Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жылжымалы медициналық кешеңдердің шалғайдағы ауылдарға баруы жалғасуда


21 августа 2015, 17:57 | 1 566 просмотров



«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 17 және 23 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады. Қызан, Жынғылды, Басқұдык, 3-Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар.

Осы күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қарағанды облысы Шет ауданының Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.

17 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдер Ақмола облысының Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайын аудандарына барады. Кампания облыстың медицина ұйымдарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.

19 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдердің шығуы Қостанай облысының Қарасу ауданына жоспарлануда.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.

Қазақстанда 2015 жылдың 7 айында санитарлық авиация 1412 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты.

Барлығы 1783 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1347 науқас тасымалданып, 335 кеңес берілді және 101 ота жасалды.

Тасымалданған науқастардың 65% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 25% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 6 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, осы кезеңде 14 мәрте донорлық органдар тасымалданды.

Санитарлық авиация қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі және шапшаңдығы халық арасында зор беделге ие. 2015 жылғы 10 тамызда Қазақстанда одан әрі емін жалғастыру үшін ағымдағы жылғы 19 маусымда Пекиннен Алматыға жеткізілген Нұрбала Таккулованың туыстарынан ҚР ДСӘДМ-не алғыс хат түсті.

«Барлығы жоғары кәсіби деңгейде жүргізілді және қарым қатынастары адамгершілікке, ізгілікке толы. Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және шын жүректен Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғыс білдіреміз. Біздің мемлекетіміз бұдан әрі де адамдарға көмектесуде және азаматтардың өмірін сақтауда көп жұмыс атқаратынына кәміл сенеміз», делінген хатта.