Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұрпақ сүю – ұлттық маңыздағы міндет


29 марта 2015, 11:32 | 2 010 просмотров



Дерек пен дәйек

Ұрпақ сүю – ұлттық маңыздағы міндет

Наурыздың 20-да Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында ең алдымен, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру аясында ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға әйелдердің қатысуын арттыру мәселелері қаралды.

– Біздің бүгінгі ко¬миссиямыз күн тәртібіндегі мәселелерді осы аяда қарайтын болады. Әйелдердің барлық инфрақұрылымдық жобаларға белсенді қатысуы «Нұрлы жолдың» та-бысты жүзеге асуына және ел экономи¬касының ары қарай дамуына септеседі. Осы тұрғыда әйелдердің экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлінуге тиіс. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту ай¬рықша рөл атқарады. Еңбек еткісі келетін әрбір әйел жұмысқа тұрғызылуы керек! – деп міндет қойды Мемлекеттік хатшы, ко¬миссия төрағасы Г.Әбдіқалықова.

Баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Үде¬мелі индустрияландырудың жетістіктеріне қысқаша тоқтала кетті. Бірінші бесжыл¬дықта 770 жоба іске қосылған екен. Бұл зауыт-кәсіпорындар мен басқа да инфра¬құрылымдық нысандарда қазіргі кезде 63 мың адам жұмыс жасайды. Оның 18 мыңы немесе 29 пайызы – әйелдер. Жалпы ал¬ғанда, өткен жылдары отандық кәсіпорын¬дарда басшылық лауазымдарда 13,6 мың әйел жұмыс жасаған.

– Біз өз министрлігіміздің страте¬гия¬лық жоспарына арнайы бір көрсеткішті қостық. Оған сәйкес, шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде әйелдердің үлесі 2016 жылы 30 пайызға жеткізіледі. Бүгінде министрліктің қызметкерлерінің саны 1 мың 40 адам, оның 500-і, яғни 48 пайызы – әйелдер. Басшылық құрамда 2 коми¬теттің орынбасарлары, 4 департамент ди¬ректоры, департамент басшыларының 14 орынбасары және 62 басқарма басшысы – әйелдер, – деді Ә.Исекешев.

– Ел экономикасындағы әйелдердің са¬нын ұлғайту өте маңызды. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының байла¬мынша, еңбек нарығына неғұрлым көп әйел шықса, әлемдік ЖІӨ соғұрлым тезі¬рек өсе бастайды. Дүниежүзіндегі кейбір елдерде нәзік болмыс иелері экономи¬ка¬ның өсімін 30 пайызға дейін жылдамдатуға қабілетті көрінеді! – деді Мемлекеттік хатшы.

Ұлттық экономика вице-министрі, комиссия мүшесі Мәдина Әбілқасымова¬ның айтуынша, кейінгі жылдары ел эко¬номикасына әйелдердің қосатын үлесі артып келеді: «Соңғы мәліметтер бойын¬ша, қазақстандық жалпы ішкі өнімді қалыптастырудағы әйелдердің еншісі 40 пайызды құрайды. 2014 жылдың қоры¬тындысында еңбекке тартылған тұрғын¬дардың қатары 8 миллион 641 мың адамды құрады. Бұл ретте әйелдерді үлесі 48,6 пайыз болды».

Әйел азаматтар көп тартылған сала¬лар¬ға әлеуметтік сектор жатады: «Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 74 пайыздайы – әйелдер. Білім беруде – 72,5 пайыз. Ауыл шаруашылығында әйелдер қатары сәл аздау – 46 пайыз, өнеркәсіпте – шамамен 32 пайыз».

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдар аралығында барлық бағыттарды іске асыруға әйел¬дер белсенді қатысады деп күтілуде. Бағдарламаның басым бағыт¬тарының бірі – шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті қол¬дау және жеңілдікті несиелендіру.

– Өткен жылы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 200 миллиард теңге бөлінді. Сол арқылы қаржы¬лан¬дырылған 460 жобаның ішінде 72-сін әйелдер басқарып, жүзеге асы¬руда. Биылғы жылы Ұлттық қордан бизнесті жеңілдікті қаржыландыру үшін қосымша 100 миллиард теңге беру жоспарланып отыр. Бұған қоса, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халықаралық банктер жал¬пы көлемі 155 миллиард теңге кредиттік желілер ұсынатын болады, – деді М.Әбілқасымова.

