Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медициналық көмек қобдишаңызда не бар?


16 января 2015, 09:57 | 1 696 просмотров



2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізілген.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына кіргендер: сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтатқыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден), зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшылар (1 дана).

Автор:
ҚР ДС ӘД МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