Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Еліміздің стоматологиялық қызметі қарқынды дамуда.


23 января 2015, 09:45 | 4 176 просмотров



Сонау кеңес заманында 1984 жылы Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесінің бойында бір қабатты ғимарат салынып, балалар стоматологиялық емханасына пайдалануға берілгенді. 2007 жылы «Балалар стоматологиялық емханасы» атын өзгертіп «Облыстық стоматологиялық емхана» деп аталды. Жетісу жерінің тұрғындарына заман талабына сай медициналық қызмет көрсету мақсатымен, Алматы облысы Әкімінің Денсаулық сақтау басқармасымен бірге «2007-2010 жылға арналған Алматы облысының стоматологиялық қызметінің дамуы туралы бағдарламасы» жасалынды.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - ауылдардың, аудандардың, қалалардың мемлекеттік стоматологялық мекемелерін қайта қалпына келтіру. Стоматологялық аурулардың алдын-алу үшін профилактикалық шаралар ұйымдастыру, облыс тұрғындарына, балаларға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету. Аудандардағы стоматологиялық кабинеттер санын арттыру және негізгі медициналық қызмет түрлерін ауруханадан амбулаториялық емханаларға ауыстыру.

Облыстық стоматологиялық емхананың басшысы Талғат Сарыбаев аталған бағдарламаның негізгі міндеттерін айтып өтті.Мектепке дейінгі облыс мекемелерінде, мектептерде стоматологялық кабинеттердің ашылуы және дамуы. Жасөспірімдерді ауыз қуысының ауруларын алдын-алуына үйрету және гигиена сабақтарын жүргізу.

Облыстық стоматологиялық емхана балалармен қатар ересек адамдарға да жоғарғы санатты медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде облыс тұрғындарына алғашқы (дәрігерге дейін) медициналық және

амбулаториялық – емханалық медициналық көмек – мынандай мамандықтар бойынша; - стоматология (терапевтік), стоматология (хирургиялық), протездеу, ортодонтия, физиотерапия – көрсетіледі.

Емханада үш бөлім бар; терапиялық, хирургиялық, және ортодонтиялық. Қосымша рентген және физиотерапиялық кабинеттер бар. Рентген кабинетінде заман талабына сай цифрлық панорамдық рентген қондырғы, визиограф орналасқан.

2005 – 2010 ж.ж. «Балаларға стоматологялық көмекті жақсарту және реформалау» мемлекеттік бағдарлмасына сәйкес Облыс әкімінің қаулысымен 2007-2009 ж.ж. арасында Талдықорған қаласы бойынша он, облыс көлемінде 150 мектепте тұрақты стоматологялық кабиетттер ашылды.Барлық кабинеттер стоматологялық материалдармен және заман талабына сай қондырғылармен жабдықталған. Міне, бұл облыстық емхананың материалдық-техникалық базасы жайындағы мәлімет.

2006 жылдың сәуірінен бері осы емхананың директоры болып істейтін Талғат Болатұлы Сырғабаевпен әңгімеміз жалпы стоматологияның қыр-сыры, Отандық стоматология бәсекелестігі жайында өрбіді.

- Талғат Болатұлы, сіздің облыс көлемінде стоматологиялық жағдайды дамыту үшін құрған емханаңыздың тұрғындарға көрсететін қызметі ақылы ма?

- 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет (ортодонтиялық көмектен басқасы) тегін көрсетіледі. Ал ересек адамдар үшін жедел-жәрдем көмектен басқасы ақылы.

- Бағдарламаңыздан байқағанамыздай облыс көлемінде 150 стоматологиялық кабинеттер ашыпсыз, олардың бүгінгі күні жай-күйі қандай, жұмыс істей ма?

- Олардың барлығы да жұмыс істеуде, келешекте қатарларын көбейту ойымызда.

- Жаңа технология жобасындағы құрал-жабдықтарыңыз жайында не айтасыз?

