Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елордалық кәсіпкерлер ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетуде


24 апреля 2015, 09:35 | 2 240 просмотров



АСТАНА. Елордалық бизнес қоғам кең ауқымды «Ұрпақтардың алғысы» республикалық жобасына белсене араласуда. Акцияға «Медикер» ірі медициналық компаниясы да үлес қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Шараға Ұлы Отан сағысының ардагерлері Кәрімов Жүнісбеков, Глазков Николай және Максименко Раиса қатысты. Майдангерлердің орташа жасы - 93. Қарттарға тегін тексеруден бөлек, барлық медициналық қызмет түрлері ұсынылды.

Медициналық процедуралардан кейін ардагерлерге гүлдер мен естелік сыйлықтар тарту етілді. Ардагерлер акцияны ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, тек мемлекет қамқорлығын сезініп қана қоймай, еліміздің барлық азаматтарынан да қолдау көріп жатқандарын айтты.

Еске сала кетейік, «Медикер» ЖШС 2000 жылы құрылған. Ауырған кезде ерікті түрде сақтандыру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ақылы медициналық қызметтер, дәріханалар ұйымдастырады және амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетеді. Бүгінгі күні «Медикер» ЖШС барша Қазақстан аумағында медициналық қызметтердің барлық түрін ұсынады. Шақыруларға қызмет ету бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригада, тасымалдау кезінде еріп жүретін медициналық жолсеріктер де бар, сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі, заманауи құрал-жабдықтар мен зерттеу әдістерін пайдалана отырып, профилактикалық тексерулер жүргізіліп, вакцинация жасалып, дәрімен қамтамасыз етеді.

Автор:
ҚазАқпарат