Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Заң жобасы қаралды


23 января 2015, 09:46 | 1 704 просмотра



Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мүгедектер құқықтарының Конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Аталған заң жобасы ҚР Конституциясында және Қазақстан қабылдаған халықаралық келісім-шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен еркіндіктерді іске асыруда мүгедектерге басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасының негізгі міндеті мүгедектер мен тұрғындардың өзге де шағын мобильді топтары үшін қызметтер мен объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту саласында қызметтер ұсыну тетігін жетілдіру, мүгедектер үшін өмір қызметі мен қоғамға ықпалдасуда тең жағдайлар жасау болып табылады.

Қазіргі таңда Конвенцияны 151 мемлекет, оның ішінде ТМД елдерінен - Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы, Украина ратификациялады.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстандағы 627 мың мүгедекке және олардың отбасына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда қосымша кепілдіктер береді.