Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ардақты ардагер


24 апреля 2015, 09:23 | 2 234 просмотра



«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс- шараға байланысты Кубентай ардагерді құттықтап бардық.Мектебіміздің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Сатыбалдиева Айнұр, Тәңірбергенова Талшын, Нуркасымова Алтынай, Генжемуратова Гулзат апайлар Утетлиев Кубентай атаға өздерінің құттықтау сөзін білдірді.Отан үшін от кешкен Кубентай қартқа аздаған сыйлығын тарту етіп, үй шаруасына көмектесті.Оқушылар қарт жауынгермен сырласып,жыр шумақтарын арнады. Сталинград үшін болған соғыста мерт болған ағасы Бимұрат 1943 жылы қайтыс болды деген суық хабардан кейін, он сегіз жасар Кубентай өзі сұранып, соғысқа аттанады.Жас жауынгер отанын қорғап, «Ұлы Отан соғысы» орденімен он үш медаль алып елге мақтанышпен оралады.Ардагер қарттың өмірі мен ерлігі келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай. Кубентай атаның әрбір сөзі оқушылардың патриоттық сезімін оятты. Туған жерін қаhармандықпен қорғаған аталарымыздың өмірі ұзақ болсын.Мұндай батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды!

Автор:
А.Д. Сатыбалдиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шамалған бекеті.