Мұның сыртында Еуропалық қайта құру және даму банкімен ын¬тымақтастық аясында «Әйелдер – бизнесте» атты арнайы қолдау бағ¬дарламасы қолға алынбақ. Ол бойынша нәзік жандылар басқаратын кәсіпорындарға жалпы сомасы 41 миллион долларды құрайтын кре¬диттер ұсынылады. Бағдарлама аясында сонымен бірге кәсіпкер әйел¬дер кеңестер алып, бизнес машықтарына оқиды, жаңа технологияларды үйренеді. Азия даму банкі де Қазақ еліндегі әйелдердің белсенділігін дамытуға құштар: бұл ұйым елімізге 437 миллион доллар несие қаржы бөлген, бұл ретте оның кем дегенде 24 пайызы әйел кәсіпкерлерге арналады. Яғни нәзік болмыс иелерінің өз кәсібін ашып, нәпақа айыруына, тіпті баюына мол мүмкіндіктер ашылуда.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бес жыл ішінде 395 мың жұмыс орны, соның ішінде 85 мың тұрақты жұмыс орны құ¬рылады деп күтілуде. «Жұмыс орындарын ашу және сол саладағы гендерлік аспектілер бойынша меморгандардың есеп беруі ендірілетін болады» деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқа¬сымова.

Комиссия отырысында кеше облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының аумағын дамыту бағдарламаларындағы гендерлік қыр¬-лар талқыланды. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өңірдегі халықтың репродуктивтік денсаулығын қорғау бағытында қабылдап жатқан шаралары жеке қаралды.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқының репродуктивтік денсаулығын сақтау және нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл халық басының табиғи жолмен жақсы өсуін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда, қазақстандықтар¬дың өмір сапасын арттыру үшін қажет. Өйткені қазақ «балалы үй базар, баласыз үй мазар» деп бекер айтпаған. Ғалымдар да баласы бар отба¬сыларда әйелдердің анағұрлым бақытты әрі көңіл күйі жақсы бола¬тындығын дәлелдеген.

– Халық денсаулығы – құнды ресурс әрі экономикалық және әлеу¬меттік тұрақтылықтың бастау-көзі! – деді Гүлшара Наушақызы.

– Еліміз орнықты дамуы үшін халқымыздың дені-қарны сау болуы шарт.

– Ата заңымыздың 27-бабына сәйкес, Қазақстанда әке атану, ана және бала қорғалады, – деді комиссия мүшесі, «Ұлттық ней¬рохирур¬-гия орталығының» директорлар кеңесінің төрағасы Бексұл¬тан Тұт¬қышев. – Біз ана мен баланы қорғауда жақсы жетістіктерге жеттік, ал ерлер денсаулығын сақтау мәселесі күрделі. Бір қуантар¬лығы, біздің ко¬миссиямыздың көп жылғы қозғауы арқасында енді мемлекет әкелік проблемасын шешуге ден қоюда.

Нәтижесінде, 2014 жылы Денсаулық сақтау министрінің әрбір емханада андрологиялық кабинеттер ашу туралы бұйрығы шықты. «Қажетті бюджеті 2015 жылға бөлінгендіктен, бұл үрдіс биыл белсенді жүруге тиіс. Осы «Ерлер денсаулығы кабинеттерінде» еркеккіндікті қа¬зақстандықтардың ұрпақ сүю мүмкіндіктерін күшейту, әртүрлі жұқ¬палы сырқаттарының алдын алу және басқа да мәселелер шешімін табуға тиіс. Осылайша, бүгінде конституциялық норма жүзеге аса бас¬тады»- дейді Б.Тұтқышев.

Оның мәліметінше, Қазақстанда үйленген жігіттердің 16%-ға жуы¬ғы балалы бола алмай жүр. «4 жыл бұрын Қазақстанда бюджеттік қаржыландыру арқылы жылына небары 100 экстракорпоральды ұрық¬тандыру жасалатын. Қазір квота 750-ге жеткізілді. Егер ЭКҰ тиімділігі 30% десек, демек, биыл мемлекет есебінен 200-250 балалы, бақытты отбасы пайда болады»- деді ол.

Ал комиссияның тағы бір мүшесі, Адам ұрпағын өрбіту клини¬касының басшысы Салтанат Байқошқарова кадрлар тапшылығы мәселесін көтерді: «Әсіресе, андролог мамандар жетіспейді. Жастар мединститут бітірген соң, Астана мен Алматыда қалуға тырысады. Өйткені ауыл-аймақта мансап сатысымен жоғарылау әлеуеті шектеулі әрі ғылыми салада жетістіктерге жету қиын деп санайды». Бұған әлеу¬меттік мәселелер қосылады.

– Біз арнайы сұрастырдық. Жас дәрігерлердің алатын айлығы 50 мың теңге айналасында екен. Бұрын дәрігерлер 7 жыл оқитын, енді ол 10-11 жылға ұзарған соң, түлектер осындай айлықты азсынады, – деген С.Байқошқарова облыс басшыларын дәрігер мамандарды қам-қорлыққа алуға, жақсы жағдайлар жасауға үндеді. Сонда ол жаққа білікті дәрігерлер тартыла бастайды.

Талқылау қорытындысында Ұлттық комиссия тиісті ұсынымдар әзірлеп, мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарына жолдады.

Автор:
Айхан ШӘРІП. «Айқын».