Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Атам - әжем


3 сентября 2009, 18:18 | 3 314 просмотров


Рахым Бағлан, Талдықорған қаласындағы облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған мектеп-интернаттың 8 сынып оқушысы,

республикалық «Жұлдыз-ай» фестивалінің поэзия номинациясының, «Ұлан» газеті жариалаған «Азиада-2011» шығармашылық байқауының жүлдегері.


Атам - әжем.

Атам - әжем мен үшін,

Ең үлкен және қымбат жан.

Тәрбие беріп, өсірген,

Алақанымен ңұр шашқан.

Атам етік тігеді,

Апам киім тігеді.

Іскер де шебер екі жан,

Ел алғысына бөленеді.

Атам тіккен етіктер,

Бүлінбейді, мықты екен.

Апам тіккен киімдер,

Жыртылмайды, күшті екен

Апам тіккен көрпені,

Қарасаң көзің тоймайды.

Атам тіккен етікті,

Киіп алсаң қандайды.

Екі шебер адамға,

Қызықпассың қалайша.

Қымбат жан жоқ сіздердей,

Осынау бір ғаламда.

Істеріңіз әрқашан,

Оңды болар деп сенем.

Ауырмай бұл өмірде,

Бақыт тілеп мен келем.

Сағындым ата сөзіңді,

Имандылық сақтаған.

Мешітте істеп ұзақ жыл,

Ар - намысын сатпаған.

Үйреттіңіз қазақтың,

Салт - дәстүрін, жырларын.

Ұмытпаймын әр сөздің,

Қасиетті сырларын.

Күлкі үйірген жүзіңді,

Сағынымын әжетай,

Көптеген тәлім сөзіңді,

Жадыма құю қажет қой.

Сіз жасаған құрт пен май.

Сондай дәмді қалайша.

Айран, қатық бергенде,

Қуанамын балаша.

Қазыр аңсап отырамын,

Қатық пен аппақ құртыңды.

Сонымен қатар әжетай,

Сағындым ыстық жүзіңді.

Сіздерге тілер тілегім

Қартаймашы, аман бол.

Ұзақ ғұмыр тіледім,

Жаратқаным қабыл қыл.

Анашым құтты болсын туған күнің!

Аяулы да менің асыл, анашым,

Бәрінен де сен мен үшін дарасың.

Жасқа толып бүгін міне отырсыз,

Құтты болсын туған күнің анашым!

Бақыт сыйлап, жаратқаным жар болсын,

Қуанышпен мәңгі ғұмыр бар болсын.

Тағдырыңыз әкешіммен жарасып,

Қайғы мұң мен уайымдар жоқ болсын.

Арманыңыз орындалсын аңсаған,

Сіздей ару анашыма тамсанам.

Әрқашанда ауырмай бұл өмірде,

Жасыңызға жас қосылсын сол маған.


Жан достарым

Доссыз өмір өмір ме сайраңдаған,

Доспен бірге қөңілің жайраңдаған.

Жабықсаң дәл жаныңнан табылатын,

Сендердей шыншыл досты қайдан табам.

Сағындым достарым жүздеріңді,

Алысып, ойнап - кулген кездерімді.

Аспанда ай мен жұлдыз көбейгенде,

Еске алам бірге өткізген түндерімді.

Себебі үшеумізде кешке жақын,

Қызықтаушы-ек жұлдыздардың салтанатын.

Туған жаңа айым аапақ сүттей,

Айнала күйге енеді тамсанатын.

Тарықсақ әрқашанда бірге едік,

Қуаныш, қайғыны да бірге көрдік.

Сыйласып, бір ортада еркін өсіп,

Өкпелеу, ренжуді біз білмеп едік.

Данажан ең үлкені өзің едің,

Достыққа да сенімді серік едің.

Әрқашан келбетіңе күлкі үйіріп,

Ұдайы сөзіңе де берік едің.

Мінезі ашық – жарқын Назеркежан,

Ортамызда аяулысы, асылы сен.

Ешкімге ұқсамайтын жаз көңілің,

Қасиетіңмен баурайсың өзіңе тән.

