Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ СЫРЫ


3 сентября 2009, 18:15 | 2 623 просмотра


Жан мен тәннің сұлулығы мен денсаулыққа қатты мен беретін жапондықтар ұзақ өмір сүргісі келетіндерге мынадай ақыл-кеңес береді:

1. Күн сайын шикілей көкөністер мен жеміс-жидектерді жел тұрған абзал. Әсіресе, ашық сары, ашық жасыл түсті көкөністерді пайдалану қажет. Мысалы: сәбіз, саумалдық (шпинат), салат жеуді әдетке айналдырыңыз. Нәтижесінде адам ағзасы қажетті дәрумендер мен микроэлименттерге зәру болмайды.

2. Адам қартайған кезде майды көбірек пайдалынғаны жөн. Әсіресе, шемішкі майы мене зайтүн ағашы жемісінің құрамында адам өмірін ұзартуға септігі тиетін құнды қышқылдар жеткілікті. Аталған майлардың күніне бір шай қасығын ішсеңіз жетіп жатыр. Сірне мен ет тағамдарын аз мөлшерде ғана пайдалану керек.

3. Сізді ренжіткен жағымсыз жаңалық ағзаның физиологиялық өміріне әсер етіп отырады. Сондықтан кез-келген нәрсе үшін күйіп-піспей, бір мезет қуана біліңіз. Ғалымдар адам ашуланған немесе қайғырған кезде ағзасы жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктен қорғайтын Т және Б клеткаларын иммундық жүйенің бөлмейтіндігін анықтаған.

4. Темекі мен арақтың зияндылығы туралы аз айтылған жоқ. Аулақ болған жөн.

5. Күнде жеңіл жаттығулар жасаумен айналысыңыз. Уақытыңыздың көп бөлігін саябақта, қала сыртында, жанға жайлы, тыныш жерлерде өткізіңіз.

6. Уақытымен ұйықтау, демалу жүректің жұмысын баяулатады, артериялық қысымды төмен түсіреді, гормональды органдардың жұмыс жүйесінен тез жазылатын көрінеді.

7. Адам ағзасын әр түрлі ауру-сырқаудан қорғайтын жүйенің жұмысына да көңіл бөліп қойыңыз. Бөлмені желдетіп қана қоймай, кей кездері өз ағзаларыңызды әбден «тондырыңыз». Себебі, ағзаңыз қай уақытта болсын кез-келген ауру қоздырғышына төтеп бере алатын болады.

8. Тамақты көп ішуден бас тартыңыз. Күндіз жеген тамағыңыздың калориясының 2000-нан аспауын қадағалаңыз. А, Е, және С дәрумендерін қосымша пайдалансаңыз, тіпті жақсы.

9. Күліп жүріңіз. Адам күлген кезде тек жақ бұлшық еттері ғана емес, сонымен қатар асқазан да жақсы жұмыс істейтін болады. Және тыныс алу органдары ашылып, дене клеткаларындағы қышқыл да көбейе түседі.

Автор:
Мұсылман күнтізбесі 2006-2007 ж.