Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстандық дәрігерлер жоқ диагноздар қояды


17 апреля 2015, 10:15 | 2 740 просмотров



Американдық маман осындай пікірде. Отбасылық медицина оқытушысы американдық маман Қазақстан және Америка денсаулық сақтау салалары туралы көзқарасын білдірді. Маманның пікірінше, екі елдің медицинасында өзіндік кемшіліктер бар. Мысалы, қазақстандық ақхалаттылар «тым көп жазады» және аты жоқ диагноздар қояды. Қашанда әлемдік стандарттарға ұмтылып, батыстықтарға еліктеуге тырысамыз. Ал сол алпауыт елдердің өзінде бірталай кемшіліктер барын біз біле бермейміз. Міне, американдық маман «біздің» және «өзінің» медицинасындағы ерекшеліктерді айтуда. Америкадағыдай медицинаға ұмтылардың алдында сол елдегі кемшіліктерді де біле жүрейік.

Майк Пандлетон Кентуки штатындағы Луисвил университетінде отбасылық медицина бойынша ұзақ жылдар бойы ұстаздық етеді. Өз Отанында ол кең практикалық біліктілігі бар ең беделді отбасылық дәрігерлердің бірі. Қазақстанға американдық маман арнайы шақыртумен келген. Үш апта бойы шетелдік дәрігер М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетінде стіденттер мен дәрігерлерге отбасылық медицина бойынша мастер-класстар өткізді.

Майка Пандлетона айтуы бойынша, Америкада емделуші дәрігер қабылдауына түсу үшін ең алдымен «отбасылық практикаға» қоңырау шалады. Бұл біздің емханалар іспеттес, тек шағын. Ол жерде бірнеше отбасылық дәрігерлер қабылдау жүргізеді, сондай-ақ штатта мейірбикелер де бар. Халықаралық норма бойынша емделуші үйінен сондай «мини-поликлиникаға» 15 минут ішінде жету керек. Алайда АҚШ-та бұл стандарттар сақталмайды, үйінен қашық болса да науқас өзі қалаған медициналық мекемеге бара алады. Яғни, емханада міндетті тіркелу деген ұғым жоқ. Алайда, дәрігер қабылдауына алдын-ала жазылған науқас қабылдаудың өзін ұзақ уақыт күтуіне тура келеді. Тіптен 12 апта күтетіндер бар.

– Шындығына келетін болсақ, бізде емделушіге дәрігер қабылдауына түсу, сіздердікінен қиынырақ. «Практиктер» сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істегенімен, дәрігерге келу үшін емделуші кем дегенде 2-3 апта күтуіне тура келеді. Егер менде ұзақ уақыт емделіп жүрген адам болса, әрине ол маған қоңырау шалып, қабылдау уақытын оған мен өзім белгілеймін. Бұл тезірек болады. Ал дәрігерге алғашқы рет сұранғандар үшін қабылдауды күту уақыты 12 аптадан асуы мүмкін. Әрине, шұғыл науқастар кезексіз қабылданады. Алайда бұл жағдайда алғашқы көмек қана көрсетіліп, толық медициналық тексеру жүргізілмейді- деп әңгімелейді Майкл.

Америкада тегін медициналық көмек жоқ. барлық медициналық қызмет тек сақтандыру арқылы жүзеге асады. Медициналық сақтандыруды қызметкер үшін жұмыс берушісі алады. Егер емделуші жұмысынан айырылса, сақтандыру оған штаттан ұсынылады. Бұндай сақтандыру бойынша науқас тек белгіленген ғана мемлекеттік емханалардан ем қабылдай алады. Мемлекеттік мекемелерде де жалпы практика дәрігері, тар шеңберлі мамандар да бар. Бірақ, Майкл Пандлетон пікірінше, ол жердегі медициналық көмек сапасы керемет емес.

– Ол жер медициналық көмек бір мәрте ғана көрсетілгендіктен дәрігерлер науқас үшін алаңдамайды-дейді американдық маман.

Жұмыс мөлшеріне келетін болсақ, американдық дәрігерлердің жүктемесі қазақстандықтардан кем емес. Мысалға, Макл Пандлетон бір күнде 30 емделушіні қабылдайды. Бір науқасқа шамамен 5-10 минут немесе бір жарым сағат жұмсалуы мүмкін. Қабылдау уақыты науқастың бірінші немесе қайта келуіне байланысты.

