Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өзгерістер туралы жаңа енгізілімдер жария етілді


23 мая 2015, 23:26 | 1 380 просмотров


Парламентте Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді. Тақырып бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың атап өткеніндей, заң жоба елімізде зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Ол зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің тепе-теңдігін қам¬тамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа енгізілімдер зейнет¬ақымен қамсыздандырудың тең¬дігін сақтап қалу үшін 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құ¬рамдауышын енгізуді көздейді. «БЖЗҚ» АҚ-та ашылған шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушілер пайдасына олардың табыстарынан міндетті 5%-дық зейнетақы жарналарын аударатын қызметкерлер зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылады.

Қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткен және қатысу өтілі бес жылдан кем болмаған жағдайда шартты-жинақтаушы құрамдауышынан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы міндеттемелеріне және күтілетін өмір сүру ұзақтығына байланысты айқындалады. Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зей¬нет¬ақы тағайындау тәртібі өзгереді. Базалық зейнетақы азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналарын төлеудегі нақты өтілі) тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болған жағдайда, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға арттырылып отырады, қатысу өтілі 35 және одан көп болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 %-ына тең болады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем зейнеткерлер үшін төлемнің мөлшері базалық зейнетақының қазіргі мөлшерінен төмен болмайды. Сонымен қатар, әлеуетті құ¬рылымдардың барлық қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Олардың зейнетақы мөлшері еңбек сіңірген жылдарына және қызметтен босатылған сәттегі ақшалай қамтылымына байла¬нысты есептеледі. Сондай-ақ, қызмет өткерудің тең шарттарында әртүрлі уақыт кезеңдерінде запасқа шыға¬рыл¬ған әлеуетті құрылым зейнет-керлерінің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріндегі сәйкессіздікті жою үшін 2016 жылы бұрын тағай¬ындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне, зейнетақы ісінің материалдары бойынша қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылы, еңбек өтілі, ақшалай қамтылымы есепке қабылданып, оларды толық мөлшерге дейін жеткізу ескеріле отырып, толық емес көлемде біржолғы қайта есептеу жүзеге асырылады. Заң жобасы зейнетақымен қамтамасыз ету заңына, Салық кодексіне, «Қазақстан Респуб¬ликасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Зейнетақы жүйесін жаң¬ғыр¬тудың бірінші кезеңінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс берушінің есебінен 5 пайыздық МКЖЗ енгізілді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы әйелдерге міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүзеге асырылды.

Автор:
Сәулебек БІРЖАН. «Егемен Қазақстан».