4 сентября 2015, 10:13 | 1 338 просмотров
Емханадағы жағдайды елестіп көріңіз, науқас өзінің дәрігерімен кездесердің алдында анализ тапсырудың орынына дәрі жұтып үйіне қайта береді. Бұл дәрінің көлемі қарапайым витаминдер сияқты болуы мүмкін. Бірақ науқас жұтқан қарапайым дәрі емес, адам ағазасында саяхаттап керекті ақпарат жинайтын микрокомпьютер. Иа, әзірге бұл тек ғылыми фантастика сияқты, дегенмен жақын болашақта осындай құрылғылар күнделікті өміріміздің көрінісіне айналуына әбден мүмкін.
Қазақстандық zdrav.kz сайты жазғандай, американдық Proteus Digital Health компаниясы «ақылды таблетка» жүйесін жасап шығарған. Бұл құрылғы дәрігер мен науқасқа денсаулығына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы сенсор мен датчиктермен жасақталған. Адам ағзасына түскен микрокомпьютер асқазан мен ішек арқылы жүріп өтіп деректер жинайды. Құрылғы жинаған ақпаратты науқастың терісіне жабысқан қаптамаға жібереді. Бұл қаптамадағы ақпаратты тіпті смартфон арқылы оқып алуға болатын көрінеді.
Микрокомпьютер батарейканы қажет етпейді, себебі адам ағзасы құрылғыны қажетті деңгейдегі электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кесілген картоптан қуат көзін алғандай, аталған құрылғы магни мен мыс наноұштарымен жабдықталған, сол арқылы асқасан қышқылымен әрекетке түсіп электр қуатын өндіруге болады. Микрокомпьтер адам ағзасында болғанда қабылданған препазаттар есебін жүргізіп, науқастың дене қызуымен бірге жүрек соғысын қадағалай алады.
Американдық компания жасап шығарған микрокомпьютердегі технология дәрігерлерге түрлі ауруларды емдеп қана қоймай, монитринг жүргізуге көмектеседі. Жүрек қантамырлар ауруына шалдыққан науқастар микрокомпьютерді жұтып, өзінің қан қысымын және температурасын бақылай алады. Ал жүйке жүйесінің ауруына (шизофрения және Альцгеймер ауруын да есепке алғанда) шақлдыққан науқастар ағзасының өмірге маңызды көрсеткіштерін нақты уақытта қадағалауына болады. Сондай-ақ, дәрігер микрокомпьютер арқылы науқастың ішкі ағзаларының жұмысымен оңай әрі тікелей таныса алады.
Айта кетейік, Қазақстанда отандық медициналық ғылымын функцияландырудың тиімді моделі жасалуда. Бірінші кезекте медициналық ғылым мен практикалық денсаулық сақтау саласымен байланыс күшейтілмек. Жаңа инновациялық технологиялар мемлекетіміздің аймақтарында сәтті қолданылып келеді. Заманауи медициналық 400 жаңалықтың 123 аймақтарда іске асырылып келеді.
Инновациалық технологияларды енгізу және ғылыми медициналық зерттеулерді бәсекеге қабілетті ету денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жатады. Сондықтан, шетелде клиникалық сынақтардан өткеннен кейін жаңа микрокомпьютерлерді қазақстандық мамандардың қолдануы әбден мүкін.