Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Теңгемен ашылған депозиттердің үлес салмағы артты


17 мая 2015, 20:09 | 1 133 просмотра



Қазақстандықтар қор жинауда төл валютамызға көбірек сенім арта бастады. ҚР Ұлттық банкінің депозит нарығындағы жағдайға қатысты есебіне сүйенсек, теңгемен ашылған депозиттердің үлес салмағы 46,7%-ды құраған. Халықтың ұлттық валютамен жинаған жалпы депозиті 1 395,4 млрд теңгеге тең.

«Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6 015,2 млрд. теңге, ұлттық валютада – 5 269,8 млрд. теңге болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 46,7%-ды құрады. Халықтың банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 4 297,9 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттер 1 395,4 млрд. теңге, шетел валютасымен депозиттер – 2 902,5 млрд. теңге болды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 32,5%-ды құрады», – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

2015 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттерінің орташа алынған мөлшерлемесі 12,7% ( 2015 жылғы қаңтарда – 11,3%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,2% (2015 жылғы қаңтарда – 8,6%) болған.

Қазақстандағы валюталық дүрбелең бәсеңдеп, теңгенің тұғыры бекіп келе жатқаны қуантады. Наурыз айында айырбастау пунктері барлығы 294 млрд. тенгенің рублі, доллары мен еуросын сатты. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 19,3%-ға төмен. Салыстыратын болсақ, ақпан айында қазақстандықтар 364,5 млрд теңгенің валютасын сатып алды. Бір жылда (2015-2014 наурыз) валюта саудасының көлемі 21,6%-ға төмендеген.

Автор:
«Түркістан»