23 января 2015, 09:47 | 1 792 просмотра
2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірегей Ақпараттық-анықтама орталығына 226 980 азамат хабарласқан, оның ішінде телефонмен қоңырау шалғандар – 197 603, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер – 21 957 құраса, е-mail, web-, wap-портал арқылы 7420 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша азаматтарға онлайн режімде толық жауап берілді.
Ақпараттық-анықтама орталығы 2011 жылдан бері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық базасында жұмыс істеп келеді. Азаматтар 1411 телефон нөміріне тегін хабарласып, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Оған республика аумағында жұмыс істейтін барлық абоненттік нөмірлер мен ұялы байланыс түрлерінен қоңырау шалуға болады.
Кеңес алумен қатар, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша келесі ретте ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі:
е-mail: info@info.mintrud.kz;
web-портал: www.info.mintrud.kz (ғаламтор арқылы);
wap-портал: wap.info.mintrud.kz (ұялы телефоннан).
Сондай-ақ, 1411 нөміріне SMS-хабарлама жіберіп, тиісті елді мекендегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға болады. Сұраным жіберілгеннен кейін ұялы телефонға көрсетілген мамандық бойынша бос жұмыс орны бар жұмыс берушілердің байланыс мәліметтері көрсетілген хабарлама келеді.
ҚР ДС ӘДМ баспасөз қызметі