Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұлыстың ұлы күні!


21 марта 2015, 20:51 | 984 просмотра



Ұлыстың ұлы күні!

Наурыз-жыл басы. Ұлыстың ұлы күні -күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі . Наурыз-табиғат атаулының тіріліп,өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Бүгінде халқымыз көне дәстүрді жаңғыртуда. Әр бір шаңырақта Наурыз мейрамын тойлауда ерекше көңіл бөлінетін болды. Ұлыстың ұлы күні барша қазақстандықтардың сүйікті мерекесіне айналды. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.

Ұлыстың ұлы тойы турасында зерттеу де көп, деректер де жеткілікті. Қазақтың ұлыларлары да Наурыз жайында қалам тербеген.

Абай: «Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, Наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».

Шәкәрім: «Наурыз» парсы тілі: Жаңа күн деген сөз. Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күнінің атты – Ұлыс. Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар», - деген ескі мақал.

Ахмет Байтұрсынұлы:

«Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, Хұты наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер Наурыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді.

Міржақып Дулатов:

«Жер жүзіндегі жұрттар-дың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәсе- лен, дін мейрамы ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласы-мыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жар- лы екендігі осыдан да көрі-неді. Жалпы мұсылман жұрт-тарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз.

Мағжан Жұмабаев:

«Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – Наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды. Қазақтың Жаңа жылы – жызғытұры күн мен түннің теңелген (22 наурызда) күні болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл ретте қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріп қалады».

Автор:
ЖД АҚПАРАТ