Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бастау алды


13 февраля 2015, 11:07 | 1 955 просмотров



Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылыбастауалды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын көтеруден басталды.

Шара барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған құттықтау сөзін оқып берді:

Мемлекет басшысының құттықтауында: «Қымбатты отандастар, құрметті қазақстандықтар!Бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталады.

Жыл, ең басты ортақ құндылықтарымыз - Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.

Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі.

Ассамблея жылы «Қазақстан - 2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» деп аталатын жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік.

Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы.

Бұл жыл ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ!

Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы - «Менің Елім - Мәңгілік Ел!».

Мен барлық қазақстандықтарды Ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын!

Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз, тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз!

Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы!», - делінген.

Шараның негізгі бөлігінде көрермендер назарына тарихи уақыттарға негізделген театрландырылған көріністер, жастар флеш-мобы ұсынылып әртүрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билері көрсетілді.

Осы жерде болғанБелорус соғысына қатысқан ҰОС ардагерлерін мараппаттау рәсімі де ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Облыс әкімі А.Баталов П.Ещенко, Ш.Исмаил және А.Есболатоваларға «Белоруссияны неміс-фашист басқыншыларынан азат еткеніне 70 жыл» мерекелік медальдарін тапсырды.

«Бейбітшілік пен келісмнің жол картасы» мега-жобасы аясында «20 қайырымді іс» эстафетасы іске қосылды.

Келесі кезекте Ассамблея жылысинхрон-акциясының «20 қайырымды іс» эстафетасы Ақсу ауданына тапсырылып, бұдан да басқа ағымдағы жылы басталуы тиіс «Аңсаған мамандық», «Шаңырақ», «Мың бала», «Ұлттық рух» байқаулары, конкурстары мен жобалары осы жерде өз бастауын алды. Осы орайда ағымдағы жылдың соңына дейін облыс көлемінде 80-нен астам ауқымды шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Шара барысында әр түрлі ұлт өкілдері бастау алған бүгінгі акция туралы өз ойларымен бөлісіп, Ассамблеяның толеранттылық пен өзаратүсіністік және достықты нығайтудағы рөлін атап өтті.

Бүгінгі Талдықорған қаласында болып өткен Ассамблея жылы аясындағы синхронды-акция шарасы қоғамдық келісім мен бейбітшілікті насихаттауда өзінің нақты бір ерекшелігімен көрермендердің ойында қалды.