Америкада медициналық қызметтің бағасы арзан емес. Медициналық көмекке жүгіну емделуші қалтасын қағады. Мысалға, Майкл дәрігердің айтуынша, егер емделуші сақтандыру полисінсіз шұғыл көмекке жүгініп, оны стационарға әкеліп қарапайым ғана қан анализі, ЭКГ сияқты тексерулер, шұғыл көмек көрсететін болса бұның өзі 5000 АҚШ долларын құрайды.

Ал «гипердиагностика» мәселесімен американдық дәрігерлер де, біздікілер сияқты қателесіп тұрады. Ауру іздеп тұратын науқасқа міндетті түрде дәрігер диагноз ойлап табады. Майкл Пандлетон пікірінше, қазақстандық дәрігерлерде бұл жиірек кездеседі. Бұны кем десеңіз, американдық қазақстандық дәрігерлер жоқ диагноздар қояды. Бұндай жағдайларға, мысалға «внутричерепное давление» немесе медициналық терминология бойынша «внутричерепная гипертензия» жатқызуға болады.

–Сіздерде жоқ диагноздарды қою тенденциясы бар екен. Мысалға, сіздің екі жасар балаңыз тым белсенді: үнемі жүгіріп, айналасын шашып жүреді. Егер осы жағдайда баланы дәрігерге көрсетсеңіз оған «внутричерепная гипертензия» диагнозын қойып, тіптен ем жазып береді. Бала гиперактивті деген түсінікпен. Біздің елде баланың бұндай мінез-құлқы өз жасына лайықты деп баға береді. Немесе мінез-құлқының бұзылуы деп айтуы мүмкін. Бірақ капельницамен ем жасауға кіріспейтіні анық. Балаға қарапайым ғана назар салу қажет, ойнату, кітап оқу және т.б. Біздің медицинада «мінез-құлық бұзылуы», «дефицит внимания» деген сияқты диагноздар пайдаланылады. Қазақстандық дәрігерлер тәжірибесінде бұндайды байқамадым. «Внутричерепная гипертензия» диагнозы дәлелденбеген, кейбір тексерулер нәтижесіне ғана негізделеді. Мысалы, ЭХО результатына. Шын мәнінде бұндай диагноз мүмкін емес. Әдетте дәрігер бұл диагнозды науқаспен не істеу керектігін білмегенде қояды. «Вегетососудисті дистония» бойынша тура осындай жағдай –деп түсіндіреді Майкл.

Дәрігер диагнозына сенбеңіз!

– Мен өз көзіммен көрген жағдай, Алматыда жас әйелге тек ЭКГ результатымен жүрек ауруын қойды. Результатында кішкене ғана өзгеріс байқалды, бірақ тек бір ғана зерттеу нәтижесінде жас емделушіні «сердечник» категориясына жатқызып қойды. Шын мәнінде ол үшін жүрек аурударының ешбір қауіпі жоқ. Егер сізге бір ғана УЗИ нәтижесі бойынша «созылмалы пиелонефрит» диагнозын қойса, сенбеңіз –дейді отбасылық дәрігер.

Сондай-ақ, шетелдік маманның көзіне бірден түскен жайт –қазақстандық дәрігерлер жұмысындағы қағазбастылық. Қазақ дәрігерлері көп жазады. Американдықтың айтуы бойынша, дәрігер үшін медициналық картаны толтырудан қарағанда науқастың өзіне көбірек уақыт бөлген дұрыс.

– Өздерін науқас санайтын емделушілер кездеседі. Мысалы, бір әйел адам келіп ана жері де, мына жері де ауыратынын айтып шағымдануы мүмкін. Оны қарайды, қадағалайды, ештеңе таппайды, ал емделуші бәрібір көңілі толмайды. Шын мәнінде ол әйелде қарапйым депрессия болуы мүмкін. Емделушіні жақсырақ түсіну үшін онымен көбірек сөйлесу қажет. Ал қазақстандық дәрігерлер уақытын көбінесе қағаз толтырумен өткізеді- дейді АҚШ дәрігері.

Дегенмен шетелдік қонақ американдық денсаулық сақтау жүйесін мінсіз демейді. Жыл сайын АҚШ-та осы салаға аз ақша бөлінсе де, американдықтарды дені сау ұлт деп айта алмайсың. Бірақ олардың аурулары біздің аурулардан ерекшелінеді.

– Егер қазақстандықтар мен американдықтар немен ауыратынын салыстырсақ, аурулары әр түрлі. Кейбір аурулар бізде табылмайды, ал сіздерде олар көп. Керісінше, бізде көп кездесетін дерттер сіздің елде тіптен жоқ. Мысалға, американдық дәрігерлер депрессия және аутизм диагноздарын жиі қоса, білуімше, сіздерде мұндай диагноздар сирек кездеседі.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА