Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жетісу жерінің жомарттары.


17 апреля 2015, 10:52 | 4 679 просмотров



«Атымтай жомарт секілді,Атағым жұртқа білінсе,

Кеуде бір жерді жол қылсам,Шөлең бір жерді көл қылсам»

Ақтамберді Сарыұлы

Жомарт жанның ең басты қасиеті – оның адамға деген сүйіспеншілігі мен қайырымдылығы, соның арқасында ол ел құрметіне бөленіп, халық жадында мәңгі сақталады.Қазақ елі қашанда жомарттарға бай болған.Атақтары жер жарған Атымтай жомарт пен Қасым жомарттардың даңқы жер бетінен өшпей сонау алтыншы ғасырдан бері жалғасып келеді.Ақындар мен жыраулардың өлең – жырларының өзегіне айналған Атымтай жомарттыхалық ниетті жомарт деп, туабітті қасиетке балаған,ал Қасым жомартты мүліктерін мұқтаж адамдарға іркілмей үлестіріп бергені үшін дүниелік жомарт деп бағалаған.Сол бабалардың игі істерін Жетісу жеріндегі жомарт жандар,ел қамын жеген ер- азаматтар жалғастыруда.Әрине, әркімнің жомарттық жолы әртүрлі,біреулер өз қаражатымен көптеген жұмыс орындарын ашып,адамдарға, ел-жұртқа қайырым- көмек жасаса,енді біреулер ақшаларын аямай ел қажетіне жарайтын жол,көпірне болмаса мешіт пен ғимараттар салдыруда. Соның бірі Талдықорған қаласындағы Жастар шағын ауданындағы бой көтерген төрт қабатты «Жетісу қайырымдылық мекемесі».Өкінішке орай дейміз ба, жоқ әлде қуанышқа орай дейміз бе осы ғимаратты салған жандар өздері туралы айтпауымызды,жан-жақты жария қылмауымызды өтінді.Себебін өздері түсіндірді, Ұлы Жаратушының қасиетті Құран Кәрімінде айтылған екен,«Садақаны әшкере берсеңдер жақсы, егер құпия берсеңдер тіпті де жақсы, бұл сендердің кейбір күнәләріңнің төлеуі болады».(Бақара сүресі). Құранды тыңдап, мойындау әрбір мұсылманға міндет болғандықтан орынды уәжге орынсыз дау айту қолымыздан келмеді.

Барған кезімізде «Жетісу қайырымдылық мекемесінің» ішкі және сыртқы тазалығы мен ерекше тәртібі тартымды әсер етті.Есіктен кірген бетте ұстаздар мен шәкірттердің жылы жүзбен амандасуы, өте кішіпейілділікпен жөн сұрауы әдепке айналғанын байқадық.Мекеме басшысы Манатхан Кенжеханұлына жолығып, тілдестік.

- Манатхан мырза, Жетісу өңірінің жұртшылығы осындай үлкен шаңырақтың көтерілгенін естіп үлкен қуанышқа бөленуде, мекемеңізді таныстырып,ой бөліссеңіз?

- «Алшаң – Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығының» тапсырмасымен «Жетісу қайырымдылық мекемесінің» басшылық қызметін атқарғаныма бір жылдай уақыт болды.Біраз жұмыстарды атқардық, алдыда әлі көп жұмыстар тосып тұр.Әлеуметтік хал-жағдайы төмен отбасылардан қабылдаған отыз шақты шәкірттеріміз бар.Олардың жатын орындары, күніне үш уақыт тамағы мен оқуы тегін.Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсете алатын медпунктіміз де бар.

- Балаларға не үйретіп, олармен қандай жұмыстар атқарасыздар?

- Шәкірттеріміз сабақтан тыс уақыттарында ҚМДБ бекіткен ереже бойынша жергілікті мешіттер жіберген ұстаздардан діни дәріс алады.Атап айтқанда құран әліппесін,шариат заңдарын, намаз бен дәрет шарттарын, ақида мәселелерін үйренеді.Жастарды имандылыққа баулып,бойларына көркем мінез қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы.

- Алдағы күннің жоспары туралы не айтасыз?

- Балаларды спортқа баулу мәселелерін шешу және компьютер класстарын ашсақ деген ойымыз бар.

- Сіздер атқарып жатқан қыруар шаруа көп қаражат талап ететіндігі белгілі, осы жағы қалай шешілуде?

- Көп түкірсе көл демекші көбінесе қайырымды жандардың көмегімен көп мәселелер шешілуде,қанша айтқанымен ел іші алтын бесік емес пе, ел-жұрт ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

Ой-түйін.

Жасап жатқан жақсылықтарын міндет қылмақ түгілі, айтуға, жария қылуға жасқанатын адамдардың ісіне іштей риза болып, сүйсінесің.Жаныңда жүр жақсыадам деген осы.Елдің ертеңін ойлап,ірге тасын қалап жатқан ұрпақ жанашырларына жан-жақты қолдау көрсету көптің ісі.Себебі, ел тізгініне өтірік айтпайтын,ата-анасын сыйлайтын,жаман әдет-ғұрыптардан аулақ жүретін,(арақ-шарап,зина,темекі,наша) уәдесіне берік,білімді, еліне адал, әділетті ту ғып көтерген отансүйгіш тәрбиелі ұрпақ қана ие бола алады.Ұрпақ тәрбиесі маңызды шаруа болғандықтан халық болып жұмыла кірісу керек.Соңғы кезде салт-дәстүр,әдет-ғұрып жайында көп айтылып жүр,бірақ, сол жәйттердің ислам дініне негізделетінін көп ескере бермейді.Яғни, біз бала тәрбиесі жөнінде керегімізді есігіміздің алдына келіп тұрған дінімізден алуымызға болады.Адамның рухани байлығы тек дін арқылы ғана өсетінін түсінетін уақыт жетті.Екі дүниенің бақыты имандылықта емес пе - деп облыс әкімі Амандық Батталов жаңа мешіттің салтанатты ашылу жиынында сөз сөйлеп,жастарға жанашырлық танытты. Демек, билік басшылары дінімізге осындай демеушілік танытса біз неге тізгін тартуымыз керек.

Автор:
Берден Қадір