Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қорқорға тыйым салынса да, тыйылмай тұр


25 июня 2015, 13:30 | 1 297 просмотров


Қорқор бірнеше жүз жылдар бұрын пайда болған деседі. Жалпы, қоғамда қорқордың «отаны» - Шығыс елдері деген түсінік бар. Үндістанда пайда болып, аз уақыт ішінде бүкіл шығыс елдеріне тараған екен. Ал Еуропада қорқор XIX ғасырда танымал бола бастаған көрінеді.

Ерте замандарда қорқорды бөлмелерге хош иіс беру үшін пайдаланған екен. Кейін оны тартуды адамдар әдетке айналдырған. Қорқор – салқындатылған түтінді ішке тартып, шылым шегуге арналған ыдыс. Сұйықтығы бар ыдысқа түтік салынады, іштегі түтін су деңгейінен жоғары екінші түтік арқылы шығып, адам өкпесіне өтеді.

Шетел асып, шетке көп шығатын қазақтар кальян, қазақша атауы «қорқор» тартып үйренді. Үйренгендері аз болғандай, өздерімен бірге елге ала келді. Шет ел жұртының жақсысы мен жаманын айырып жатпай «жұтқан» қазақ үшін қорқор тарту, оны кәсіпке айналдыру баюға бастайтын кәсіптей көрінді. Ешкімнің басына «ұрпақтың денсаулығын, санасын улап жатырмын» деген ой келмеді.

Қазіргі таңда мейрамханалар мен дәмханаларда темекі шегуге тыйым салынғаны белгілі. Бірақ темекінің орнына қорқор шегу сәнге айналды.

Жастар өздерінің қорқор тартып отырған суреттерін әлеуметтік желілерге жіберген, арасындаару қыздарымызда бар. Олар үшін қорқор - мақтан, абырой немесе жастарша айтқанда, «гламур». Ал осы «гламурдың» соңы неге апарып соғарын жастар білер ма екен.

Табактың қандай түрін алып қарасақ та, бәрінде жүйкені улайтын никотин болады. Никотин шегуге дағдыланған ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді.

Әдетте қорқорды бірнеше адам болып шегеді, яғни қорқордың сору түтігін бірнеше адам пайдаланады.Жарты сағат бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады екен. Оны тарту кезінде күш жұмсауға тура келетіндіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді. Хош иіске құныққан адамның құмарлығы арта түседі. Түбінде ол дертке айналады. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда, ол тазалыққа жатпайды. Сілекей арқылы таралатын гепатит, зең, туберкулез, жүрек ауруы, сияқты инфекциялық аурулардың жұғуына,дүниеге келетін баланың салмағына ықпал етеді.

Бір емес, бірнеше адам бір түтікті пайдаланатындықтан, оны «жұқпалы індеттің ордасы» деп атауға да болады.

Дәмханалар ұстайтын кәсіпкерлердің айтуынша, дәмханалардың табыстарының 20 пайызы қорқор сатудан құралатынын айтады.

Қорқорды 3-4 адам қайнатып дайындайды екен. Бұл қаншама жастың санасын, денсаулығын қорқор улап жатқанын көрсетеді.

Сол кәсіпкерлердің өз балалары бар ма? – деген сұрақ туындайды.

Әрине, өз балаларына қорқорды шеккізбесі анық. Біреудің денсаулығын, өмірін құрта отырып, тапқан қаражатты жанұясын асырауға қалай жұмсайды екен. Осы ой мені көп мазалайды. Пенденің ту сыртынанжасаған теріс қылығың, Алланың алдында тұрып жасағаның.

Бір айта кетері, қорқор шегуге бізде енді ғана тыйым салынып жатса, Еуропа мемлекеттері оның зиянды екеніне баяғыда көз жеткізген. Мысалы, ағылшындар мен француздар қоғамдық орындарда темекі мен қорқор тартуға 2007 жылы, Эстония мен Финляндияда 2008 жылдан бастап тыйым салды. Ал бізде 2013 жылдың наурызынан бастап қоғамдық орындарда қорқор шегуге шектеу қойылды. Қорқордың темекіге ұқсас түтін шығаратынын ескерген еліміздің санитарлық қызметі оны қоғамдық және көңіл көтеретін орындарда шегуге тыйым салуға ұмтылып бағуда. Десе де, осы бір зиянды әрекетке нақты тосқауыл болар пәрмен табылмай тұр.

Алайдабұлтыйымға бас имей отырғандарда жоқ емес.

Осы қойылған шектеулерге қарамастан, біздің жастарымыз қорқор тартып көңіл көтерулерін қояр емес.

Қорқор шегу тыйылмаса, қанша жастың өмірі ойран боларын кім білсін...

Сондықтан, өзім сияқты жастарға айтарым. Денсаулық - зор байлық.

Өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпағымыздыңденсаулығы туралы да ойлайық.

Тыйымды заңдық тұрғыдан бекітіп, ол толық күшіне енгенше қорқор шегіп қор болып жүрген жастар құрдымға кетіп қалмаса игі еді.

Автор:
Жаканбаева Гаухар М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің түлегі