Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Астанада Ядролық медицина бойынша І Орталық-Азиялық форумы өтуде


17 мая 2015, 20:20 | 2 150 просмотров



Мамыр айының 12-де Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Ядролық медицина бойынша І Орталық-Азиялық форумы өз жұмысын бастады.

Форум мақсаты – Орталық Азияда ядролық медицина және радиациялық технологияны қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және саладағы заманауи әзірлемелерді таныстыру.

Іс-шараға Германия, Италия, Швейцария, Нидерланды, Бельгия, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан сияқты әлемнің 23 елінен келген көрнекті ғалымдар, онкология ғылымы саласындағы мамандар мен медицина орталықтарының жетекшілері қатысуда.

Әлемдік ғалымдар мен медицина қызметкерлерінің деректеріне қарағанда, қазіргі кезде медицинада хирургиялық әдістермен емдеу және дәстүрлі медикаментоздармен бірге емделушілердің күрделі ауруларын жоғары сапалы технологияның көмегімен емдеу барысында заманауи технологияларды қолдануға, қазіргі заманғы диагностикалауға арналған ядролық медицинаның жаңа жетістіктерін пайдалануға барынша басымдық берілуде. Мәселен, ядролық медицинаны дамытуға жұмсалған 1 АҚШ доллары денсаулық сақтау саласындағы басқа да шығындарды 1,5-ден 2,5 долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Форумда талқыланған мәселелердің нәтижелері бойынша, Қазақстанда, сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі ядролық медицинаны қалыптастыру және дамытуға қатысты іс-шаралар ұсынылатын болады.