3 сентября 2009, 18:19 | 2 240 просмотров
Адам кейде ауруды өз мінезінен де табатын көрінеді. Ғылымдар мынадай болжам айтады.
Шексіз қатты қуану – инфарктке әкеп соғады.
Үнемі қайғырып, уһілеп жүру - өкпені зақымдайды.
Ызақорлық, ашуланшақтық – бауырды ауыртады.
Қызғаншақтық, біреуді көре алмаушылық – бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді.
Жылауықтық – жүрек қабының ауруына шалдықтырады.
Шошып, үнемі үрейленіп отыру - өт жолын қабындырады.
Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болу – көк бауырдың ауруын туғызуы мүмкін.
Аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман әдет ықпал жасайды деген де тұжырым бар. Олар – ашкөздік, ызақорлық, надандық.