерге барамыз. Мұндай жағдайда көбіне дәрігерлер қауқарсыз болып жатады. Профилактика жасау, ауырудан әлдеқайда арзан екенін адамдар білмейді, білсе де назар аудармайды.
- Қабдырахман Нұсыпақынұлы, сіз басқарып отырған мекемеде заманауи құралдарыңыз жеткілікті ме?
- Жеткілікті. Бұрынғы заманның емес, жаңарып отырған заманның құрал-жабдықтары бар.
– Тісті қалай күту қажет? Адамдардың жіберетін қателіктері?
– Ауыз қуысын күніне екі рет тазалап тұру керек. Жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып, тісіңіз сау болса да, профилактика артық етпейді. Одан кейін жаңғақты тіспен шағу, бөтелкені тіспен ашу дегеннен мейлінше аулақ болған жөн. Суық пен жылының да тепе-теңдігін сақтаған жөн.
– Тіс ауруынан адам қайтыс болатын жағдайлар бола ма? Қаншалықты жиі?
– Тіс ауруынан адам қайтыс болуы мүмкін емес, бірақ кейбір адамдар ауруын асқындырып жібергендіктен нашар халге түсіп жатады. Оларға амбулаториялық көмек көрсетіледі. Бар-жоғы осы ғана.
–Тісті жұлу өткен заманның әдісіне айналып барады. Дегенмен, кейде тісті жұлатын жағдайлар болады? Сол жағдайды атай аласыз ба? Қандай жағдайда тіс жұлып тастайсыздар?
– Қазіргі заманауи технологиялардың арқасында тісті емдеу арқылы оны аман қалдыруға болады. Тісті жұлу өткен заман әдісі. Дегенмен кейде тісті жұлатын жағдайлар болады. Тіс жиегінің асқынуы салдарынан тіс жұлынады.
– Тіс дәрігерін қалай таңдау керек? Ең қымбаты ең сапалысы дегенді білдіре ме?
– Қай саланы алатын болсақ та, халықтың аузынан естіген жақсы пікірлерге сүйене маман таңдау керек. Қымбат болатын болса, ол тіс емханасында мамандар өте білікті болу тиіс. Себебі, жылына бір рет оқуға барады.
- Қабдырахман Нұсыпақынұлы, мекемеңізде кадр мәселесі қалай?
- Жақсы, маман тапшылығы жоқ. Мамандарымыз өз істерінің шебері. Бір үйдің адамдарындай болып, ұйып жұмыс жасайды. Демалысқа жіберсең сағынып, ерте келетіндері де бар. Уақытылы оқу оқып, заманынан қалмайды. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бір сөзбен айтар болсам, ұжымым-бір отбасы.
- Медициналық жолыңызда орын алар өкінішіңіз бар ма?
- Өкініш туралы ойлаған күнім болған емес. Бұл менің кәсібім, мамандығым. Менің қолымнан өз саламнан басқасы келеді дегенге өзімді көндіре алмаймын. Менің таңдаған жолым, өкінішке емес жақсылыққа жетеледі. Халыққа көмек қолын созуға бейімдеді. Халықтың батасына бөленгеннен асқан байлық жоқ шығар.
Әріптестер лебізі
Гүлназ Нұрмұханқызы Солтаева, дәрігер-стаматолог
- Адам ең әуелі жақсы жұмыс жасау үшін, ұжым жақсы болу керек деп ойлаймын. Мен ең алғаш оқуымды бітіріп, маман атанған бастап осы мекемедемін. Биыл бұйыртса 26 жыл. Бір орындамын. Басқа жаққа ауысып кетемін деген ой мүлдем келмепті. Бұған басты себеп, менің әріптестерім. Ұжымда бірлік болса, жұмыста береке болады. Осындай бірлік пен берекеге ұйытып ұстап отырған басшымыз Қабдырахман Нұсыпақынұлының арқасы. Бізге білмегенімізді үйретіп, ақылын айтып, мамандыққа беріктік пен адалдыққа баулып отырады. Жұмысқа қажетімізді түгендеп, кем-кетігімізді үнемі өз бақылауында ұстап отырады. Бұл кісіге ұжымымыздың атынан тек қана алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Жанар Нұрбекқызы Сейілханова, стоматолог-дәрі¬гер
- Бұл мекемеге жұмыс іс¬теу¬ге келгендер басқа жаққа ауыс¬пайды. Оның бірден-бір себебі, басшымыздың жайлы адам бол¬ғ¬андығында. Қызметкерлердің жекебас мәселесіне де түсі¬ніс¬тік¬¬пен қарайды. Алдына көмек сұрап барған адамның меселесін қай¬тарған емес. Қаражаттан қысылғандардың ем-домының құнын барынша төмендетіп, есептетіп береді. Адамшылық қасиеті жоғары жан. Сон¬дық¬тан да болар біздің ұжымда сы鬬лас¬тық қалып¬тасқан. Зейнет¬кер¬лер мен әлеуметтік жағдайы ауыр адамдар көмек сұрап бар¬са, емдеуге, тіс салғызуына же¬ңіл¬дік жасайды. Сондықтан да жас-кәрі стомотология ме¬ке¬ме¬сі жеткілікті болғанымен атал¬мыш мекемеге көптеп келуде.