Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халыққа сапалы медициналық қызмет корсету


25 июня 2015, 13:32 | 2 070 просмотров



ШЖҚ «Талғар аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ны ауданымыздағы 192032 халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 116621 ересектер, 8332 жас өспірімдер, 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар саны 61268, фертильді жастағы әйелдер саны 48676.

Аудандық аурухана науқастарды тәулік бойы стационар мен күндізгі стационар және амбулаторлық-емханалық жағдайда емдейді, сонымен қатар алдын ала тексеру жұмыстарында атқарады. Ауданда жедел медициналық жәрдем көрсететін 15 жедел медициналық жәрдем станциясы жұмыс істейді.

Аудандағы барлық медициналық мекемелер сапалы замануи медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті медициналық құрал – жабдықтармен, заттармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оған қатысқандарға кепілдік берілген тегін медициналық көмек көрсету көлемінде барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында барлық Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оған қатысқандарға 2015 жылдың сәуір айында маман дәрігерлер үйді-үйге барып 100 пайыз медициналық тексеруден өткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетті. Сонымен бірге әлеуметтік көмек көрсететін қызметкерлер, психологтар да осы шараға толығымен қатысты.

Ана мен баланы қорғау бойынша да жұмыстар ешбір назадан тыс қалмайды, кезек күттірмейтін жағдайлар күнделікті дәрігерлер конференцияларында талқыланып, дер кезінде жедел шаралар қолданылып жатады. Осының салдарынан кейінгі бірнеше жылдар бойы ауданымызда на өлімі тіркелген жоқ, сәбилер өлімі де жылдан – жылға азайып келеді. Жүкті әйелдерде кездесетін басқа да қосалқы аурулар да есепке алынып, міндетті түрде стационарлық жағдайда емделеді. Перзентхана бөлімшесі ауыр босанатын әйелдерге дер кезінде қажетті көмек көрсету мақсатында жеке жансақтау бөлмелерімен жабдықталған. Балаларда кездесетін аурулардың алдын алу мақсатында маман дәрігерлер алдын ала жасалған кестелер бойынша мектептерге, ауылдарға шығып, балаларды толық тексеруден өткізіп отырады. Тексеру барысында анықталған аурулар есепке аланып, сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта көп тараған, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, емдеу бойынша бірталай шаралар атқарылып жатыр. Атап айтқанда осы аурудың түрі бойынша көмек көрсететін барлық медицина қызметкерлері арнайы дайындықтардан өтіп, тестер тапсырып, жаттығу сабақтарынан өтті. Аталған науқастарға жедел түрде көмек көрсететін жедел медициналық жәрдем бригадалары арнай аппараттармен жабдықталып, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, көмек көрсету алгоритмдері, стандарттары барлық жерлерде бар.

Қатерлі ісік аурулары мен түберкүлез бойынша да шаралар өз кезегімен атқарылып жатады. Кейінгі жылдары түберкүлезбен аурушаңдық та азайып келеді. Халықтың белгіленген нысаналы тобы жыл сайын түберкүлездің алдын алу мақсатында міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтеді, анықталған науқастар жедел түрде есепке алынып, жанұядағы адамдар толығымен тексеруден өтеді.

Қазіргі кезде дүние жүзінде оқтын-оқтын шығып жататын өте қауіпті жұқпалар бойынша да дер кезінде жаттығу сабақтары жүргізіліп, аттестациялар өткізіліп тұрады. Осы аурулар түрі кездесе қалған жағдайға да дайындықтар бар, арнайы киімдермен, медициналық құралдармен, зарарсыздандыру дәрі-дәрмектерімен жабдықталған.

Сапалы медициналық көмек көбіне дәрігерлердің, орта медицина қызметкерлерінің біліктілік санатына, көп жылдық тәжрибесіне байланысты болады. Осы орайда біздің ауруханада қажетті тақырыптарда көптеген семинарлар, конференциялар өткізіліп тұрады, арнайы тақырыптар бойынша аттестациялар жүргізіледі. Көптеген дәрігерлеріміз халықаралық дәрежедегі семинарлар мен конференцияларға да қатысып отырады, одан алған тәжрибелерін күнделікті науқастарды емдеу барысында қолданады. Алдын ала құрылған жоспар бойынша медицина қызметкерлері біліктілік сантаттарын да жыл сайын көтеріп отырады.

Автор:
Н.Ғ. Құлсеитов, ШЖҚ «Талғар аудандық орталық ауруханасы» МҚК-ның директоры