Сендер маған қымбатсыңдар, сұлусыңдар,

Ешқашан ауырмаңдар ару қыздар.

Достығымыз ұзақ болып әрқашанда.

Жүрейік бақытты боп қауырсындар.

Достарым шын жүректен тілектеспін,

Ең бастысы зор денсаулық, мол бақыт,

Шат көңілді, жас өмірді ниет еттім,

Мол махаббат, қызғалдақтай көп шабыт.


Жетім балапан.

Сап - сары үлбіреген жүнің қандай,

Бейне-бір мамық мақта жамылғандай.

Шиқ-шиқ еткен аянышты ащы даусың,

Естіледі құлағыма жылағандай.

Сипадым домалақтай бос басыңды,

Көтердің жәутеңдеген қос қасыңды.

Аялап, мен өзіңді құшқан сайын,

Қиналып жасырдың сен көз жасыңды.

Әркімге ең кымбатты ана жаны,

Көрмесе бір минуттай атпас таңы.

Айрылып асылынан жәутеңдейді,

Қайдасың анашым деп сәби жаны.

Аядым сол сәтте балапанды,

Адамдар, аялаңдар жалғыз жанды.

Анасы жоқ сәбиге қамқор болсақ,

Татулықтық белгісі осы мәңгі.


Ана

Ана деген асыл жан ғой қымбатты,

Жүрегіме жылулықпен үн қатты.

Мәпелеген, аялаған, өсірген,

Алақаны қандай ыстық жұмсақты.

Анам менің, алтын анам, ай анам,

Әлі мені жас сәбиге балаған.

Ақыл айтып, бар тәлімге үйреткен,

Ұмытпаймын сол сөздерді жан анам.

Достарымен бақытты жүрсін бақытты деп,

Бар күшіңді салдың ана мен үшін.

Мен кеткенде алыстағы мектебіме,

Солған гүлдей қалдың ана тек үнсіз.

Маматайым, бас иемін, қарыздармын мен сізге,

Ақ сүтіңді өтеу менің парыздарым деп күнде.

Ауырмашы, қартаймашы, қуанышты ғұмыр кеш,

Жаратқаным бар бақытты сізге лайым тілектес.

«Ана» деген үш әріптен құралған,

Бірақ қымбат әр адамға бір арман.

Ән де, жыр да, өзіңізге арналар,

Үш бақытын ер жеткізген жан анам.

Сағыныштан сарғайған мен жапырақтың бірімін.

Күндіз - түні сізді ойлап көзімді ілмей жүремін.

Мені ойлап жүрегінен нұр таймаған асылым,

Бақытты бол, табысты бол, көп жасаңыз анашым.


Әкетайым.

Әкетайым асқар тауым, жыр - әнім,

Ардақтасын атыңды ел тұрағың.

Қырық жастан астың міне бүгінде,

Құтты болсын айтты саған қыраның.

Мен алыстан келсем егер оқудан,

Жалықпайсың құшағыңды ашудан.

Менде кірдім ыстық жалын жүрекке,

Сағыныштан сәбилікпен қауышқан.

Сен мені құшақтайсың, аймалайсың,

Ийскелеумен жүзіме саялайсың.

Иіскеп тұрып сол сәтте маңдайымнан,

Құшақтап қоштаса алмай, қия алмайсың.

Қызметіңізді абыройлы атқарыңыз әкетай,

Жігерленіп, намыстанып күш салыңыз жасымай.

Бақыт, байлық, тілеулестер қасыңызда табылып,

Шаттық тойын сізбен бірге тойлайықшы шарықтай.

Отбасыңа ынтымақтың күн сәулесі шашсын тек

Қуаныш пен қайғыны да өзіңменен бір көрсек.

Ақ ниетпен, сәбилікпен жазған шаттық әнімді,

Қабыл алшы, әкетайым шын жүрекпен сөзімді.

Әкетайым, мен бақыт пен қуанышты көздеймін,

Сізге тағы ашық аспан, мол махаббат тілеймін.

Тағдыр қосқан анашымды сыйлап өтсең қандайды,

Бұл өмірде, нұрлы өмірде бақыт гүлі солмайды!

Автор:
Рахым Бағлан