- Біздің емханаларымыздағы құрал-жабдықтар Америка мен Европадан жеткізілген, қолданыста өте ыңғайлы, осы уақытқа дейін бірде-бірі бұзылып көрген жоқ.

- Мекемеңіздегі дәрігерлер саны жеткілікті ме? Кадр тапшылығы сезілмей ме?

Емханада 20 – дәрігер- стоматолог, 4 – тіс дәрігері қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 11 – дәрігер-стоматолог жоғары санатты, 7 – дәрігер-стоматолог бірінші санатты, 2 – дәрігер-стоматолог екінші санатты. Орта білімді қызметкерлердің саны – 26, оның екеуі рентген-лаборант. Әзірге жеткілікті.

- Күніне неше адам қабылдаудан өтеді?

Шамамен 240-250 адам ем қабылдау процесінен өтеді.

- - Жас балалардың тісін ауыртпай емдеу үшін қандай жаңа технологиялық әдістемелер қолданасыз?

- Ауыртпайтын препараттарды тек бес-алты жастан бастап қана қолдануға болады, ал бес жастан төмен қарай тек алдандыру әдістері іске асады.

- Құрамында антибиотик бар пастаны қолданған зиянды ма?

- Ия, ондай пастаны жиі қолдануға болмайды, себебі ауыз қуысындағы микрофлораның құрамы бұзылып дисбактериоз болады.

- Тістің тасы дегеніміз не?, оны алу керек пе?

- Тіске тас дұрыс тазаламағандықтан жиналады, сондықтан таңертең және кешке тісті тазалау керек. Жылына екі рет ауырмаса да профилактикалық байқаудан өтіп, тастары болса алып тастау керек, себебі ол тістің кіреукесін (эмаль) бұзады.

- Ғасырлар бойы қалыпатасқан, тамақтан соң міндетті түрде ауызды шаю керек деген мұсылмандық қатаң қағида бар, бұл тегін емес сияқты, қандай сыр бар деп ойлайсыз?

- Тамақтан соң ауыз шаю, ауыз қуысын түрлі тамақ қалдықтарының іріп-шіруінен арылтып қана қоймай, сонымен қатар сілекей бездерінің жүмысын реттейді, яғни кариес, парадантоз сияқты түрлі аурулардың алдын-алуға ықпалын тигізеді. Демек, медициналық ғылым бұл қағиданы толығымен қолдайды.

- Білікті маман ретінде Қазақстан стоматологиясына қандай баға берер едіңіз? Бәсекеге қаншалықты қабілетті?

- Қазақстан стоматологиясы қазір көтерілу үстінде, жақында бізге қонаққа келген шетелдіктер біздің құрал- жабдықтарымызды көріп кәдімгідей таң қалып кетті. Соған қарағанда жағдайымыз жаман емес, еліміздің стоматологиялық қызметі қарқынды дамуда.

- Жетістіктеріңіз жайында аз да болса әңгімелестік, енді шешілуі тиіс проблемалар бар шығар, ол туралы не айтасыз?

- Тұрғындарға стоматологиялық көмекті ұлғайтып жақсарту үшін емхананың аумағын үлкейту немесе жетіспейтін бөлімдерге ыңғайлы ғимараттың бөлінуі керек.Сонымен қатар материалдық – техникалық базасын арттыру үшін рентген кабинетіне 3D қондырғысы, жаңа стоматологиялық қондырғылар жетіспейді.Мектептердегі стоматологиялық кабинеттердің санын көбейтіп және арнайы мамандармен тіс тазалығы кабинеттерін ашу алдағы жоспарда.

- Емханаңыздың потенциалды пациенттеріне айтарыңыз бар ма?

- Ауырмаңыздар, ол үшін тіс тазалау, ауыз қуысын күту гигиенасын бұлжытпай қатаң сақтаңыздар. Ал егер тісіңіз ауырса бізге келіңіздер, емдеуге әрқашан дайынбыз.

- Әңгімеңізге рахмет.

Автор:
Берден Қадір