Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында17 меморандумға қол қою рәсімі өтті


6 февраля 2015, 09:34 | 1 218 просмотров



Естеріңізде болар, Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Талдықорған қаласының әлеуметтік-мәдени көрікті ғимараттары – Достық үйі, Тіл сарайы және «Жастар» спорт кешенін аралап көрді.

Вице-премьер Б.Сапарбаев Достық үйінің ішін аралап, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, музыкалық студияда болып, өнер ұжымдарымен пікірлесті. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы биылғы Ассамблея Жылына қатысты ой қозғап, жылды табысты өткізуге тілектестігін білдірді. Сонымен қатар вице-премьер Тіл сарайы жұмысымен танысып, ол жерде орыс, ағылшын және мемлекеттік тілді оқыту кабинеттерін аралап көрді.Келесі кезекте Бердібек Машбекұлы «Жастар» спорт сарайында болып, әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдарды аралап көріп, спортпен шұғылданушылармен тілдесті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылыс жұмысымен танысты.

Емдеу-профилактикалық мекемесінің құрылысын «Астана-Құрылыс» АҚ бас жабдықтаушысы жүргізуде. Бір дәлізбен бірігіп, 4 бөліктен тұратын медицина мекемесінің құрылысы 2013 жылдың шілдесінде басталды. Мұнда болашақта травмотология, хирургия, нейрохирургия, офтальмология және эндокринология, неврология, пульмонология, терапия бөлімдері өз қызметін көрсетпек. Облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы М.Мейірбековтің сөзіне қарағанда, жаңа мекеме заманауи үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталып, кешенді жұмыстар атқару үшін мұнда білікті мамандар қызмет атқаратын болады.

«Астана-Құрылыс» АҚ директоры Б.Сандықбаевтың мәліметіне сүйенсек жобаның жалпы құны 8,3 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаржының басым бөлігі қажетті жабдықтарға жұмсалады деп күтілуде. Бүгінгі таңда монтаждау-жөндеу жұмыстарының ауқымды бөлігі аяқталды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарыМердібек Сапарбаев пен Алматы облысының әкімі А.Баталов Талдықорған қаласындағы «Инфраэнерго» зауытында жергілікті қамтуды дамыту, өңірдің өнеркәсіп әлеуетін арттыру, өндірістік жағдайды тұрақтандыру мен жұмысшылар кепілдігі, еңбек құқығын сақтауға байланысты жиын болып өтті. Кеңес жұмысы барысында облыс әкімдігі, кәсіподақ, ұлттық компаниялар менөнеркәсіп орындары арасында бірқатар меморандумдарға қол қою рәсімі жасалды.

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттарына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне тоқталды. Б.Сапарбаев өз сөзінде Елбасының тапсырмасы негізінде елімізде жергілікті қамтуды дамыту, өңірдің өнеркәсіпәлеуетін арттыру, өндірістік жағдайды тұрақтандыру мен жұмысшылар кепілдігі, еңбек құқығын сақтауға байланысты кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылып жатқандығын айтты.

-.Жолдауда көрсетілген «Батыс Европа – Батыс Қытай», Алматы – Өскемен автожолы және «Семей – Ақтоғай – Талдықорған - Алматы» жоғарывольтті желілерінің құрылысы барысында қаншама тұрақты жұмыс орындары ашылады. Осының нәтижесінде бюджетке түсетін салықтың мөлшері де артады. Бүгінгі таңда Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық деңгейі жоғары дәрежеде. Ел экономикасының дамуында өсім мен нақты нәтижелер көрсету үшін барлық мүмкіндіктербар. Мемлекет пен бизнес саласыныңбірігіп жұмыс істеуі жергілікті қамту мен отандық өнімді дамытуға үлес қосып, тұрғындардың жұмыспен қамтылу көлемінің азаюуына жол бермейді, - деп атап көрсетті Б.Сапарбаев.

Осыдан кейін облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты көмектер үшін Бердібек Машбекұлына алғысын айтты.

-.Жолдауда айтылған негізгі басымдықтарды жүзеге асыру – бұл біздің басты мақсатымыз. Осы бағытта үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектердің нәтижесінде белсенді түрде жұмыс атқарудамыз. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес өңірдің әлеуметік-экономикалық дамуына баса назар аударылып, өндірістік өсіммен тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі де қолға алынуда. Бүгінгі қол қойып отырған меморандумдар біздің кәсіпорындарға өзінің көмегін тигізіп, өнім сапасын арттыруға тың серпін береді, тұрғындар жұмыстарын сеніммен атқарып, еңбекақыларында тұрақтылықты сезінері анық, - деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан кейін 2014 жылғы индустрияландыру қорытындысы мен өңір экономикасын ары қарай дамыту туралы облыс әкімінің орынбасары С.Тұрдалиев, «Азия Электрик» АҚ Президенті В.Югай және «Келісім» қоғамдық ұйымының төрағасы Б.Аханбаевтар сөз сөйледі.

Форумның өту барысында жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгені құрайтын бірлескен 17 меморандумға қол қойылды.

Өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселесі, еңбек құқығы мен жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесі негізінде бірінші бағыт бойынша облыс әкімдігі, кәсіподақ ұйымы мен жұмыс берушілер арасында 8 меморандумға қол қойылды. Олар: «Kagazy Recycling» ЖШС, «Кнауф Гипс Капшагай»,«RG BRANDS» «Аксенгир» филиалы, «Метакон», «Инфраэнерго», «Темирбетон», «Суффле Казахстан» мен «Первый пивзавод».

Екінші бағыт жергілікті қамтуды дамыту бойынша облыс әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазахтелеком», «ҚазАвтоЖол», «Kegok»ұлттық компаниялары арасында 5 меморандумға қол қойылды.

Тағы да 4 меморандум жергілікті қамтуды дамытуда бірлесіп жұмыстар атқару үшін облыс әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы», «Kegok» ұлттық компаниялары арасында және «АСПМК-519», «Жерсу металл», «Магнетик», «Алматинские краски» отандық өнім өндірушілерімен бекітілді.

Кездесу соңында вице-премьер Б.Сапарбаев меморандумға қол қою рәсіміне қатысқандарға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осы келісімдерде белгіленген жұмыстарды атқару қажеттігін жеткізді.

Автор:
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі