Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Маңғыстау облысының жасөспірімдеріне қажетті көмек көрсетуде


29 марта 2015, 11:34 | 1 534 просмотра



Маңғыстау облысының жасөспірімдеріне қажетті көмек көрсетуде

Қызылшаға қарсы екпеден кейін жағымсыз құбылыстар анықталған Маңғыстау облысының барлық жасөспірімдеріне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде. 23 науқас сауықтыруға және оңалтуға Астана мен Алматыға жіберіліп, 21 жасөспірімге облыстың емдеу мекемелерінде көмек көрсетілуде. Санитарлық авиациямен 2015 жылғы 13 наурызда Алматыдағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына және Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген пациенттер сауықтыру оңалту шараларын алуда. Қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты. Олар кезең-кезеңмен ауруханадан шығарылып, 2015 жылғы 20 наурызда толықтай үйлеріне қайтарылады.

2015 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша, 21 науқасқа облыстың ауруханаларында көмек көрсетіліп жатыр. Олардың 14-і Жаңаөзен қалалық ауруханасының терапия бөлімінде, қалған жетеуі Ақтаудағы облыстық ауруханада жатыр. Барлығының жағдайы қалыпты. Ағымдағы жылғы 18 наурызда Ақтаудағы облыстық ауруханада ем алып жатқан жасөспірімдерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қарады. Бүгін ол мамандар Жаңаөзен қалалық ауруханасындағы балаларды тексереді.

Бейінді мамандардың сапарының мақсаты – ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, барлық жасөспірімдерді профилактикалық тексеру, сондай-ақ, қызылшаға қарсы қосымша иммундау мәселелері бойынша медицина қызметкерлері мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Айта кету керек, бүгінгі таңда екпе жасау инфекциялық аурулар, оның ішінде қызылшаның алдын алуда жалғыз амал боп табылады. Вакциналау жасанды иммунинетті қалыптастыруға әсер етеді. Адамда қандай да бір ауруға қарсы иммунитет болмаса, ол қатерлі асқынуларға және өлім-жітімге әкеп соғады. Қазақстанда соңғы рет қосымша иммундау шарасы 10 жыл бұрын (2005-2006 жж.) жүргізіліп, республикада қызылшамен сырқаттанушылықты күрт төмендетуге (16 мың оқиғадан 13-ке дейін) мүмкіндік берді.

Автор:
ҚР ДС ӘДМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