Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШЫЛЫМ – ҚОРЛЫҚ


3 сентября 2009, 18:20 | 2 211 просмотров


Дерек пен дәйек

Қазақстанда жыл сайын 24 мыңдай адам темекі шегу салдарынан көз жұмады. Еліміз тұрғындарының 28 пайызы темекі шексе. Алматы облысы бойынша бұл сан 31 пайызға жетеді, яғни күніне 1,5 миллион сигарет тартылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының деректеріне жүгінсек, әлемде әрбір 6,5 секундта бір шылымқор қайтыс болады екен, жыл сайын 5 миллиондай шылымқор өмірдан ерте озады. Соңғы уақытта шылымқорлардың өмір сүру жасы 20 жылға қысқарды. Соңғы 4-5 жылда шылым шегушілер саны ұлғайып, оның салдарынан әкпе рагі ауруына шалдыққандардың саны де күрт өсіп отыр. Егер де әлемде темекі шегу кесірінен бір сағатта 560 адам әлсе, соның үшеуі Қазақстан азаматы екен. Ойланатын жағдай.

Әлемнің қырық мемлекеті мен Еуроппалық комиссия елдері жаңадан жасалған «Темекіге қарсы конвенцияға» қол қойды. Аталмыш келсім-шарт бойынша темекі өнімдерін жарнамалауға шектеу қойылады, компаниялардың демеушілік акция ұйымдастыруына тыйым салынды және темекі қораптарында темекінің денсаулыққа зиян екенін көрсететін жазудың көлемдірек болуы талап етілді.

Енді осы іс-әрекеттерді елімізде де жүзеге тезірек асыру керек. Адам баласына ең керегі – денсаулық. Негізінде барлық нәрсе адамның өзіне, оның ерік-жігеріне байланысты. Ал мұсылман үшін жаман әдеттерден аулақ болған жен.

Автор:
Мұсылман күнтізбесі 2006-2007 ж.